БАЛА СӨЗІНІҢ АЛҒАШ ҚАЛЫПТАСУЫ

БАЛА СӨЗІНІҢ АЛҒАШ ҚАЛЫПТАСУЫ – баланың сөйлеуге қажетті мидағы орталығы ана құр- сағында жатқанда-ақ қалыптаса бас- тайды. Ол анасының сөйлеу реак- цияларын есту анализаторы арқылы қабылдайды да жарық дүниеге кел- геннен кейін бұл реакциялар алғаш- қы үн – іңгәлаумен жалғасады. Бұл жерде ата-анасының ана тілінде, не басқа тілде сөйлеуінің үлкен маңы- зы бар. Олар қай тілде сөйлесе бала- ның алғашқы үні де, іңгәсі де, 2-3 ай- дан кейін пайда болатын гуілдеуі де, 4-5 айдан кейін пайда болатын был- дырлауы да сол ата-анасының сөз саптауларына тікелей тәуелді.

Яғни, нәрестелік, бөбектік кезеңдер- де бала сөз реакцияларын, айнала- сындағылардың қимыл қозғалыста- рына, ым-ишараларына еліктеу ар- қылы өзіне ұялатады. Бір сөзбен айт- қанда дүниеге келген бала қай ұлт- тың өкілі болмасын ана тіліндегі сөз- дерді меңгеруде уызынан жарымаса, оның келешекте, өсе келе мәңгүрт не- месе маргинал болып қалуы ықти- мал. Кейінгі кездері тіл мәселесіне байланысты «үш тұғырлы тіл» (три единство языков) дейтін концепция(қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қа- тарынан оқыту мәселесі) сөз болып жүр. Бұл концепцияға екі тұрғыдан қарау керек. Біріншіден, кез келген балаға 5-6 жастан үш тілді қатар оқы- туға болмайды.

Бұл ғылымға қарама-қарсы түсінік. Ал, туысынан нышаны бар тілді меңгеру қабілеті байқалған балаларға арнау- лы мектептерде үш тілді қатарынан оқытуға болады. Жалпы бір кездерде Ы.Алтынсариннің жолын қуған бел- гілі орыс ағартушысы А.Васильев, кейіннен А.Байтұрсынов 5-сыныпқа дейін тек қана ана тілін оқыту қажет, өзге тілдерді араластырмау керек дей- тін болатын. Бірақ қазір заман бас- қа, ғылыми прогресс ғарыштап да- ми түсуде, жаһандану үрдісі әлем- ді жайлаған кез. Жалпы үш тұғырлы тілді қатар оқыту идеясы физиоло- гия, психология, антропология ғы- лымдарымен негізделмеген. Бірне- ше тілді қатарынан оқытуды өткен ХХ ғасырдың басында ғалымдар пікір сайысқа салған. Сонда Л.С.Вы- готскийден басқалары бірнеше тіл- ді қатарынан оқыту баланың өзінің ана тілін меңгеруге кедергі (интер- ференция) келтіреді деген еді. Ке- йіннен осы мәселеге қатысты әлемдік деңгейдегі ғалым физиолог А.А.Ух- томский (1875-1942) өзінің «доминан- та» деп аталатын теориясымен негіз- дей түсті.

Бұл теория бойынша адам миына үнемі түсіп отыратын көптеген ті- тіркендіргіштер мидың әр алабынан қозу тудырады. Сол қозулардың іші- нен біреуі басым келіп өзіне қалған шағын, әлсіз қозуларды тартып, одан сайын күшейеді. Мұның нәтижесін- де біреуі мида өктемдік жасайды, мұны Ухтомский доминанта (үстемдік етуші қозу) деп атаған. Енді қатары- нан оқылатын үш тілдің миға әсер ету жағдайына келетін болсақ, бұлар мида үш жерде қозу тудырады да қайсысы басым болса, қалған екеуін басып тастайды. 6-7 жасар бала сөй- тіп мидағы үш түрлі қозуға тап ке- леді. Қазіргі кездегі заманауи жағ- дайды ескеретін болсақ, мұнда ағыл- шын, одан соң орыс тілінің тітір- кендіргіштері мида өктемдік жасап ана тілімізді (қазақ тілін) басып тас- тауы ықтимал. Қазақша айтқанда мида «қай жеңгенің менікі» дегендей үш тілден туындайтын мидағы сөз реакциялары өзінің күшіне қарай ал- ға шығатындығы даусыз. Доминанта теориясы адамның бүкіл психикасы- на, мінез-құлқына да өктемдік жасай- ды. Мұны сол кездері И.П.Павловтың

«Мидағы қозудың өктемдік етуі» дейтін теориясы да растаған. Ғылы- ми тұрғыдан алып қарағанда осы үш тұғырлы тіл концепциясы ғылыми дәлелдігі жағынан ақсап тұр. Сон- дықтан да осы концепцияны өз ор- нымен басшылыққа алу керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *