Балықтар

 «Ленин жалпы орта білім беру мектебі» КММ

Тақырыбы: «Балықтар»

(«Мүсіндеу» білім саласы бойынша)

Дайындаған: «Балдәурен»

шағын орталығының

тәрбиешісі

Дарбаева Айнагуль

Жанатовна

 

 

 

2018-2019 оқу жылы

 

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Балықтар»

Мақсаты: кесек ермексаздан сөзу тәсілі арқылы мүсіндеу дағдыларын жетілдіру; әртүрлі әдіс- әсілдермен балықтың сыртын безендіру; мүсіндеу дағдыларын жетілдіру;

Керекті құралдар мен материалдар:

Педагог үшін: балықтардың суреттері, дайын үлгі ретінде балықтар, ермексаздар, тақтайша, таяқша, қолорамал.

Балалар үшін:жұмыс дәптері, ермексаз,тақтайша, қолорамал.

 

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

 

 

 

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Армысың асыл күн,

Армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым.

 

 

Қызығушылық білдіреді.Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.жылы лебіздерін білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиеші балаларға балықтар туралы өлең немесе ертегі оқып береді. Оның тіршілігі, қорегі туралы мағлұмат береді. Балаларды кірпі туралы әңгімеге тартады.Тәрбиеші балаларға балықтардың дайын жасалған үлгісін көрсете отырып, оны ермексаздан мүсіндеу тәсілін көрсету.Балалар балықтардың жасалу жолдарын еске сақтап, өз беттерінше орындайды.

-Ақшыл көк түсті ермексазды жұмсартып, оның кішкене бөлігін үзіп аламыз.

-Үлкен бөлігінен домалақ жасаймыз. Созу тәсілімен пішінін жасаймыз.

-Кішкентай бөлігін төртке бөліп, цилиндр тәрізді пішіндер жасаймыз, созу арқылы жүзбеқанаттарын, құйрығын жасайды. Оларды  денесіне біріктіреміз.

-Қара түсті ермексазды домалатып, балықтың көзін, ауызын жасап, оны бас бөлігіне жабыстырамыз.

Жұмыстың орындалу реттілігін жасалу ретін түсініп болған соң, балалар өз беттерінше жұмысқа кіріседі.

Тәрбиещі балалардың жұмыстарын тексеріп, баңыт бағдар береді.

Оқу іс-әрекетінің мақсатымен, тақырыбымен танысады. 

Керекті құрал- жабдықтарды түгендейді, тексереді.

Жасалатын бұйым туралы білетін пікірлерін ортаға салады.

Ермексазбен жұмыс жасағанда сақтау керек тазалық ережелерін естеріне түсірді.

Жұмыс барысымен танысады.

Жұмыстың реттілігі бойынша бұйымды жасайды.

 

 

Рефлексиялық-түзетушілік

Педагог дайын жұмыстарды балармен талдап, бағасын береді, кемшіліктерді түзету жолын өздерінен сұрайды.

Жасаған жұмыстарын тәрбиешіге көрсетеді.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: әртүрлі әдіс-тәсілдермен балықтың сыртын безендіруді;

Игереді: балалардың бірнеше бөліктен тұратын заттарды біріктіріп мүсіндей алуды үйренеді;

Меңгереді: қатырма қағазға бедерлеу тәсілін орындауды

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *