Әлібекұлы Төле би (1663-1756)—қазіргі Жамбыл облысының жерінде, Шу өзенінің бойындағы Жайсаң жайлауы деген жерде дүниеге келген. ұзақ өмір сүріп, 1756 жылы қазіргі оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданына қарасты Ақбұрхан-орда деген жерде қайтыс болған. Сүйегі Тәшкен қаласындағы Жүніс ханның қабырының қасына жерленген.
Дулат ішіндегі Жаныс. Жаныс—Жайылмас—Қожамбер-
ді—Құдайберді—Әлібек. орта жүздің биі Қазыбек Келдібек ұлы
25-83
мен Кіші жүздің аға биі Әйтеке Бәйбекұлы үшеуі Әз-Тәуке ханның басты кеңесшісі болып, қазақ халқының заңы ретінде «Жеті жарғының» дүниеге келуіне атсалысады. Тәукеге Түркіс тан қаласын орталық етіп, үш жүзді бір жерден басқаруға, сөйтіп, бір тұтас қазақ хандығын нығайтуға көмектеседі.