Хиуа—өзбекстан республикасындағы қала. Әмудария өзенінің сол жағалауына орналасқан. Тарихы Хорезм мәде ниетімен тығыз байланысты. Зерттеушілердің болжауынша, Хиуаның негізі б.з.б. V ғасырда қаланған. IX-X ғасырларда Хорезм мемлекетінің астанасы болып, біршама гүлденді. Шыңғыс хан мен Әмір Темір заманында қиратылып, талауға түсті. Хиуаның қайта гүлденген кезеңі XVI ғасырға сәйкес келеді.