ӘРЕКЕТСІЗДІК

ӘРЕКЕТСІЗДІК – адамның жұмыс қабілетінің тоқырауға ұшырауы. Ә. енжарлық, жалқаулыққа соқтырып, ақыл мен сананың дамуына да теріс әсер етеді. Ә. – ешбір іс-қимылсыз, қозғалыссыздықты білдіретін мінез- дің жағымсыз да ұнамсыз көрінісі. Ә. – еш нәрсеге ұмтылмау. Іс-әрекеттің ұнамсыз, теріс түрі адамның саналы мақсатына жетуге деген ықылас-ын- тасының болмауы. Ә. адамның ерік- сіздігін, жігерсіздігін, құндылық пен қажеттілікті жете түсіне алмайтын- дығын байқатады. Ә. адам мінезінде- гі жалқаулық пен енжарлық сияқты ұнамсыз сипатты білдіреді. Ә-тің бір ерекшелігі: мойны жұмысқа жар бермейтін еріншектік. Ұлы Абай «ерін- шектік күллі дүниедегі өнердің дұш- паны» деп анықтаған.

Ә. мінездегі ұнамсыз сипат ретінде адамның жұмыс істеу қабілетін то- қырауға душар етуімен бірге, оның ақыл-ойы мен санасының дамуына да теріс ықпал етеді, әрбір нәрсенің, құбылыстардың мән-жайын пайым- дап түсінуіне кедергі жасайды. Ха- лық даналығы «әрекет етсең берекет» дейді. Бұл мәтел өнегелі сөз ретінде адам мақсат-мүддесіне жету жолында үнемі еңбекпен айналысып отыру қажет деген адамдық қасиеттің өзін- дік белгісін білдіреді. Баланың ақыл- ойы мен денесінің дамуы да әрекет- шілдікке тәуелді. Ә. баланың қимыл- қозғалысын жарамсыз етіп, ақыл- есінің дамуын тоқыратады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *