ӘҢГҮДІК

ӘҢГҮДІК – мінездегі ұнамсыз, жа- ғымсыз сипат. Ә. адамды әдетте даң- ғой, әулекі, әумесер деп те атайды. Оның мінез-құлқында аңқаулық, нанғыштық секілді сипаттар жиі кез- деседі. Ә. даңғой, ұрыншақ, елірме,әулекі сияқты мінездің ұнамсыз кө- ріністерінен де байқалады. Ә-тің бір көрінісі әулекілік пен әумесерлік. Әу- лекілік адамды еліртіп, есіртіп әке- тетін алаңғасарлық, ұрыншақтық қа- сиет. Әумесер – алаңғасарланып не болса соған ұрынғыштық. Ә-тік си- пат ерекшеліктерінің тағы бір көріні- сі аңқаулық пен нанғыштық. Аңқау- лық – нанғыш, бейқам, қулығы жоқ мінездің қасиеттері. Ә. мінездегі мін- дердің сипат-ерекшеліктерінің күр- делі, аса нәзік психологиялық құры- лым екенін көрсетеді. Әулекілік – адамды еліртіп, есіртіп әкететін даң- ғойлық пен әумесерлік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *