ӘУЕСТІК

ӘУЕСТІК – құштарлық, зауық. Ә. субъекттің сараланбаған, санада аң- ғарылмаған немесе санада жеткілік- ті түрде аңғарылмаған қажеттілігін білдіретін күй. Ә. өтпелі құбылыс болып табылады, өйткені ондағы қа- жеттілік не өшеді, не санамен аң- ғарылып, нақты ниетке, арманға ай- налады. Ә. психологиялық талдау- дың өзекті ұғымдарының бірі. Ә. – кісінің айналасындағы әртүрлі құбы- лыстарды көргісі, білгісі келген кез- де туындайтын сана-сезімнің әлде де айқын аңғарыла қоймаған бастапқы көрінісі. Ә. мазмұны мен даму деңге- йі жағынан ұнамды не ұнамсыз бо- лып келеді. Кейбір ұсақ-түйек жайт- тарға (біреудің жеке басының көпші- лігіне, үй тұрмысының қандай екенін білуге әуестік – жағымсыз, ұнамсыз қарым-қатынастағы әдептілікке қайшылық туғызатын әуестік екендігі белгілі). Адамға рухани азық боларға қажетті нәрселерге әуестіктер (білім- ді дамытып қалыптастыру, іс-әрекет- ке шеберлікті арттыра беру, шаруа- шылыққа ептілікті, икемділікті және отбасындағы әдепті дағдыларды мо- лайту, құрбы-құрдастар арасындағы байланысты нығайту сияқты т.б.) жағымды әрі қолайлы әуестіктер бо- лып табылады. Бұлардың қай-қай- сысы да іштен туа бітетін қасиет емес, бұлар тәлім-тәрбиенің, адамның өзін- дік санасының қалыптасуынан туын- дайтын ерекшеліктер. Ә-ті адам жа- нын көп жағдайда нұрландырып, құлпыртуға демеу болатын құмар- лықтан ажырата білуіміз қажет. Өмір- лік мәні терең, адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағыт-бағдарына елеулі із қалдыратын құмарлық қана көздеген мақсатқа жетуге итермелейтін түрткі болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *