ӘСКЕРИ ПСИХОЛОГИЯ – әртүрлі әскери іс-әрекеттердің психо- логиялық мәселелерін, оның әлеу- меттік тарихи жағдайларға сәйкес даму деңгейлерін, жауынгерлердің жеке басының даярлығын, әскери ұжымдардың жауынгерлік қабілетін, саяси қырағылығы мен әзірліктерін зерттейтін психология ғылымының арнаулы саласы. Кеңес үкіметі тұ- сында әскери психология Кеңестік армия құрылуымен қатар пайда бо- лып, мемлекеттің қарулы күштерін және Отан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында дамып келді. Ә.п-ның ғылыми астары оның теориясы мен практикасын жетілдіру, әскери қызметтегілерді оқыту, тәрбиелеу, оларға ақыл-кеңес беріп, солдаттар- дың жауынгерлік рухын көтерудің психологиялық аспектілерін зерттеу- ге арналады.
Ә.п-ның негізгі мәселелері: әлеумет, еңбек, инженерлік және педагогика- лық психологиямен байланысты. Ә.п. әскери-әлеуметтік, әскери-авиация- лық, әскери-теңіз психологиясы сала- ларына бөлінеді. Бұл салалар ерекше жағдайлардағы (экстремалдық) әске- ри құрамалардың тыныс-тіршілігін- де туындап отыратын құбылыстар мен заңдылықтарды зерттейді. Ә.п. дер- бес ғылым ретінде бірінші дүниежү- зілік соғыс қарсаңында дүниеге кел- ді. Онда ірі әскери құрамаларға бас- шылық ету, ұрыс даласында жеңісті қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды. Егеменді, тәуелсіз Қазақ- стан жағдайында әскери қызметтің сан-саласында әскери психология- ның іргесін қалаушы Бауыржан Мо- мышұлы болды. Ол қазақ, орыс тіл- дерінде «Соғыс психологиясы» еңбе- гін жазды.