ӘЛЕУМЕТТЕНУ

ӘЛЕУМЕТТЕНУ – индивидтің қа- рым-қатынасы мен іс-әрекеті бары- сында жүзеге асатын процесс және оның әлеуметтік тәжірибені игеруі- нің нәтижесі. Ә. кейбірде қоғамдағы әртүрлі бағыттағы факторлар сипа- тына ие болатын әртүрлі өмірлік жағ- даяттардың тұлғаға стихиялық ықпа- лы ретінде де, сондай-ақ арнайы тәр- бие жұмыстарын жүргізу жағдайын- да да пайда болуы мүмкін.

Тәрбие әлеуметтенудің жетекші әрі айқындаушы негізі болып табылады. Ә. ұғымы 40-50 жылдары А.Бандура, Дж.Кольман және т.б. еңбектері арқылы әлеуметтік психологияға ен- ген. Әртүрлі ғылыми мектептерде Ә. ұғымы әртүрлі талғамға ие болды. Мыс., ол необихевиоризмде әлеумет- тік ілім ретінде түсіндірілетін бол- са, символикалық интеракционизм мектебінде – әлеуметтік өзара әрекет- тестіктің нәтижесі саналады; гуманистік психологияда – Мен тұжырымдамасының өзіндік танылуы (актуализациясы) ретінде қабылданады. Ә. құбылысы көп аспектілі және аталған бағыттардың әрбірі зерттелінетін феномен талаптарының біріне ғана баса назар аударады. Ә. әлеуметтік мінез-құлықты реттеудің диспозициялық тұжырымдамасы шеңберінде қарастырылады, мұнда қоғамдық қарым-қатынасқа қосылу дә- режесіне байланысты әлеуметтік мінез-құлықты реттеу жүйесін жинақ- тайтын диспозициялық иерархия қалыптасады.

Психологтар көп уақыт бойы әлеуметтенуге – институттандырылған білім беру жүйелеріндегі тәрбие процесі ретінде баса көңіл бөліп келді. Әйтсе де, қазіргі кезде зерттеу пәні ретінде жекелей алғанда, бейресми бірлестіктерде, стихиялы түрде пайда болған топтарда және т.б., яғни ресми құрылымдардан тыс өтіп жатқан процестерде қамтылуда. Адамның түрлі әлеуметтік қоғамдарға, әлеуметтік қатынастық жүйелерге интеграциясы, өзінің тұлғалық қасиет- терінің дамуына ықпал ететін мәде- ниетті, әлеуметтік нормалар мен ба- ғалылықтарды меңгеруі. Әлеуметтік бейімделу – адамның әлеуметтік ор- таның жағдайларына және талап- тарына белсенді бейімделу үрдісі жә- не нәтижесі. Әлеуметтік бейімделу – адамның не ұжымның өзіне әсер ете- тін сыртқы жағдайларға бейімделуі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *