Өлең шежіре

Өлең шежіре
Пісмілла сөзді бастайын, Ағайын, тума, халқымсың, лағыл, жауһар, алтынсың. Сөйле десең, халқым-ай, Көп жамағат алдында Сайрап тілім шалқысын.
Тамаша беріп еліме Кеулім нұрдай балқысын.
Қадірлесе басымды,
10 өлеңменен қарсы алдым, Көпшіліктің жалпысын.
Мен жалғыз болсам, халқым көп, Қалай басым жалқысың.
Білмесең елдің қадірін, Бұхараның сартысың.
Шаршама сөзге жалығып, Халықтың бұлбұл қартысың.
Сөйлейін білген жырымнан, Қалдырмай айтып сырымнан.
20 Жыршының ұзақ сөйлеуі Келе жатқан бұрыннан.
Халқым сөйле дегенде Шабысты бұзып бұрылман. Тыңдаушы күтіп тұрғанда, Қалдырмайын жолынан.
Қалдырмай сөйлеп кетейін, Келтірсе Тәңірім оңынан. Бастайын сөзді тарихтан, Бұрынғы өткен халықтан.
30 Кімдермен кімнің туысы, Кімменен кімнің жуысы, Сөз болсын үлгі танытқан.
Дүние қалып келеді
Неше мықты алыптан,
Неше әулие өтті ғой Кең дүние жарықтан. опасыз дүние қалып жүр Талай ғасыр қарыптан.
Біреулерге кең дүние,
40 Біреулерге тар дүние, Біреудің жолын тарылтқан. Талайды мас қып шалқытып, Кейбіреуді дүние налытқан.
Дүниеден өтті күрмеліп Талай көкжал, арыстан.
Дүние қалды сый бермей, Нешелер аш пен арықтан. опасын көрмеді жалғанның Талай асыл, данышпан.
50 Нешелер жүйрік өтпеді Бәйгі алған озып алыстан. осыменен, әлеумет,
Біреу ерте, біреу кеш Дүниеден өтті, жарысқан.
Жүз жиырма төрт мың пайғамбар, отыз үш мың сахаба— олар да түскен қапаға. Жиналған толы халайық,
Мұнымды жалған демеңдер,
60 Әулие Адам ақыры— Алланың досты Мұхаммед.
Жер менен көкті жаратты, өз пазылымен Құдірет.
Дініміз—ислам, мұсылман, Мұхамедке біз—үмбет. Мұхаммедтің тұсында, Талай оқиға іс өткен.
руы ғажам Ғайбардан Мәлік деген кісі өткен.
70 Қайырден екен бабасы,
Басында араб қызы екен Мәліктің туған анасы. Сол кісіден туыпты Атамыз Әнес сахаба— Мәліктің жалғыз баласы.
Қайшы келген сол кезде, Қайырден екен исламның Екеуінің арасы.
Пайғамбарға сенбеді
80 Қауымы күшті көп халық, Діннің болған таласы.
Алладан келген бұйрықпен Жүргізді дінін Мұхаммед, Айрылып ақ пен қарасы.
Әзіреті Кәлам Шәріптің оқылды отыз парасы. исламның туын көтеріп, Шам болып жанды күндіз-түн Мединенің қаласы.
90 Түсінгің, халқым, бұл жерде, Айтылсын сөздің сарасы.
Кәпірден қашып атамыз, Мединеге келіпті. Кұдіретінен Алланың Дін исламға кіріпті. расулының алдында Қызмет етіп жүріпті.
Қызметімен жағынып,
Сахаба Әнес болыпты, 100 Кеулі нұрға толыпты. Жиналған халық, ағайын, Сөйле деп бердің ерікті.
Шежіреде осылай, Кімдер мұны көзімен көріпті.
Тоғыз тайпа байтақ ел, Атамыз Әнес сахаба Сол адамнан бастап өріпті. осы жерден айтылад Атамыз Әнес болғаны.
110 Атаға тартып ұл туып, Анестен Жабал туғаны.
Би болып, Жабал бай болды, ордасын қалап құрмады.
Билігі әділ, кең мінез
Жабалды халық сыйлады.
Қанша әйел алса да, Жабалдан жалғыз ұл туды, оның атын Мағаз қойғаны. Мәлік, Әнес тақ туып,
120 үш атаға келгенше, Кіндіктен жалғыз болғаны.
Тыңдаймын десең, халайық, Сол жерден бастап қозғалық.
Атанды елге ер Мағаз,
Мырзалық пен байлыққа Мағаздан адам озбаған. Ел аралап, жер кезді, Қосарлап мінді жорғаны.
Меккеден мешіт орнатып,
130 Жинады имам, молданы. Жай орнатып қонаққа Сыйлады би мен мырзаны.
Мырзалық, байлық тең жүріп, Асыл туған Мағаздың үш әйел екен алғаны.
Естек, Ноғай болыпты Бәйбішеден туғаны. Естек, Башқұр, уфалық, олар да ислам жолын құрғаны.
140 Еділдің жоғарғы өрінде Салынған Қазан қалашық. он екі санды ноғайлық, Жеті санды мамайлық, Әнестен өрбіп тараған Екі тайпа бұл халық.
Екінші алған әйелден
Қырымның туған татары.
Бәйбешесі асырап,
Естек пенен Ноғайдың
150 Солардың болған қатары.
өскеннен соң елге хан болып, Дұшпанға өтті заһары. Қара теңіз жағасы— Қырымнан орнаған шаһары. үшінші тайпа саналған Қырымның осы татары.
Арғы атаң Әнес болғанмен, Мағаздан туып тараған.
Алты бала туыпты 160 үшінші алған әйелден.
Біріндеп айтып берейін, Тыңдаңыз сөзді құралған:
Құрай, Құрбан, Ақшолпан,
Шешен, Шеркаш, Дағыстан, Жалықпай тыңда, халайық, отырмын сөйлеп алыстан. Тоғыз ұл туып Мағаздан, Тоғыз тайпа ел болып, Келеді қалмай тарихтан.
170 Шежіре жалған болмаса, осылай сөзім танытқан. Білгенімді сөйлейін, озған жүйрік емеспін Ауыздықпенен алысқан. Шүкіршілік пенен тәубам бар, Кем болмай жүрсем қатардан.
Естек, Татар, Ноғайлы— үшеуі екі анадан.
Құрай, Құрбан, Ақшолпан,
180 Шешен, Шеркеш, Дағыстан Бір қарыннан жаралған. үш ананың туғаны Тоғыз ұл болып саналған.
Тоғыз тайпа ел болып, Тоғыз түрлі тіл болып, Дүниеге таралған. Енді Ақшолпаннан туыпты Жалғыз болып Аламан.
өзі жалғыз болса да,
190 өркені өсіп жайылып, Дүниені ораған.
Аламаннан туыпты Алаш, Наурыз атамыз. Заманында биі болып, Халық басын құраған.
Алаштан ұрпақ өрбіген, Наурыздан бала болмаған. Жалбарынып күндіз-түн, Тілеген бала Алладан.
200 Жер аралап, ел кезіп, Әулие қоймай жылаған.
Қанша еңбек етсе де,
Атамыз Наурыз қартайып, Баласыз қарт Наурыз Әлсіреп, меңдеп жүреді. Қайғысы менен науқасы Күннен күнге үдеді. Шақырып Алаш інісін, өсиет айтып сөйледі.
210 Алаштан тілек тіледі, Түсініңіз бұл жерде,
Баласыз Наурыз атаның, Алашқа айтқан сөз еді: —Қарағым Алаш, бір туып, Еркіндеп сүрдік дүниені. Сенен ұрпақ таралып, Дүниенің жүзін аралап.
«Алаш» деген даңқ болып, Халқыңмен атың жүр еді.
220 Сен кетсең, Алаш, дүниеден, ұрпағың жасап өреді. Мен кетсем, Алаш, дүниеден, Ақ жуып, халқым арулап, Атымды қоса көмеді.
Сенен басқа қарам жоқ,
Артымда қалған балам жоқ, Қайғымды кімдер шегеді. Мен өсиет тастап артыма, өзіңнен қалған жалпыға,
230 Қарағым, Алаш, туысым, Мен өлген айдың ішінде
Бірнеше қазан ас жылына, Тарқат менің атыма Садақа «Наурыз көжені».
Алаш-Наурыз даңқ болып, Менің атағым сонда жүреді.
осыны айтып қарт Наурыз, Қайтып келмес сапарға, Дүниеден өтіп жөнелді.
240 Алаштан қалған ұрпақтың «Наурыз көже» асатын
Ағасы Наурыз Алаштың,
өсиет қылған сөз еді. Бір қазан ас садақа,
Жеті түрлі дән қосып,
Атандырып «Наурыздық» Әр жылы халқым береді. Сол себепті даңқ болып, Алаш-Наурыз ат болып, 250 Әлі қалмай келеді.
Сөйлейін енді Алаштан, Халқыма сөз жарасқан. Алаштан өрбіп үш арыс, Дүниеге тарасқан.
Анық біліп сөйлесем, Дүниеден өтті неше жан.
Талай патша, талай хан,
Алаштың екеу баласы—
Жайылхан мен Сейілхан.
260 Сейілханнан туылған Сегіз арыс Түрікпен:
Теке, Жәуміт екеуі,
Жемірейлі, Шаудыр төртеуі,
Қарадашлы, Қаратай,
Көклен, Сарық—сегізі
Сейілханның баласы-ай, Бұған кімнің таласы-ай.
Мен келемін атаң Алашқа, Алаштан туған Жайылхан.
270 Жайылханнан туыпты:
Мүтен менен Майқы би. Ақылды Майқы би болды, Халық аузына қараған. Қадірлі болды Майқы би, Халыққа білім таратқан.
Сейілхан мен Жайылхан Туып еді Алаштан.
Сейілханнан Түрікпен, Бір Алаш болып тарасқан.
280 Жайылханның баласы—
Майқы мен Мүтен бір туған.
Сөйлейін сөзді саяқтан, Тыңда ата тегіңді Адамның кеулін оятқан.
Мүтеннің елі аз болып, Түлек деген қалаға Қонысын соған орнатқан. Майқы, Мүтен бір туды, Бұл—екінші Алаш келе жатқан.
290 Майқы бидің баласы: Түмен, өзбек—қарындас. орнық берсе, Құдайым, Бағың келді аралас. Талдап айтып бергенде, Шежіреден сөз қалмас.
өзбек, Түмен ұрпағы Келеді өсіп аралас. өзбектен туып өрбіген, Санасаң, үлкен бір Алаш.
300 Жетесі жаман жасық-ты Әбубәкір атамыз—
Шежіре деп сөз қылмас.
Тыңдасаң ақыл-ойменен, Тілі басқа халықты, Шежіре қылар қандас.
Түмен-өзбек түбі бір—
20-83
Түбі атасы Майқы би, Туысқан бізбен қандас.
Енді Майқының үлкен баласы— 310 Түменнен тыңдап қарашы. Білдірейін, білмесең,
Түменнен туған кім десең, Айырқалпақ, Келемек, Айтайын неге, білмесем.
Әнестен тарап өрбіген Арғы ата—негізің.
Қанаттас болған халқыңа Болмасын қарсы жұлдызың.
Тыңдасаң ата тегіңді,
320 Көтерілер кеулің Құшқандай болып хор қызбен.
Енді Келемектен тараған, Қара мен Сары—екі арыс. Алатаудағы қырғызың Алаштың бұл да баласы.
Жылына берер «Наурызын», Бізбенен қырғыз бір туған Қандас туған бауырым.
Алаштан өрбіп ел болып,
330 Таралып жатыр жан-жаққа. Домбыраның сөйлеуі он екі перне бармақта. Қызыл тіл, сөйле жалықпа, Сиынып ата әруаққа.
Шалқитын мұндай күн қайда,
Мезгіл, сүрек бітіріп,
Ілінсең бір күн қармаққа.
Пазылыңмен сақта, Құдайым, Келтірмей дұшпан-шарбаққа.
340 Айырқалпақ атамыз—
Шаруа екен сол уақта.
Сахара кезіп, ат мініп, Ашылған кеулі мал бақса. Мырзалық, байлық тең жүріп, Дабылы кеткен жан-жаққа.
Төрт [түлік] мал иесі, Есепсіз болған түйесі. өрісі болған құрғақта, Қонысын тапқан атамыз,
350 өзен, судың жағасы, Көкорай шалғын саласы.
Жаңбырлы су, бұлақ,
Қарағай, қалың ну орман— Қыс кезіндегі панасы, Семірген малы сырғақта. Қайырлы қазан, кең пейіл, Салынған төсек қонаққа.
Қамқорлы туған жан екен, Қондырған көрші оң жаққа.
360 Сол кісіден туып Қазақ пен Созақ та. Тыңдаушы, күтіп тұрсаңыз, Сөйле, тілім, ұзатпа!
Жалықпай сөйлеп берейін Түсінген асыл шыраққа.
Енді Созақтың екеу баласы-ай— Сойыр мен Толағай, Сөйлейін енді сонан-ай. олардан өнген ұрпақтың Түркістан екен тұрағы-ай.
370 Күндіз-түн жанды талмастан, Құл Қожа Ахмет яссауи— Әулиенің шырағы-ай.
Мұсылман қолын жеткерген Әулие еді қырағы-ай. ибраш деген жас бала, Бар еді жалғыз ұланы-ай. Киіміне қызығып, өлтірген Сойыр баланы-ай. Сойырдан тұқым қалмады,
380 Дөңбек деген кеселден Қырылып бәрі жайрады-ай. Дүниеге қызығып, Таппады Сойыр пайданы-ай.
Енді Созақтың үлкен баласы Толағайдан туылған— Сақат менен Қоңырат.
Қаналас мынау бауырға Айтпай кетсең тағы ұят.
Қарақалпақ екі арыс 390 Туысқан бізбен зүриат.
Қалпақ бізбен ағайын—
Қазақ, Созақ бір туған
«Наурыз» көжесін қайнатып, Кенже Алашқа қосылад.
Айырқалпақ өлген соң, Қазақ пенен Созаққа Енші берді анасы. Бөлектеп басқа үй тігіп, Айрылды енді анасы. 400 Сол күндері күз еді, Су келеге мұз еді. үлкен үйге шақырды Келіні мен баласын. —Төрт түлік мал, қазына Қайсысын қалап аласың?
Қалауыңды ал, шырағым,
Ішімнен шыққан баламсың.
Сонда ойласты Созақ қатынға:
—Қатын, маған жақында,
410 ойласып, енді екеуміз— Тұрайық енді мақұлда.
Төрт түлік малдың ішінде Қалағаның түйе ме, Немесе жылқы, бие ме?
Қонақ келсе, қонатын,
Қой-ешкі алып соятын, Жылына екі туатын Жандықты кеулің сүйе ме?
Жаз болса, айдап салатын,
420 Қыс болса, қолда бағатын, Бес сиыр саусаң, күзелеп Сары май, қаймақ алатын.
Тарлан өгіз, боз бұқа Жер жыртып, егін салатын, осы ма, иә, үлесің, ұнай ма, қатын, кеңесім?! Төрт түлік мал ішінде Мөңіреп жүрген қара мал,
Қатыным, мұны қалай көресің?
430 Қалпақтың қатыны сөйледі: —Не қыласың түйені, Көшіп-қонып жүресің. Тұрақтамай бір жерде, Таулы қоныс кезесің, Түйеге арта алмаймын жүгіңді.
Керегі жоқ жылқының, ұстай алмаймын құлынын.
Күндіз-түні күзетіп,
Жылына екі өретін, 440 Бейнетімді үдетіп. Жаз болса құрттап мешелін, өзімді-өзім жүдетіп, Баға алмаймын қойыңды.
Айдап салсам келетін, өзімен-өзі жүретін, Төрт түлік малдың ішінен Жақсы көремін сиырды.
Несін аяйды ата-ана Ішінен шыққан балаға.
450 Төрт түлік малдың ішінен Созаққа сиырды берді қалаған. Қақпады қолын анасы,
Дүниесін берді сұраған.
Атаң Қазаққа берді түйені, Азынаған айғыр, биені. он екі сала Сарыарқа— Атасының мекені.
Сахара кезіп жүреді,
Жылына екі балалап,
460 Қорадан қой балалап, Қорадан қойы өреді.
Көңілі ойлы би қазақ Жаралған асыл сүйегі.
Камшат бөрік, қамқа тон, Тігулі алтын, қазына, Қымбаттан киім киеді.
Ертеден шапса, кешке озған, ылдидан шапса, төске озған,
Қара жүнді, қара азбан— 470 Арғымақ сайлап мінеді. Шаруашылық кәсібі,
Сән-салтанат түрменен, Жаз болса, көгал кезеді. Бастан пітір, садақа, Зекетін малдың береді.
Жаз болса, қымыз—сусыны, Қыс болса, жая-жал шайнап, Қазы мен қарта—жегені.
Жарлы мен жалғызға 480 Жүреді тиіп көмегі.
Қайырлы қазан, сырлы аяқ, Шұбатқа толы зерені,
Мырзалықпенен байлығы— Жылдан жылға үдеді. Ат байланып, күндіз-түн ордаға қонақ түнеді.
Бос болмас орда қонаққа. Пақыр менен міскінге Садақа, қайыр таратқан.
490 Келеді адам жыл сайын
Патша менен манаптан.
Күш құйылған ордаға Жиналды адам жан-жақтан. Ел жиылып қазаққа, Қосылды келіп ұзақтан. Қазына алып, қажы барып, Меккеден мешіт орнатқан.
Атамыз Әнес шайқының
Қабіріне зияраттап,
500 Қағбаға барып, он қайтқан Патша алып халықтан, Неше пақыр ғаріптен, Неше әулие шайқыдан.
Қалдырмай сыйлап әруақты, Қайырлы қазақ ер болды, Құдай артық жаратқан. Атасына тартқан ер болып, үш бала туды Қазақтан.
Біреуі оның—Ақарыс, 510 Той болған үлкен ат жарыс. Екінші бала—Жанарыс
Халық жиып, той қылып, Мал семізін сойдырып, Күрескен палуан арпалыс.
үшінші бала—Бекарыс Сыйлады жат пен бейтаныс. Қазақтан туған үш бала— өңкей көкжал, жолбарыс.
Қысқартып айтып кетейін 520 Ақынға әлі жол алыс.
Қазақтың үлкен баласы
Ақарыстан туады,
Алты бала анадан.
Аттарын айтып берейін, Санаңыз мұны, тыңдаған.
Дулат, үйсін, Сыйқымды— Мұның туған ұлдары Қаршыға құстай сілкінді.
Жаныс, Шымыр, Ботпайлар 530 Түскеннен жерге бұлқынды. Бұлардан өрбіп тараған ұлы жүз дейді жұртымды. Екінші ұлы Қазақтың Жанарысқа келейін.
Талдап айтып Қазақтың, Төресін ашып берейін. Жиналған толы азамат, Көтерілсін мерейің.
өзім Қазақ болған соң,
540 Тегімді неге білмеймін.
Жанарыстан төрт бала Тыңдасаңыз, азамат, Қырындама, бер қара. Бірінші туды Мырзасы— Жақсылардың жолдасы.
Екінші туды Шорасы—
Атанып елге би Шора, Әкесінің қонды мұрасы.
үшіншісі—Қарасы,
550 «Қара батыр» атанды, Бұ да Жанарыстың баласы.
Төртіншісі—Сарысы,
Бір-бірінен кем емес,
Төрт атаның туысы. Бұлардан өнген халықты «орта жүз» деп атаған.
Қазақтың ділмәр кәрісі «орта жүз» деп атанған. Арғын, Жаппас екеуі 560 Туылған екен Мырзадан.
Бағаналы, Найман—екеуі Тараған туып Шорадан. Қоңырат пен Қыпшақтар өрбіген, олар Қарадан. Көшек, Байсын, Кенжалы, Теңбілменен төрт арыс, Төртеуі бір анадан.
Сарыдан туып тараған, Жанарыстың ұрпағы— 570 орта жүзге қараған. Сөйлесем ата тегіңді Кеуліңе жараған.
Енді Қазақтың кенже баласы Бекарысқа келейін. Талдап шешіп, біртіндеп, Төресін ашып берейін.
Жиналған толы, халайық, Көтерілсін мерейің!
өзім қазақ болғансын, 580 Тегімді неге білмейін.
Тыңдаймын десең, азамат,
Атамыз Бекарыстан сөйлейін.
Атамыз Бекарыстан Арғымақ, Алау бір туған.
Бұлардан өрбіп тараған, «Кіші жүз» дейді жұртыңды.
Кіші жүздің ішінен,
Неше арыстан ұл туды, Неше әулие пір туды.
590 Сүйегі болат жаралған, Неше көкжал ер туды.
Жасанған жауын жапырып,
Алаштап ұран шақырып,
Не қасарма ер өтті,
Дұшпанға салып қиқуды.
Билер өтті кемеңгер, Сөйлетпей білген құлқыңды. Қарттарым өтті көп көрген ойменен танып нарқыңды.
600 Кенжесі қазақ халқының Бұзбадың әдет-ғұрпыңды.
Түсінейік бұл жерде:
Бекарыстың баласы—
Арғымақ пен Алаудан кім туды?
Арғымақтан туылды:
Сабыр мен Нәбір—екеуі.
Алаудан туған Алшын би Немере екен үшеуі.
Бұлардан өнген халықтың, 610 Айрылып болмас есебі.
Жәрдем бер қызыл тіліме,
Әуелі Алла, екінші—
Атамыз өткен кешегі. Шын кеуілмен тілесең, Әулие жәрдем етеді.
Күншығысы—Түркістан,
Күнбатысы—Астрахан, Екі ортаны жайлаған Кіші жүздің баласы.
620 Арқа жағы Жармола Құбылаға қарай кетеді.
Қыс болса, қыстап қыстауды, Жаз болса, шығар жайлауға, Ерсілі-қарсылы көшеді.
ұлдар киіп алтайы, Қыздарым киіп қырмызы, Алтындай жайнап өседі. Сарыарқаны жайлаған, Шыңғыртып құлын байлаған.
630 ұлдар мініп арғымақ,
Көш алдында ойнаған, Бір салтанат осы еді.
Түсінгін, елім, бұл жерде:
Арғымақтың баласы— Сабыр менен Нәбірден Кім туып, кім өседі.
Сабырдан туған екі ұл, Жалықпай сөйле, қызыл тіл!
Шежіреде осындай, 640 Сенбесең, халқым, өзің біл.
Екі бала Сабырдан— Тама менен Табының.
Атаның жолын меңгеріп, Би болды және білімді.
Бұлардан өнген ұрпақтан Батырлар шықты туымды. Неше әруақты ер шығып, Арадан дұшпан қуылды.
Кіші жүздің ерлері, 650 Егескен жауы келгенде, Жықпадың қолдан туыңды.
Нәбірден туды үш бала— Кердері, Жекей, Тілеулі Қайырлы болды халыққа.
Болмады мұқтаж біреуі,
Бұлардан өнген ұрпақтан Батыр шықты елеулі. Айқасқан жауды жеңгенше Білмеді, сірә, жүдеуді.
660 Кіші жүздің ішінен, Қанды көз талай ер де өтті, өкшесі жауға тіреулі. Ақ сауыты жарқылдап, Асынып алмас беліне Құлақты дөйір білеулі.
Халыққа қамқор ер өтті,
Дұшпанға оғы кезеулі,
Байлар өтті мал баққан Қазына жиып тіреулі.
670 Мырза өтті не жайсаң
Ақшасы жолда күреулі.
Неше әулие, пір өтті Қысылған жерде медеулі.
Алшын туды Алаудан Тарихта аты жол алған.
Қанаттас қазақ ел болып, Алшыннан ұрпақ таралған.
Құр айтылған жыр емес, Шежіреден қаралған.
680 Алшыннан туған Күдуар Бір басын мыңға балаған.
Қаналас өскен бауыр жоқ, Жалғыз туды анадан. Күдуар батыр атанды Кіші жүзге қараған.
Алты аталы Әлім, Жетіру, он екі ата Байұлы— Кіші жүзге қараған.
Күдуардан үш бала,
690 Туылған екен анадан, Шежіреден қаралған.
Садырқожа, Қыдырқожа, Нұрқожа— үш бала туды бұлардан. Білгенімді сөйлейін, Шежіреден қаралған.
Жарандар, Сәдірқожадан Қаракесек туыпты.
Атаға тартып ұл туып,
Атаның жолын қуыпты.
700 Сол Қаракесек атаңнан— Әли мен Шөмен туыпты.
Алты бала Әлімнен,
Аттарын айтып берейін,
Кеуліңе болсын орнықты,
Жаманақ, Машақ, Сарыбас, Байсара мен Ақманақ, Томалақ деген болыпты.
Заманында олар да Қатарынан озыпты.
710 Алты арыс Әлімнің, осы жерден шығыпты Томалақ деген баласы.
Туғанмен анадан Аты шықпай қалыпты.
Жоқ десе де болғандай, Бұған кімдер нанғандай.
Жаманақтан үш бала Біреуі оның—Жақайым өріс, Баубек туыпты.
720 Жаманақтың соңғы алған
Әйелінен және де Алты бала туыпты.
Жиеней мен Жолшора,
Асан, үсен, Құрбанай, Құттық болса керек-ті.
Бұлардан өнген тұқымға
Қариясы халықтың
Шекті басқан Шекті деп,
Қатарынан көп-ті деп, 730 «Шекті» атақ беріпті. өрістен туған кім десең, Білдірейін білмесең,
Есеналы, Айдарбек— Екі бала болғаны.
Есеналыдан үш бала— Кішкене мен Палуан,
Бөлек болып туыпты. Екі бала Бөлектен—
Айт пен Бұжыр болыпты. 740 Айттан туған үш бала: Қабақ пен Шоң, Тілеуің— Бұлардан да туыпты.
Нағыз бенен Шүренің— осылармен аталас,
Болса керек Жекейің.
Қабақтан туған бес бала: Төлеш пенен Ханкелді, Жанкелді, Бек, Аралбай.
Шоңнан Шағыр туылып, 750 Қосылады екен оларға-ай.
Жалтума мен Құлтума— Туылған екен Тілеуден. Жалтумадан бес бала—
Алдаберді, Алтынбек, Тәңірберген, Қазыбай, Тәжетер екен тағыда-ай.
Айтушы сөзі шын болса, Шежіре сөзі осылай.
Төлештен де екі ұл:
760 Ақмырза мен Бақтыбай.
Ақмырзадан Наурызбай, Бақтыбайдан алты ұл Туған екен тағыда-ай.
Аттарын айтып берейін, отырған тыңдап, халқыма-ай.
Асан, Құдас, Жәдігер,
Есалы мен Қараша— Бақтыбайдың тұқымы, Болады екен осылай.
770 Тағы айтып сөйлейін, Хангелдінің баласын, Туылған екен төрт бала: Пұсырман мен Жолдыбай, Шіңгір менен Қалдыбай. Көргенімді сөйледім,
Не қылайын қосып-ай!
Жолдыбайдан туыпты: өтен менен Баяуың.
Қайық мінсең, су кешіп, 780 Қолдан түспес таяуың.
Той десе, қубас домалап, Барасың атты-жаяуың. Пұсырманнан бес бала: Қалыбек пен Қарабас, өмір, Сексен, ол—Жарас, Бір-бірімен қаналас.
Қарабастан тағы да Алты бала болыпты, өркендеп өсіп, көбейіп,
790 Атаның жолын қуыпты.
21-83
Заманында ер болып, өздері жатқан шер болып, Не десе де болыпты.
Мәмбетәлі, Жапақ, Тінәлі, үмбеталы, Досалы, Және бірі—Жанәлі. Жапақ деген атаңыз Екі әйел алыпты.
Әйелінен әуелгі Башен туыпты,
800 Екінші алған әйелден— Кежір мен Төлек болыпты. Башеннен де төрт бала:
Қайіп ер мен Жандәулет, Ақпан менен Тоқпан болыпты.
өсіп-өніп өркендеп Дүниеге бұлар келіпті.
Тоқпан деген атаңыз Екі әйел алған-ай,
Есенәлі, Есенжол—
810 Бәйбішеден туыпты. үркімбай мен Жарқымбай— Соңғы әйелден болыпты.
Есенжолдан тағы да Жеті бала болғаны.
Жантөре, Сәрсен, Батырхан, Тілеуберген, Әділхан, Хан мен тағы—Төрехан.
Ханнан туған лұқпан, Сәмбет пенен Байбосын, 820 Батыр Ханнан туыпты.
Жантөренің баласы ысқақ болса керек-ті. Сағынай деген бір бала,
Төреханнан Дөреген,
Мықан менен ығылман,
Наурызбай, Жәмек—төртеуі Туылған екен Сәрсеннен.
Нығмет деген бір бала Болған екен Мұқаннан.
830 Башырбай мен Әлібай ығылманнан туылған.
Қиятбай мен Қалыбай, Мұратбай үшеуі Наурызбайдан туылған.
Ноғайбай мен Серікбай— Жәмектің екеу баласы-ай.
Айдарбектен туылған Ардана мен Татран Алшынбай, Күлік тағы да-ай.
840 Аманқұл мен Жаманқұл, раманқұл үшеуі— үркімбайдың баласы-ай. Аманқұлдан туылған Әжібай мен Қарлыбай, осылай екен шамасы-ай.
раманқұл атаңнан Туылған екен Нұржаубай, Жәкені мен Наурызбек.
Шежіреден қарасам, 850 Белгілі болды ата-тек.
Наурызбек жырау баласы
Жырлатып жүр халықта, Халайықтың арасы.
Баубектен туған үш бала Темірбақты, Көкбөрі, Жанқылыш болып саналған.
Жанқылыштан бес бала
Қожай мен Сушы, Сыбаншы,
Есенгелді, ырсымбет 860 Бесеуі бір анадан.
Бес бала Темірбақтыдан туған екен, Мыңсейіт, Талапан мен Алакөз-ді. Малгелді, Арғынбайы болады екен.
ұрпағы Темірбақты осылайша
866 өркендеп, өніп-өсіп барады екен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *