ӘЛСІЗДІК

ӘЛСІЗДІК – тілімізде нашарлық, күшсіздік, қуатсыздық, қайратсыз- дық дейтін мағынада қолданылатын ұғым. Психикалық тұрғыда Ә. адам- ның сезімдік танымы мен ақыл-ойы арқылы танып-білуінің ең төменгі деңгейі, физиологиялық тұрғыдан жүйке жүйесі қызметінің осалдығы. Ә. қозу, тежелу процестерінің шап- шаңдығы мен сылбырлығына қатыс- ты жайттарды да бейнелейді. Бойда- ғы күш-қуатқа қатысты осалдық пен дәрменсіздік, ерік-жігерге қатысты қайратсыздық пен күшсіздік Ә-тің көріністері. Ә. кей жағдайда адам бойынан күш-қуаттың кетіп, белсіздікке ұшырауы. Мұндай жайт негізінен екі түрлі себепке (физиологиялық жә- не биологиялық) байланысты. Адам- ның Ә-ке ұшырауы бойынан әл-қуа- ты кетіп, организмнің тозуы (қарта- юы) биологиялық факторға жататын болса, оның ақыл-есінің нашарлап әлсізденуі психологиялық фактор бо- лып саналады. Ә. адамның науқасқа шалдығуы салдарынан да болады. Қартайған адамдардың жасы жетіп, Ә-ке ұшырауы табиғи құбылыс. Алай- да ерік-жігері күшті адам бойындағы күш-қуатын сақтап, әлсіздікке бой бермейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *