ӘЛЕУМЕТТІК  ТАПТАУРЫН (СТЕРЕОТИП)

ӘЛЕУМЕТТІК  ТАПТАУРЫН (СТЕРЕОТИП) – жеке тәжірибе мен қоғамда қабылданған түсінік- терді  жалпылау  нәтижесі ретіндегі ақпараттың жетіспеушілігі жағдайын- да қалыптасатын әлеуметтік объек- тілердің – топ, адам, оқиға, құбылыс және т.б. – салыстырмалы тұрақты және қарапайым бейнесі. Ә.т. тер- мині американдық журналист У.Лип- ман тарапынан 1922 жылы енгізілген. Ә.т. адамның дүниені бағалауында алатын рөлі зор, себебі ол өзгермелі ақиқатқа жауап қайтару уақытын қысқартып, таным процесін жылдам- датады. Алайда, шектелген ақпарат жағдайында пайда болып, Ә.т. жал- ған болуы мүмкін және адамдар жө- нінде қате білімдер мен пікірлерді қалыптастырып, тұлғааралық өзара әрекеттестікті, қарым-қатынасты бұ- зады, осылайша консервативтік, реак- циялық рөлді ойнайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *