Наушабаев Нұржан—бұрынғы Қостанай облысы, Семиозер ауданында дүниеге келген. 60 жасында қайтыс болған. Жастайынан мұсылманша сауат ашқан. Қазан қаласында жеке жинақтары жарық көрген: «Манзумат қазақия» (1903), «Жұмбақ. Нұржан мен Сапарғалидың жұмбақ айтысы» (1903), «Алаш» (1910).