Өлең шежіре

Өлең шежіре
Бісмілла, сиынамын ағзубилла, Нәбиім—расул Кәрім Хабибулла. Қолыма қалам алып, сөз бастайын, Зұлжалал рақым әйлап, өзің оңда.
Сиынып, сөз жазамын қалам алып, Біз жүрген надан құлмыз әлі адасып. Көз көрген шариғатты ұстамаймыз, Күнәға кіріптармыз қара басып.
Сиынып, сөз жазамын қалам басып, 10 Дүниеге хош емеспін, көңілім жасып. Амалдан еш дүзулік таба алмадық, расул Кәрім шапағатын, қылсын нәсіп.
Бастасам, сөз кетеді тым алысқа, ойыма кіре берді, әрбір қисса. Ерініп, мен жазуға айнып тұрмын, Атаны қозғайын деп әрбір нұсқа.
ибраһим Жәлел Алла—нақ атамыз, Бір Алла ғапу етсін, көп қатамыз.
ұғылы ибраһимнің ысқақ нәби— 20 Күнәға білмей айтсаң, біз батамыз.

Шешесі ысқақ нәби Сара анамыз, Анамыз сол Сарадан тараламыз. Баласы ысқақ нәби Жақып саушы, Нәсілі болып, солардан тараламыз.
Смағұл ысқақпенен бір туысқан, Анасы екі басқа, Құдай қосқан.
Шешесі Смағұлдың—Ажар анам,
Сөйлеймін білгенімше, келсе шамам.
Баласы Жақып нәби—яқуда ер, 30 Пендеге жәрдем болсын, ол мәдеткер. Баласы яқуданың Ғажам екен, Солардан бізді өндіген Пәруардигар.
Атасы сол Ғажамның екен—Сарық, Сарықтан өзбегің туды барып. өзбек ұлы Суфиан сонан туған, Сөйлеген біраз қисса мен бір ғаріп.
Баласы Суфианның туған орай, орайдан Қырым туған, жаздым солай.
Қырымнан Араб туды деп айтады, 40 Сөйлесем, сөзім кетер борай-борай.
Араптан туған екен—ұлы Армұз, Армұз ұғылы Анес дүр, сөзге тармыз. Анестен ұғылы Қарт туыпты, Жазуға орны келсе, сөзге бармыз.
Қарт ұлы, онан келіп Сиғлабан туған, Баласы Сиғлабанның Зарир екен. Бір қисса сөз жазамын ата қуған, Баласы сол Зарирдің екен—Сараш.
Сараштан орда туған—ол бір ата
50 Атадан ата қуалап, салды жарыс.
Баласы ордаш ұлы—ол Табылды,
Бұл жерде бір тоқтау бар, сөз жаңылды:
Туыпты Табылдыдан—атаң Қазақ,
Бастай бер, біліп айтсаң, сөз табылды.
Қазаққа жоғарыда жиырма ата, Шежіреде жазылған жоқ-ты қата. Баласы Қазақ байдың көз жеткісіз, Қыдырдан оңдап тиген бұған бата.
Дәл тауып Қазақ жайын айту қиын, 60 оңай ма таратуға қылып жиын.
Қазақтың әулетіне көз жеткісіз, Жігіттер, ата қуған—қаһар ойын.
ол шеті бұл шетімен—қазақ қайда, Жіберген Алла Тағала талай жайға. Жөніне келтірейік ойлап қарап, Сөз жөні келе жатыр осындайда.
Бұл сөзді таратуға үлкен қиыр, Данышпан ақын табар, қызса бүйір.
Әрине, келіп тұрған сөз бар шығар, 70 Байқастап, ойға салып, мимен үйір.
Сөйтсе де, сөзді ойланып айтысайық, Әр адам бекер сөзге қатыспайық. Егерде бір жердегі халық болса, Қазағың көп жұрт екен падишалық.
Сахарада қазақ халқы бір шашылған, Шын айтса, көңілдегі кір басылған. Аузына барлық жұрттың біз қарадық, Сөз келіп жиырма атаға тоқтап еді.
Ақыным, енді сөйле, сен көсіліп, 80 Қазақтан туған екен үш ұл бала.
Сөйлейін жөн-жөнімен қылып дана: Біреуі—озған, бірі—озақ, бірі—Созақ, үшбу дүр есімдерін, айтса шала.
Қазақтың кіші ұлының аты—Созақ, Кетіпті Асан қайғымен алысқа ұзап.
Созақтан әулет бар деп сөйлемейді,
Қазақтың үлкен ұлы аты—озған,
Жел сөзді сөйлей берсек, қаулап қозған.
Мұның да әулет жайын сөйлемейді, 90 Әулеті Құдай білсін, қайда тозған.
Қазақтың ортаншы ұлы озақ,—аты, озақ десе, озақ дүр адам заты. үш жүздің нақ атасы—осы кісі, Аз емес, Алла берген кереметі. озақтан туған екен ұлы Алаш— үш перзент бұл Алаштан ұл туыпты.
Ақылмен бөтен көрмей сөзге аралас, Алаштан үлкен ұлы ол—Ақарыс.
Алланың бұйрығымен болады өріс, 100 Қара Келімбет туыпты Ақарыстан. «ұлы жүз» деп атайды шежіреде, Жігіттер, орны келген сөзге сүйсін, өтірік айтса, жазғанның жүзі күйсін.
Бекарыс—кіші ұлы екен Алаш байдың, Жалған деп бұл сөзге ешкім таласпаймын. Сарыдан туған екен Ақкелімбет, Ақыным, аталарды бірге тербет.
Туыпты Ақкелімбеттен ұлы—Алшын,
«Кіші жүз» деп атайды, тоқтай қалсын.
110 ұлы жүз, Кіші жүзді тоқтаталық, Ақыным, орта жүзге көзің салшы.
Жанарыс—Алаш байдың ортаншы ұлы, Туыпты Жанарыстан сол Төлембек, Бәрі де көп мұсылман, Құдай құлы.
Төлембектен туыпты ұлы Көсен, орнын тауып сөйлейді, тілге шешен.
Көсен ұлы туыпты аты—Көшен, Алыпты Сары, Мұнай—екі қатын.
Зор қылған үлкен қатын алапатын, 120 Ат қойды: Ақсопы, Ақжол перизатын. Жеткізген соншалыққа шарапатын, Және де екі ұл тапты кіші қатын.
Мұның да баяндалық есім, атын:
Қоянбай, Жарғақ туған—екі перзент.
Ақжолдан перзент болып Арғын туған, Қамқамен алтын қамар белін буған. Көз жетпейді ұрқына бұл ғазиздің,
Біз сөйлеп отырмыз ғой, ата қуған.
Туыпты Ақсопыдан—атам Найман, 130 Келеміз атаны айтып әлдеқайдан.
Бұларға бәрін айтсаң, көз жетпейді, Әулеті барлық жерге құшақ жайған.
Баласы үлкен қатын—Арғын, Найман, Мен мақтап, осыларды жұртқа жайған. ұшығы Арғын, Найман қайда жатыр, ұлытау Сарыарқаға құшақ жайған.
Атасы Керей туған Қоянбайдан, Немере Арғын, Найман, Керей, уақ.
Атаны таратамыз тисе пайдам,
140 уақтың атасының аты—Жарғақ.
Жеткізген Қыдыр Алла өзі жар боп, орта жүз Арғын, Найман, уақ, Керей. Атаны айтып келеміз әлдеқайдан, Боламын қалам алсам сөзге дайын, үш жүзді нұсқаладым айтып жайын.
ұлы жүз, Кіші жүзге тоқталалық, ұлы жүз толық,—дейді,—үйсін ағаң, Жоқ болса, шежіреде қайдан табам.
Кіші жүз Алтын ұлы Қыпшақ—дейді, 150 Бар болса шежіреде қылсам тамам.
Мекені Кіші жүздің—Сырдария, Көрнеу сөз айтылған, бұл жария.
үш жүздің нарқы қайда жүз болдылар, ойласам, не деген көп—дәл осылар.
үш жүзден қай жұрт артық болар еді, Кент салып, бірге тұрса, бас қосылар. үш жүздің баласының барлық саны— Болар еді бір мемлекет болса, заңы.
Сабылып, дүниеден тозған жұртпыз, 160 Аяғы қалай болар мына жалған?
Біз қазақ өсіп, өндік әр атадан, Бар шығар қайталаған, сөз қайтадан. «Жомарт» деп қазақ халқын көп айтады, Дұғасы қабыл болсын, көп батадан.
Найман шал басқа әуелден тарық екен, өзі кәрі, можаған, ғарып екен. өзінің жалғыз ұлы Тоқпан,—аты, Жазылған шежіреде анық екен.
Кәрі адам тоқсандағы, өзі бекзат,
170 Болыпты жалғызы өліп, дүния жат.
Жасында жиырма екі Тоқпан—ұлы, Дүниядан опат болған уақыт жетіп.
Ақсұлу он сегізде жесір қалған, Кәрі атаң жалғызы өліп, жаман талған. Ақсұлуды келіпті Арғын ұлы аламыз деп, Іс пе екен, тағдыр ма екен, Құдай салған.
Сол күнде Найман атаң кәрі кісі, Ақсұлуды жетелеген ақылды ісі.
Тұяқсыз асыл атам кете ме деп, 180 от болып жанса керек іші-тысы.
Ақсұлу көп ойлады әртүрлі ойды, Қайғының ішіндегі бәрін тыйды.
Жол беріп, Арғын ұлын қайтарады, Тәуекел, қата басып, байлап қойды.
Қызы екен төркіні Дулат бидің, Қуатын атасының қайдан білген.
«ұрықсыз қайран атам кете ме» деп, Сол жолда шүберекке жанын түйген.
Жолына бір шыбындай жанын қиған, 190 үйсінге сонда барды Дәулетбекке.
—Мен түстім жесір қалып мұндай кепке,
Атама ықыласыңмен қызыңды бер, Бір тұлға болар ма екен біздің үйге.
—Ақсұлу, қымбат еді сенің басың, Қиын емес, Алла қаласа, жарылқасын. Дәулетбек Ақсұлудың тілін алып, Қызенейді берген екен—қарындасын.
үміт қып, Қызенейді алып берді, Ақсұлу алшаңдаған бұраң белді. 200 Қызеней екіқабат болған кезде, Найманға уақыт жетіп ажал келді.
уақыт жетіп, Найман атаң дүния салды, Ақсұлу таза арулап шығарып салды. Ақсұлу тәуекелмен жүрген адам, Таратты науқанына дүние малды.
Қызеней босанады күні толып, ұл тапты, бір Алладан нұсқау келіп. Ақсұлу жерге сыймай қуанады, Ақсұлу ел шақырып, той қылады, 210 «Ат қойсам, Белгібай» деп ой қылады.
Белгі боп кәрі орынға тұрар ма екен, Қарамай мал бетіне сойғызады. Ат қойып «Белгібай» деп асырады, Шын сөзді кейбір адам жасырады. Қайным деп Белгібайға өзі тиіп, «Тәубе» деп бір Құдайға бас ұрады.
Қызеней ерге шығар кезі келді, Найманның өлсе дағы орны толды.
Тигізді Елатаға Қызенейді,
220 Елата алғаннан соң Қызенейді,
ұл тауып, ауыл-аймақ сайрандады. Серікбай, Қоңырат туған—Елатадан Қызеней бәріне ана боп жүреді, Ақсұлу асырады Белгібайды.
Белгібай жігіт болып ер жетеді, Ақсұлу Белгібайды тербетеді. Адамда өткен өмір жыл құсындай, Белгібай жігіт болып ер жетеді.
Ақсұлу Белгібайға тимек болды, 230 Азырақ күн дәурен сүрмек болды.
Ақсұлу Белгібайға тиген күні, «Шүйінші» деп ат қойды инабатты. Ақсұлу мақсатына жеткеннен соң, Халайық таңдай қағып, таңырқапты.
Ақсұлу отыз-қырық жасқа келді, Белгібайға қыз айттырмақ ойға келді, Белгібай мырза екі бірдей балдыз алды.
Сөйлейді шежіреде осылай деп,
Мағұлым емес, қанша берді—қалың малды.
240 Айтқаны орындалмай қалған емес, Тоқсұлу, Қаракөзбен—екі қыз ғой. Туады Қаракөзден бір ұл бала, «Шүкірші» деп ат қойды туа сала. Туыпты Шүкіршіден ол—өтеген, өндірген ғайып қылып Хақ Тағала.
Найман шал арты жақсы болады қарт, Шежіреде өтірік болса, обалын тарт. Баласы Шүкіршінің өтегеннен, Туыпты содан келіп Сары Жомарт.
250 Туыпты Тоқсұлудан бір ұл бала, Төлеген деп ат қойды туа сала.
Балталы, Бағаналы—өтегеннен, Айырып, біз жазайық өлеңменен.
Туады Шүкіршіден Төлегетай, Баласы Төлегетай туған Қытай. Бар екен ол Қытайдың үш қатыны, үлкенінен туыпты Қаракерей, Матай. ортаншы ұл табады о да қатын, Мұның да баяндайын, айтып затын.
260 Баласы ол қатынның жалғыз бопты, Туған соң «Садыр» қойған мұның атын.
Кіші қатын тағы да ұл табады, Кем ақыл білмей айтсам, сөз қылады. «Төртуыл» деп қойыпты мұның атын, Қазалы, сонда Қытай дүния салды.
Атасы—Төлегетай тірі қалды— өтетін дүния ғой барша жаннан. Зырылдап келе жатыр, сұмырай жалған, Баласы Елатаның Серікбай ғой.
270 Ержетіп қатын алды және де ол, Туыпты Серікбайдан—бір Төлеген.
Төлегеннен туады—екі ұл бала, Айтайын жөніменен, қылып дана. Келбұға, Кетбұға деп атын қойды, Таралды Найман ұлы сала-сала.
Жетіліп Найман өсіп, әбден толды,
Қазынасы Тәңірімнің сондай мол-ды.
Есеп қылсаң, жоғарғы аталарды:
Найманның тоғыз таңбалы ұлы болды.
280 Келбұға, Кетбұғадан—Терістаңбалы Шежіреден айырған соның бәрі. Мұнан соңғы атаны білесіздер, осылай жазуыма жетті қалам, халім.
Ақсұлу—«әулие келін» деп айтып жатыр, «Пәниде не жазса да, Құдай қылар. Алладан көп тілеген шарапатты,
Құдайдан шын көңілмен тілек қылған,
14-83
Тілегін пақырлардың қабыл қылған.
Тілегі жарлылардың мақұл еткен» 290 Деген сөз: «адам сабыры—рахман».
Аллаға бәрі мағлұм қанша жанның Сабыр қылсаң, жеткізбек Алла өзі. Ақсұлу сабыр еткен әуел баста, Жесір боп, он сегізде қалып жатса. Ақыры сабырлықтың осы емес пе, өзі әйел нәсіп болған жалғыз басқа.
Найманға қыз алып берген, оймен жорып, Атасының ұрқынан үміт қылып.
Барлығы—қылған ісі оңға басып,
300 Алласы Ақсұлуды оң бастаған, Асығып іс жасауға еш баспаған.
Найманнан ел таратып дүрілдеткен, Зиялы мұндай іске қалай жеткен, Адам ғой кеудесіне иман біткен. Пендесін оң жолына Тәңір бастар. ойына Ақсұлудың ақылы аяр.
«Дуалы пиғыл абзал» деген сөз бар, Қайран болған пиғылды бұзып тынар.
Болды ғой Ақсұлудан үлкен пайда, 310 Ақылы толған екен тұла бойға. Себепші осы Ақсұлу болмай қалса, Тұяқсыз кетер еді Найман сонда.
Жігіттер, әйел-дана Ақсұлуды есіңе сал, Егер де шамаң келсе, ұқтырып қал. Шүкірші жалғыз ұлы Ақсұлудың,
Әулеті болған жоқ па, сонша адамдар.
Баласы Шүкіршінің Төлегетай, Туады—Төлегетай,—одан Қытай.
Төртуыл, Садыр, Матай—Қытай ұлы, 320 Бір туған: Қаракерей және Матай.
Ақсұлу—осылардың ұлы анасы, Елімнің абзал туған бұл данасы.
Ақсұлудан жалғыз туған Шүкірші, Бар Найман осы ұрықтан қанат жайған.
Қаракерей бір бұтағы,
Төңіректі қарашы, бәрін жиып.
Көбейткен соншалықты Тәңірім сүйіп, Атаны ұға алмасаң, шежіре бақ,
Сөйледі неше атаны тіл мен жақ.
330 Ақсұлудың өз ұрпағы осылайша: Шүкірші туған екен Қаракөзден.
Кең ақыл, жаңылмайық айтқан сөзден. Баласы Шүкіршінің өтегеннен, Саржомарт туған екен, нұрлы жүзбен.
Тоқсұлу тілегінен туған бала, Айтайын білгенімше, қылмай шала. Бағаналы, Балталы—Төлегеннен, Баласы үш қатынның Белгібайдан, Атасын сөйлеп тұрмыз бірталайдан.
340 Бәрі де өкіреш Найман аталады,
Жазылған шежірелерде сөз солайша, Табылар айта берсе, сөз қиядан. Ақсұлу, Тоқсұлу мен Қаракөздің Әулеті туып ұшқан бір ұядан.
Найманның Жомарт ұлы Сары мырза, Басына сонша дәулет айналыпты.
Тәңір ісі, жомарт қылған нұсқап, Саржомарт адам екен шарапатты.
Аспайды ешбір адам өз туысынан,
350 Кісі екен рақымы мол, нұр сипатты. өсіпті мал мен сауда оңға басып, Әуелгі аты—Сары екен туғандағы.
Дәулеті алға дамып, кеткен қаулап, Аспайды ешбір адам өз туысында.
Халқына хан ұлы боп айналыпты, Сондықтан Жомарт аты кеткен тарап.
Кемедей теңіздегі қалқып жүріп,
Іздеп жүріп, екі інісін сарттардан алған таңдап.
Сармырза асып тұрды, дәулет керіп,
360 осыдан Көкжарлы Бура шығар келіп. Білмеймін өтірік-шынын шежіренің Бірталай шежіреден жаздым теріп.
Бір баласы Саржомарттың Жылытауда, Құдайға құлшылық қыл денің сауда.
Асылбай, Сібе, Арғын Қызылсуда,
Жетілген Саржомарттан дұға тиіп, Бәрінен Саржомарттың өз әулеті аз, өз бабам—қанат жайған Асылбай.
ұлдары өсер елдің алға басқан, Кент соққан Қалба тауын тасындай-ды. Азырақ Сармырзаны баяндадым, Несіне талмай, желмей аялдайын.
Бірталай ата жазған мен толқыдым, 374 осымен қал, дариға, аялдаймын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *