БАЗАР ЖЫРАУ (1842-1911). Бұрынғы Сырдария облысы, Қазалы уе- зі, Көшербай болысының 6-ауылын- да (қазіргі Қызылорда облысы, Қармақ- шы ауданы, Ленин ауыл кеңесі) ке- дей отбасында дүниеге келген. Есін білгеннен бастап он алты жасқа шейін байдың қойын бағады. Бозбала шағынан бастап бар ықласын, талап- тілеген ақындық өнер жолына ба- ғыштайды. Бұқара халықтың мұң- мұқтажын көксеп жырлағаны үшін үстем тап өкілдерінің қудалауына ұшы- райды. Қазалы мен Үргеніштің түр- мелеріне де түседі. Өзі тұстас әйгілі сөз зергерлерінің (Шернияз, Мұсабай, Нысанбай, Ешнияз, Бұдабай, т.б.) үл- гісімен өз өнерін әрмен қарай өріс- тете, шыңдай түседі. Толғау, сөз саптау ерекшелігіне қарағанда Базар жырау Бұқар мен Махамбет мектебіне көбі- рек еліктегенге ұқсайды. Тілі шешен, жалпы көпшілікке түсінікті, өмір шын- дығынан туған тебіреніс-толғаныста- ры мол. Жырау шығармаларында жас жеткіншектерге үлгі-боларлықтай тә- лімдік тұжырымдар да көптеп кез- деседі. Бұларда шешендік өнерге жетілу, жақсы мен жаман адамның айырмасы, жігіттіктің, кісіліктің өл- шемі, достықты қастерлеу, ғашықтық пен жар сүюдің мәселелері әрі тар- тымды, психологиялық жағынан на- нымды баяндалады.