БАЛАСАҒҰНИ ЖҮСІП (ХІ ғ.) Түркі халықтарының біразына ортақ (қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ т.б.) аса ірі ойшыл ғұлама. Оның «Құдатғу білік» деп аталатын негізгі шығарма- сы сол кездегі тәлім-тәрбиеден елес беретін тамаша туынды болып табы- лады. Бұл еңбек – дидактикалық, моральдық – этикалық сарында жа- зылған шығарма. «Құдатғу білік» – түркі сөздері. Мұның біріншісі, «Құ- датғу», «құт», «бақыт», «құтты», ал
екіншісі «сөз» – «білік», «білім», «кі- тап» деген мағынаны білдіреді. Олай болса, «Құдатғу білікті» қазақша «бі- лімді құтайтушы кітап», «бақытқа же- тудің ғылымы» деуге де болады. Кі- тап 85 тараудан, 6500 өлең жолынан тұрады. Дастан оқиғасына аз ғана топ қатысады. Автор мұндағы төрт кейіпкерді төрт қасиеттің (әділет, дәулет, парасат, қанағат) иесі етіп алады. Дастан төрт кейіпкердің арасындағы бақыт туралы сөз жарысына – диалогқа құрылған. Шы- ғарманың бұл ерекшелігі бізге айтыс жанрының тууы жайында да көпте- ген қызықты деректер береді. Кітап Қараханид мемлекетін нығайту, оның даңқын зорайту мақсатында жа- зылған.
«Құдатғу біліктің» авторы Жүсіптің туып, өсіп, тәрбие алған жері он- ша қашық емес, сол кезде қаңлы тай- пасының астанасы болған. 1069-1070 ж. жазылған. Қолжазбаның авторы жө- нінде кітап кіріспесінің 3-бетінде бы- лай делінген: «Бұл кітаптағы өлеңді жазған кісі Баласағұнда туған. Ол бұл кітапты Қашқар елінде жазып, жазу- шыға Қараханидтердің шаһы Тавғаш Арсланхан Бұғра – Текинге тарту етеді. Шаһ ақынның осы дастаны үшін оған «Хас – Хаджиб» («құпия министр») деген атақ береді.
Осыдан барып жазушының «Жүсіп хан – Хажиб» деген атағы жер жүзі- не тарап кетеді. Қолжазбаның түп нұсқасы белгісіз. Бізге оның үш кө- шірмесі жеткен. Біріншісі – 1439 ж. Герат қаласында ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена кітапханасында), екін- шісі – XII ғасырдың орта шенінде Мы- сырда араб жазуымен (Каир кітап- ханасында) XII ғасырдың аяғында жазбаша көшірілген үшінші түрі – 1914 ж. Наманган қаласынан табыл- ған. «Құдатғу білік» («Құтты кітап» немесе «Құт негізі білік»). Дастанның мазмұнын ұғыну қиынға соқпайды, ол қарапайым тілмен жазылған. Жа- зылу стилі жағынан ол араб-парсы поэзиясымен, әсіресе, Фирдоусидің атақты «Шахнамасымен» үндес. Ба- ласағұндық Жүсіптің, «Құдатғу бі- лікті» түркі тілінде жазуы, сөйтіп, оның өз ана тілін аса қадір тұтып,құрметтеуі ерекше атап өтуді қажет ететін жайт. Автор билеу жүйесін тәртіпке түсіру, елдің бейбіт өмір сүруі жөнінде қам жеу – бұл бәрінен бұрын халық игілігі үшін қызмет ету деп дұрыс тұжырымдайды. «Семсер мемлекетті ұлғайтып, оның билеуші- сі алдында бас июшілерді көбейтсе, қалам мемлекетті нығайтып, оның билеу жүйесін ретке келтіреді, яғни мемлекеттік аппараттың қызметі ат- қа мінген мың сан нөкерден кем түс- пейді», дейді Баласағұндық Жүсіп.
Дастанның оқырман көңілін ерекше аударатын тағы бір ерекшелігі – мұн- да адам психологиясының түрлі жақ- тарын көрсететін қызғылықты де- ректердің (кісінің көңіл күйі, қайғы- қасіреті, қуаныш-сүйініші т.б.) мол- дығы. Мәселен, автор бұл жерде жан- ға шипа тек тәуіптің дәрісі ғана емес, қасындағы жора-жолдас, көрші-қон- сың, құрбы-құрдасың, әріректе бұған әлеумет пен қоғамның да әсері тиіп отыратындығын айтады. «Құдатғу біліктің» енді бір көңіл аударарлық жері – мұнда сол кездегі ғылым са- лаларынан біраз мағлұмат берілетін- дігі. Бұл жөнінде кеңес тюркологі А.Валитова былай дейді: «Құдатғу білік» авторының медициналық әде- биеттерден мол хабары барлығы бай- қалады. Ол, әсіресе, ибн Сина мен Орта Азияның басқа да көптеген ға- лымдарының, дәрігерлерінің ғылы- ми қағидаларымен жете таныс бол- ған. Мәселен, дастанда дүниені құ- райтын төрт түрлі элемент жайлы, адам темпераменттері туралы, ден- саулық сақтау жөнінде, ауру, сыр- қаттану және оның себептері, бұ- лардың адамның жас ерекшелігіне, ауа райына тәуелділігі, тамақтанудың гигиенасы, ауру адамды ем- деудің тәсілдері т.б. мәселелер әр қырынан сөз болған. Аталмыш дас- таннан адамдарды тәрбиелеу мем- лекеттің негізгі міндеттерінің бірі, зұлымдық-әлеуметтік ауру, оны тәр- бие арқылы жоюға болады, адамдар- дың қылықтары мен қасиеттерін же- тілдіре берсе, қоғамды да, мемлекет- ті де жақсартуға болады дейтін белгі- лі идея аңғарылады.
Баласағұндық Жүсіптің философия- лық қисынын сөз еткенде ежелгі грек- тер мен әл-Фараби, ибн-Синалар ілі- міне теориялық арқау болған бүкіл әлемдік үйлесімдік теориясы еріксіз еске түседі. Әлем төрт түрлі элемент- тен (жер, су, ауа, от) құралған, бұлар- дың пропорциясы дүниедегі заттар- ды бір-бірімен үйлестіріп тұрады дей- тін концепцияға ұқсас жайттарды осы дастаннан да көптеп кездестіру- ге болады. Автордың түсінігінше, осы айтылған үйлесімділік қоғам- дық – әлеуметтік жағдайлардан да орын алады. Мәселен, ел билеуші- ден әділет, дәулет, қанағат, парасат сияқты төрт қасиет түгел табылса, он- да мұндай басшысы бар елдің қойы- ның үстіне боз торғай жұмыртқалай- ды. Осы төрт қасиеттің бір-бірімен тығыз байланысып жатқаны абзал. Мәселен, ел билеушісінің халыққа әділдігі тек барша жұртты ғана ба- қытқа жеткізбейді, ол, сонымен бір- ге патшаның өзін де бақытты етеді, өйткені осы ісімен ол атын бүкіл әлемге жаяды, халықты бақытқа бө- лейді. Білім мен ақыл әділеттілікке қосақтаса жүруі тиіс, бұларсыз әділ заң шығаруға болмайды. Ақыл адам- ның қанағатын да реттеп отырады. Мәселен, адамның азға қанағат етуі,
тағдырға бой ұсынуы, жаман жолға түспеуі – барлығы да ақылдың ар- қасы деп, тұжырымдайды Жүсіп өз философиясын.
«Құдатғу білікте» жоғарыда ескерт- кеніміздей дәуір тілімен айтылған ғибратты сөздер көп. Мұнда бүгінгі күн талабына қайшы келмейтін әртүрлі әлеуметтік, философиялық, этикалық, эстетикалық, тарихи, гео- графиялық, педагогикалық, психоло- гиялық деректер де аз емес. Дастан лингвистикалық тұрғыдан біршама зерттелген деуге болады. Ал басқа ғылымдар тарапынан жүргізілген зерттеулер әзірге бізге мәлім емес.
«Құдатғу біліктің» он бес тарауы түгелдей дерлік моральдық, психо- логиялық мәселелерді әр қырынан сөз етеді. Бұлардың бірінде адамға білім мен ғылымның не үшін қажет екендігі айтылса, енді бір тарауларда бақытқа жетудің жолдары, адамның жақсы-жаман қылықтары сөз бола- ды. Мұнда сондай-ақ сөз өнері, ше- шендік қасиет дәріптеледі, ел би- леушілер мен әкімдерге қажетті си- паттар әртүрлі әлеуметтік топтардың бір-бірінен айырмашылықтары (ақын- дар, дін иелері, уәзірлер, шаруалар, саудагерлер, ғалымдар, диқаншылар, көпестер, қол өнершілер т.б.) жайлы сөз қозғалады. Дастанның 52-тарауын- да жанұяда ұл мен қызды қалай тәр- биелеу керек, оларды оқытудың жол- дары, бала тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі тағы осындай мәселелер сол за- ман тұрғысынан сөйленеді.
«Құдатғу біліктегі» ел басшылары- ның әлеуметтік – психологиялық ерек- шеліктері, адамдардың жақсы-жаман қасиеттері, білім мен ғылымның ма- ңызы туралы айтылған пікірлер педагогикалық және психологиялық тұр- ғыдан оқырман назарын өзіне ауда- рады. «Құдатғу біліктің» 29-30 та- рауларында X-XII ғасырлардағы Қараханид мемлекетінің ел билеген басшылары мен ізгі жақсылары ту- ралы сөз болады. Автор бұларды жұрт- қа идеал етіп ұсынады, оларға елік- теп үлгі-өнеге алу қажеттігін айтады. Баласағұндық Жүсіп басшы атаулы- ға тиянақты білім, мол тәжірибе қа- жет дейді. («Ақылмен іс қылған бек елге сүйкімді болады», «Халқының ауыртпалығын олармен бірге көтер- ген адам – басшының төресі», «Жақ- сы қызметкер төменнен төрге бара- ды»). Автордың ойынша, әрбір бас- тық жан-жақты, әмбебап білімді, ақыл-ойы ерекше жетілген, білгір адам («Ақылдылықпен ел биле, бі- лімділікпен жұртты аузыңа қарат»,
«Ел ағасының мінез-құлқы жайсаң, сезімтал болсын», «Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады», «Бастық әр кез өзінің көзі мен құлағын айна- ласына тігіп отыруы тиіс», «Бегің ра- қымды, қарапайым, әділ болса, ерге де, елге де ең жоғары бақыт сол бо- лады»). Бастық айналасындағы адам- дарды бес саусағындай біліп отыруы тиіс. Ол қарамағындағылардың пси- хологиясын сыртқы келбетінен де, іш- кі жан дүниесінен де аңғара алатын- дай болсын. Ол жұрттың жақсы-жа- ман қылықтарын әділ бағалап, қате- лігі үшін жаза беріп отыруы тиіс. («Егер қарамағындағы кісі қателес- се, оны шақыртып алып, не себептен қателескенін сұра»). Ел басы, халық ағасы табанды да, қайсар, ерік-жігері күшті адам болғаны абзал. («Ол қа- бандай қайсар, сауысқандай сақ, қар- лығаштай қырағы болсын»). Бастық
билеу, шаруашылықты ұйымдас- тыру туралы ғылымның негіздерін жақсы білуі қажет. («Халықты дұрыс басқару үшін басқару ғылымын мең- гермей болмайды»). Бұған қоса ол адал, шыншыл, халыққа қиянат ет- пейтін, жан-жақты қабілетті адам болуы қажет. («Ел билеушіге жетпіс өнер де аз»). Бір сөзбен айтқанда, ел ағасы көпті көрген, ысылған, са- лауатты, тәжірибелі, өмірдің ащы- тұщысын өз басынан кешірген кісі болуы тиіс. Басшының білімі, көрген- білгені қаншама мол болғанымен ол жұртқа қатал, жағымпаз болып келсе, қоғамды қырсыққа ұшырата- ды, айналасындағылардың қолын жақсылыққа жеткізбейді, олардың бақытсыз болып қалуына да себепші болады. Жақсы бастыққа істің мән- жайын білетін жақсы жәрдемші, ақылгөй кеңесші қажет. Мұндай жағдайда оның ісі жанып, ол өз хал- қына, қоғамына көп пайда тигізеді. Дастанның авторы ел билеушілердің ең негізгі міндеті – халқына адал қызмет ету, сонда ғана ол олардан сүйіспеншілік, қадір-құрмет күте алады деп, өз ойын тұжырымдайды. Дастанда көтерілген екінші бір мәселе – адамның мінез құлқы, оның қоғамдағы орны туралы жайттар. Адам – бұл дүниеге қонақ, оның өмірі-өткінші, сондықтан ол артына жақсы сөзі мен нәтижелі ісін қалды- рып отыруы қажет. Дастанның, әсі- ресе тәлім-тәрбие мәселелеріне бай- ланысты тараулары өзбек, ұйғыр, түп нұсқаларына қарағанда өте сәтті шық- қан. Баласағұндық Жүсіп адамды моральдық жағынан тәрбиелеуде ақыл-ойға ерекше мән береді. Ол ақылдылықты адамның адам болуының, адамгершілік жағынан жеті- луінің бірден-бір негізі, ақылдың кө- мегінсіз бұл дүниеде ешбір нәрсе шешілмейді деп түйіндейді. («Адам- ға оның ақылы ғана дос», «Парасат – қараңғыдағы шырақ», «Ақыл пара- сатқа еш нәрсе теңелмейді, одан ас- қан мәртебелілік жоқ», «Ақылсыз адамның жануардан айырмасы аз»,
«Біліктілік пен ақылдылық төбеңді көкке жеткізеді»). Адам әр кез орағы- та ойлап, ақылдылықпен әрекет етсе ғана көздеген мақсатына жетеді. Ақылды адамдардың сөзі әрі көрікті, әрі сүйкімді. Ойлауы мен сөйлеуі қа- тар жетілген, терең ойлап, көрікті сөйлейтін адам ғана жан-жақты же- тілген адам. Мұндай адам айнала- сындағылардың алдында құрметке бөленеді.
Жүсіп дұрыстап сөйлей алуды адам- ның негізгі қасиеттерінің бірі деп сипаттайды. Оның ойынша, шешен- дік қабілет екінің бірінен кездесе бер- мейтін қасиет. Ол сөйлеу өнерін кө- зі мәңгі бітелмейтін бұлақпен теңей- ді. Автордың ұғымынша, тіл адамды көкке көтереді, сол арқылы кісі ба- қытқа жетеді, сондай-ақ, адам өз ті- лінен жаза да тартады. Екінші бір сөзбен айтқанда, «Аңдамай сөйлесең, ауырмай өлесің», «Аз сөйлесең де аңдап сөйле», дейді автор. Адам екі нәрседен қартаймайды: бірі оның – ізгі ісі, екіншісі – ізгі сөзі. Олай бол- са, әркез жақсы қылықпен қатар жақ- сы сөзің болсын, бұл екі қасиетің бір-бірімен байланысып жатсын. («Жақсы болғың келсе, жаман сөз айтпа», «Он мың сөздің түйінін он сөзбен шеш», «Өлмей өмір сүре бергің келсе, артыңа жақсы іс пен дана сөз қалдыр»). Дастанның авторы кей жағдайларда осыған орай қызықты психофизиологиялық тұжырымдар да жасағысы келеді. Мәселен, ол
«Адамның сәні бетінде, бетінің сәні көзінде» деу арқылы жақсы қылық пен жақсы сөздің адамдардың бет пішінінен, мәнерлі қозғалысынан байқалып отыратындығын дұрыс көрсетеді.
Сана-сезімі жақсы жетілген адам ғана өмірдің сан түрлі құбылыстарын таразыға салып, оның ағымына төтеп бере алады. Ол көрсеқызар, желікпе емес, жақсыдан үйренеді, жаманнан жиренеді, антына адал, уәдесіне бе- рік адамды ғана ер кісі деуге болады. Ер адамға, сондай-ақ, бейбастық, өсек-аяң айту да жараспайды. Тек байсалды, сабырлы, қайырымды адам ғана көздеген мақсатына жетіп отырады. Бір сөзбен айтқанда, жақсы адам – өзіндік ойы, өзіндік мақсаты, өзіндік бағыты бар, кез келгеннің же- тегіне еріп кетпейтін адам. («Сал- қынқандылық, тұрақтылық, мінезді- лік – адамға ауадай қажет», «Қайда жүрсең де өзіңді тізгіндеп ұста»,
«Адам болу үшін ерлікпен қатар ақ көңілділік те керек», «Байсалдылық – ізгі қасиет»). Жүсіп адамның осындай жақсы қасиеттерін тізбектей келе, жұртты жаман мінез, жат қылықтан жирендіреді. («Сараңның жұрт түгіл өзіне-өзінің де дәрмені жетпейді»,
«Топасқа қылығы да қырсық болып жабысады», «Ұятсыздан үйдей пәле шығады»). Жүсіптің адамның кейбір жаман әдеттері мен қылықтары ту- ралы айтқан пікірлері бүгінгі күн тұр- ғысынан қарағанда да ерекше көңіл аударарлықтай. Мәселен, Жүсіптің айтуынша адамға, мына секілді қы- лықтар опа бермейді: өтірік айтып,дандайсу; ішкілікке салыну, оған құ- мартып, әуестену; күншілдік, бас- араздық, бұзық жолға түсу; босқа кү- йіп-пісіп, ашушаң болу, адамның өзін- өзі ұстай алмауы.
Адамдардың осы секілді кесапатты теріс қылықтарынан басқа да түрлі жа- ман қасиеттері толып жатыр. Ақыл- ды адам бұлардың бірде-бірін бойы- на дарытпау үшін қам жейді, өйткені онда бұған толық мүмкіндік бар, деп тұжырымдайды автор. Менмендік те, жағымпаздық та – өте жаман қасиет. Адам деген ардақты атқа түлкідей қулық та, қасқырдай қатыгездік те үйлеспейді. Дастанның авторы адам- ның жақсы шынайы сезімдері тура- лы айта келіп, жол-жөнекей бұларды бойға дарыту жайында да ақыл-кеңес- тер береді. Мәселен, адамға ызақор- лық, жанұшыратындай жағдайға тү- су – жаман қасиет. Мұндайда адам кейде өзіне-өзі жем болады, аянышты халге түседі. («Кімде-кім ашу үстінде әрекет етсе, кейін сонысынан опық жейді», «Адамға долылық пен ашу, жанұшыру абырой әпермейді»). Ав- тордың мұндағы айтпақшы ойы мы- нау: адам өзінің ақыл-парасатымен қатар сезім дүниесін де билеп-төстеуі керек, яғни ол өз көңіл күйінің де қожасы болсын, солғын, қораш сезімді адам – бұл әлде де болса тәрбиесі же- тіспеген адам. («Жан-ұшырушылық
– топас адамның белгісі», «Ашу шақы- ру ақылға нұқсан келтіреді», «Ақыл- дылық ашумен бірге жүрмейді»). Ав- тор осындай кемшіліктерден адам өзі ғана жай жапа шекпей, төңірегінің алдында да айыпты болып санала- ды, – деп түйіндейді.
Барша жұртқа ғылым – білімнің мән- мәнісін насихаттау Жүсіп дастанында көтерілген ең басты мәселелердің бірі. Бұл идеяны ол өз кітабының барлық тарауларына негізгі арқау етіп алған. Автор білімнің адам өмі- ріндегі маңызын баса айтып, тебірене жырлайды. Ол еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін білім алуға ша- қырады. Бұл жерде оның жұртқа айтайын деген ойының желісі мынау: білімді болсаң ғана ақылды боласың, ал ақылдылықпен дүниенің сырын ашасың, мақсат-мұратқа жетесің. Білімді болу – бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Білімсіз адам – надан, топас, білімділіктен ақыл шығады. Кімде ақыл болса, соның мерейі үс- тем, жоғары. Надан, білімсіз адамға айналасының барлығы күңгірт, бұ- лыңғыр, тұман. Мұндайлардың өзіне деген дұрыс сенімі де, асыл мұраты да болып жарымайды. («Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шыға- ды», «Білімсіз адам – көр соқыр»,
«Білім – бұл қолдағы шырақ»). Автор адамның санасын түбі жоқ теңізге теңесе, білімді теңіз түбіндегі інжу, маржан, гауһар тастарға теңейді. Білім адамға оңайлықпен түспейді, оны меңгеру үшін көл-көсір, өлшеусіз әрекет ету керек. Ғылым – білімге түгелдей берілген адам ғана өзінің ойлаған ойына жете алады. Білімнің керек емес жері жоқ. Ол – саған тоң- ғанда киім, ашыққанда тамақ, әлсі- регенде қуат. Білімнің де білімі бар, жаттап алған құрғақ білімнен пайда аз. Адамды адам ететін, оның өмір сүруін жетілдіретін, тәжірибемен байланысқан білім ғана білім болып саналады. («Білімдіден шыққан сөз – дүниені нұрға бөлейді», «Білім ақыл- мен ұштаспаса, төңірегің қараңғыла- на түседі»).Нағыз білім – бұл өлшеусіз байлық. Білімді адамды ақшасы болмаса да жарлы деуге болмайды. Білімді сенен ешкім ұрлай алмайды, алғанмен оны бойына сіңіре алмайды. Білім – сенің серігің, өмірлік жолдасың. Адам өзі- нің барлық керегін, ой-арманын, та- лап-тілегін тек білім арқылы ғана қанағаттандыра алады. «Өзіңе керекті тамақты да, киімді де білімнен ала- сың». «Кімде білім мол болса, сол жұрт- қа әмірін дұрыс жүргізе алады», «Бі- лімсіз еш нәрсе ашылмайды». Білімді болсаң ғана қоғамнан лайықты орын аласың, атың шартарапқа жайылады. Білімдіге қашан да төрден орын тие- ді. («Білімді босаға жақта отырғанмен біртіндеп төрге шығады»). Білімділік әр кез адамгершілік қылықпен нұрла- нып тұруы тиіс. Сөйтіп, дастанның авторы, сайып келгенде, адамның бо- йындағы барлық ізгі қасиеттерді бі- ліммен байланыстырып, жақсы адам болу үшін алдымен тиянақты білім алып, ғылым негіздерін меңгеру қа- жет, деп тұжырым жасайды.
Әрине, Жүсіптің осы іспеттес пікір- лерінен адамды тек жалаң ағарту- шылық жолмен ғана моральдық жа- ғынан жетілдіруге болады дейтін сы- ңар жақ уағызды аңғаруға болады. Автордың жұртқа айтып отырған ақыл-кеңестері көбінде бұқара ха- лықтың психологиясын дәріптейді. Сөйтіп, Баласағұндық Жүсіп әлемдегі зұлымдық атаулыны сол заман ту- дырған мерездерден емес, сол қоғам- дағы тоғышар басшылардың іс-әре- кетінен ағартушылық идеяны на- сихаттайды. «Құдатғу білікте» пси- хология, педагогика, әдептану, оқу- тәрбие мәселелеріне қатысты сан қилы мәселе көтерілген. Тағы да ескертеріміз «Құдатғу білікті» қазіргі Орталық Азиядағы түркі тілдес ха- лықтардың қай-қайсысының болса да жеке меншігіне жатқызуға бол- майды, өйткені ол – осынау халық- тардың ортақ мұрасы. Бірақ ол қазақ халқының рухани мұрасына да қаты- сы бар аса құнды дүние.