ӘЛЕУМЕТТІК  ПСИХОЛОГИЯ

ӘЛЕУМЕТТІК  ПСИХОЛОГИЯ —адамдардың әлеуметтік топтарға қосылуынан туындаған мінез-құлық және әрекет заңдылықтарын, сондай- ақ осы топтардың өздерінің психологиялық сипаттамаларын зерттейтін психология ғылымының саласы. Әуелде әлеуметтік-психологиялық көзқарастар  әртүрлі философиялық тұжырымдамалар ауқымында, сон- дай-ақ нақты ғылымдардың, ең ал- дымен, психология мен социология- ның, антропологияның, этногра- фияның, криминологияның, тіл бі- лімінің, педагогиканың ішінде тал- дап белгіленді. XIX ғ. екінші жарты- сында ғана дербес әлеуметтік-психо- логиялық тұжырымдамалар: «халықтар психологиясы» (М.Лацарус, Г.Штейн- таль, В.Вундт), «бұқара психология- сы» (С.Сигеле, Г.Лебон), «әлеуметтік мінез-құлық инстинктілері теория- сы» (У.Мак-Дугалл) жасау тұрғы- сындағы алғашқы әрекеттер болды. Әлеуметтік психологияның сан қилы мәселелері әл-Фараби еңбектерінен елеулі орын алған ғылыми пробле- малардың бірінен саналады. Әбу На- сыр әл-Фарабидің ұғымынша әлеу- меттік топтардың ең үлкені адамзат қоғамы, халықтар бір-бірінен үш ерек- шелігімен ажыратылады дейді.

Бұл айтқандарға әрбір халықтың табиғи әдет-ғұрпы мен салт-санасы, мінез бітістері мен тіл ерекшеліктері жатады. Фараби түрлі тайпалар мен халықтардың психологиялық ерек- шеліктерін көп жағдайда география- лық ортаға қарай түсіндіреді. «Ізгі қа- ла тұрғындарының көзқарасы тура- лы трактат» деген еңбегінде Фараби осындай топтардың әрқайсысына жеке-жеке сипаттама беріп, бұларды әлеуметтік психологияның негізгі ка- тегориялары ретінде ұсынып, ғылы- ми талдау жасайды. Әлеуметтік пси- хологияны біз мақал-мәтелдерден де байқаймыз. Мәселен, «Бір данаға жол берсең, жанған отқа күймейсің»,

«Мың қосшыға бір басшы», «Жасық- тың көбінен де асылдың азы жақ- сы», «Басшысын таппаған ел азады,басшысыз – ел жетім», деген даналық сөздерде халықты басқаруға ақылды, көреген, білгір, озық ойлы адамдар- дың қажет болатыны, бұлар өздерінің жеке басының ерендігімен, зор талант- қабілеттілігімен әлеуметтік өмірде елеулі рөл атқаратыны, қоғамдық прогресті шама-шарқынша тездетуге себепші болатыны айтылады. Қоғам- ның дамуына кесір-кесапатын тигізе- тін, оның прогресіне қарсы тұратын, барып тұрған керітартпа, реакцио- нер адамдардың да кездесетіндігі бел- гілі. Мұндайлар жөнінде де халқымыз дұрыс тұжырымдаған: «Мың адам салған көпірді бір адам бұзады», «Бір жаман бір топ қолды ірітеді», «Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ», деген мақал-мәтелдерден осы айтылғандар тайға таңба басқандай білініп тұр.

Халқымыз жеке адамдардың қоғам- дағы орнын асыра бағалауға бармай- тындығын да ескерген. «Білгірім өлді деп қайғырма, бірегей туар тағы бір»,

«Қанша жақсы болса да жалғыз жігіт би болмас», «Қатардан ассаң да халықтан аспақ жоқ», деген мақал-мәтелдерде ұлы адамдарды қажет бол- ған жағдайда қоғамның өзі тудырып отыратындығы, ондайлардың орны толмайды деп жоқтаудың дұрыс еместігі, оларға босқа табына беру- дің қажетсіздігі, мұндай басшылар- ды халық алдағы уақытта да өз орта- сынан тәрбиелеп шығаратындары дұ- рыс топшыланған. Мақал-мәтелдер- де тәрбие процесі үшін қоғамдық пі- кірдің, ұжымның рөлі ерекше маңыз- ды екендігін дұрыс тұжырымдаған. Мәселен, «Халық айтса, қалт айтпай- ды», «Халық – қатесіз сыншы», «Тен- текті халқы түзейді» деген тұжырым- дар  жеке  адам  сана-сезімінің жақсы жақтарын дамытуда, еңбек сүйгіш- тікке, адамгершілік қасиеттерге тәр- биелеуде ұжымның жетекші рөл ат- қаратындығын көрсетеді. Ә.п-ның ерекше пән ретінде болуының басы 1908 жыл деп саналады, сол жылы ағылшын психологі Мак-Дугалл мен американдық социолог Э.Росстың бір уақытта шыққан еңбектерінің ата- лымдарында «әлеуметтік психоло- гия» деген термин болды. Ә.п. мы- надай негізгі тараулардан тұрады: адамдардың қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігінің заңдылықтары, топтардағы Ә.п., тұлғаның Ә.п-сы, қолданбалы салалар. Қарым-қаты- настың мәні адамдар арасындағы қоғамдық және тұлғааралық қаты- настардың жүзеге асуы ретінде ашы- лады, бұл қатынастардың комму- никативтік, интерактивтік және пер- цептивтік жақтары зерттеледі. Осы процестердің бәрінің нақты әлеу- меттік топтарда, өндірістік бригада- ларда, мектеп сыныптарында, спорт командаларында және т.б. қарасты- рылуы маңызды, өйткені осы процес- терде әсер ету арқылы бірлескен іс-әрекетті оңтайландыруға жәрдем- деседі. Ә.п.-ның аталған іргелі проб- лемаларының практикалық маңы- зы зор.

Әлеуметтік-психологиялық зерттеу- лер жұмысшы бригадаларындағы психологиялық ахуалды зерттеу үшін, тұлғааралық қатынастарды жетілді- ру, еңбек мотивациясын арттыру үшін өнеркәсіп өндірісі саласында, сондай-ақ спортта, саудада, «отбасы қызметінде» және т.б. жүргізіледі. Қолданбалы әлеуметтік-психология- лық зерттеулердің тәрбие саласында ерекше маңызы бар. Оқушылардың өзара және мұғаліммен қарым-қа- тынастарының қалыптасу заңдылық- тарын білу сынып ұжымының топ- тасуына себептеседі. Мұғалімнің бұл білімдерді меңгеруі ол үшін тәр- биелік әсер-ықпалдың нәтижелілігін арттырудың маңызды резерві бо- лады. Бұл мәселелерді шешу мұға- лімнің әлеуметтік-психологиялық даярлығын күшейтеді, соның ішінде педагогикалық институттарда тиісті курстар енгізуді талап етеді. Алайда мектепте жүйелі әлеуметтік-психо- логиялық зерттеулер жүргізу жөнін- дегі жұмыс Ә.п.-ның басқа да қол- данбалы салаларындағы секілді ар- наулы әлеуметтік-психологиялық қыз- мет ұйымдастыруды талап етеді. Оның міндетіне еңбек және оқу ұжым- дарындағы жағдайды диагностика- лау, әр алуан әлеуметтік-психология- лық проблемалар бойынша ұжым басшылары мен мүшелеріне ақыл- кеңес беру және ең бастысы, әртүрлі буын басшыларына қарым-қатынас мәдениетін білгізу қамтылады.

Осы мақсатпен Ә.п-да белсенді әлеуметтік-психологиялық дайын- дықтың, соның ішінде әлеуметтік- психологиялық машықтанудың (тре- нингтің) арнаулы бағдарламалары жасалынды. Әлеуметтік-психология- лық тренинг – адамдардағы психоло- гиялық сипаттағы мәселелерді жою, қылықты түзеп немесе денсаулығын жақсарту үшін оларға психотерапев- тік немесе психокоррекциялық әсер ету практикасы мен теориясы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *