Жетіру—қазақ халқын құраған тайпалар бірлестігінің бірі. Шежіре бойынша, Кіші жүз құрамына енеді. Тарихшылар Жетірудың арғы тегін ежелгі түркі тайпалары (Төлеу, рамадан, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Жағалбайлы) бірлестігімен байланыстырады. Қазақ руларының тарихына қатысты зерттеу лерде Жетіру Тәуке хан кезінде осы атпен топтасқан қауымдастық деп түсіндіріледі.