БАУЫРМАЛДЫҚ – қазақтың ұлт- тық психологиясына тән имандылық қасиеттің ерекше бір көрінісі. Халқы- мыздың бауырмалдығы «бала бауыр еттен жаралған» деп, оны ерекше қастерлеп, әлпештеуден басталады. Ата текті дұрыс ажырата алу – бауыр- малдықтың бір көрінісі. Бұл «рушыл- дық» емес, өзінің шыққан тегін бі- луге деген ынтызарлық. Өз руын ғана қастерлеу, қызмет бабында қандас- тарына ғана қамқорлық жасау білімді, инабатты, зиялы адамға жараспай- ды. Кеңпейілді, ақниетті, адал жү- ректі, пәк көңілді қазақ халқының ту- мысындағы мінез-құлқына қарама- қайшы келетін «бөліну», «бөлшекте- ну» пиғылдарын уағыздайтын адам- дарда имандылық пен адамгершілік жағы жетіспей жатады. Ондайлар ел бірлігіне нұқсан келтіріп, кейде жеке- леген руларды тіпті қайғы-қасірет- ке ұшыратуы да ықтимал. Халқы- мыздың бауырмалдық секілді атам за- маннан сүйегіне сіңген асыл қасиеті
«Құран-кәрім» қағидаларымен де ұштасып жатады. Осы қасиетті кітап: ешбір адам баласы жат емес, барлық адамзат баласы бір-біріне дос, бауыр дейді. Олай болса, «Ақ, қарамыз, сарымыз – дос-бауырмыз бәріміз» – деп, халықты ру мен жүзге бөлмей, кішкентай кезден жас ұрпақты бауыр- малдық қасиетке баулуымыз қажет. Жас ұрпақ әркез «бауыр», «бауырым»,
«бауырластық» деген сөздердің мән- мағыналарын терең де жете түсінге- ні абзал. Өйткені, бауырмалдық хал- қымыз ерекше қастерлейтін құдіретті қасиет. Онсыз өмір жоқ, ол бар өмір- дің «тұздығы», жылуы мен қуаты, сә- ні мен мәні.