БАЙҚАҒЫШТЫҚ

БАЙҚАҒЫШТЫҚ – адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Байқағыштық- кез келген уақытта көзге ілінбейтін, ілінсе де оған көбінесе мән беріл- мейтін нәрселерге ерекше зейін қою- шылық. Мәселен, бүркіт пен тазы- ның арасындағы шайқастың ұсақ- түйектерін тек жақсы аңшы ғана бай- қай алады. Осы суретті А.Құнанбаев

«Қан сонарда бүркітші аңға» деген өлеңінде жақсы көрсеткен: «Біреуі көк, біреуі – жер тағысы, Адам үшін батысып қызыл қанға, Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл, Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға» – «қар аппақ»,«бүркіт қара», «түлкі қызыл» деген тіркестерде кез келген адамға байқала бермейтін көріністер сөз болып отыр. Мұндай сөздерді осы нәрсені өте же- тік білетін адам ғана айта алады. Бай- қағыштық жаңа фактілерді білуге құмарлықты, олардың егжей-тегже- йін білуді, адамның әрдайым қабыл- дауға даярлығын тілейді.

Сонымен қатар жіті көру мен қалт- қысыз естуді, бір зат пен екінші зат- тың байланысын аңғара білуді қа- жет етеді. Байқағыштық қасиет – адамның өмір сүрген ортасына, ал- ған тәлім-тәрбиесіне, мамандығына, айналысқан кәсібіне байланысты. Осы айтылғанды да көптеген фактілер дәлелдейді. Мәселен, Австралияның абориген тайпасының балалары шөл даладағы мың сан «белгілерді» қате- сіз оқи алады, құмға түскен ізге қа- рап, көптеген «құпия сырларды» аша- ды. Олар қандай құстың ізі суатқа келетінін, кенгурудың тырнағы тиіп, аударылып түскен жалпақ тастың жерге қарап жатқан бетінің аз-маз өз- гергенін, ізге қарап адамның оң иы- ғында ауыр заттың барлығын, бойы- ның ұзындығын, денесінің салмағын табады. Байқағыштық – өмірдің әр саласы үшін өте қажетті қасиет. Бай- қағыштық әсіресе ғылыми жұмыста, мұғалімдік қызметте, ақын-жазушы- ның өмірінде ерекше орын алады. Қабылдаудың кейбір түрлері (көру, есту, қозғалыс, сипай сезу) түйсік- тердің түрлеріне қарағанда күрделі болады. Демек, қабылдауда бірнеше анализаторлар бірлесіп жұмыс істей- ді. Мәселен, қозғалыс анализаторы- ның қабылдаудың барлық түрінде де кездесетіндігі біздің осы айтқаны- мызға дәлел бола алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *