ӘДІСНАМА

ӘДІСНАМА (грек. methodos зерттеу жолы, теория және logos ілім) 1) ғылыми таным әдісі; 2) ғы- лымда қолданылатын негізгі прин- циптер. Психология теориясына ла- йықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқы- лы психологиялық болмысты өзгеріс- ке түсіру. Зерттеуші психологтың нә- тижеге жетуі оның ғылыми құрал- жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алуына байланысты; 3) дү- ниенің, қоғамның объективтік заңды- лықтары мен құбылыстарын практи- ка және теория игертуге және өзгер- туге бағытталған таным принципте- рінің жиынтығы.

Ә. – әдістер туралы ілім, әдістер теориясы, зерттеліп отырған объек- ті жөніндегі мәліметтерді және жа- ңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдері- нің жүйесі. Ғылыми әдістің негізгі мақсаты – объективтік ақиқатты ашу. Зерттеудің нәтижесі де, оған апара- тын жол да, әдіс те ақиқат болуы қажет. Ә-ның негізінде белгілі бір білімдер (ұғымдар, заңдылықтар) жүйесі жатады. Ә-ның ақиқаттығы оның негізінде жатқан теорияның ақиқаттығына байланысты. Ғылыми әдіснаманың дұрыс құрылған теория- ға негізделгендіктен, қате болуы мүм- кін емес. Дегенмен, объектіні тану кезінде әдіснаманы қолдануда қате- лік болуы мүмкін. Әдіс пәннің ерек- шелігі арқылы анықталғанымен, олар бір-бірімен қарама-қарсылықта болады. Пән мен әдістің бірлігі қа- рама-қайшылықтардың бірлігі болып табылады. Әдіс зерттелетін пәннің ішкі заңдылықтарын біртіндеп қарау арқылы ғана ашады. Әдіс пен пәннің толық сәйкес келуі субъекттің объект- ке біртіндеп жақындауы нәтижесін- де болуы мүмкін. Ә. ғылыми-таным- дық іс-әрекеттің формасы мен әдіс- тері, әдістемелер бірлігі мен байла- нысының теориялық негіздеулері ту- ралы ілім. Ғылым әдіснамасы зерт- теу компоненттеріне (объектке, затқа, мақсатқа және зерттеу мәселелеріне) сипаттама береді және зерттеу мәсе- лелерін шешу үрдісіндегі алдағы әрекеттер туралы түсінікті қалып- тастырады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *