Әбілқайыр хан (1693-1748)—қазақ ханы, қолбасшы. Шыңғыс хан әулетінің кіші буыны—өсектің ұрпағы, Қажы сұлтанның ұлы. Тарихи жырларда әз-Тәукенің баласы деп көрсетілген. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, шабуылдарды ұйымдастыра білуімен аты шығып, Кіші жүздің ханы болған. Қазақ-қалмақ қарым-қатынасы шиеленісіп кеткендіктен, ол Сібір губернаторы М.П.гагаринге хат жазып, ресей империясынан көмек сұраған. 1726 жылғы ордабасыдағы халық жиналысында қазақ жасақтарының қолбасшысы болып сайланады. Қазақ хандары мен сұлтандары арасында алауыздық артып, сыртқы жаулардың қаупі артқан кезде Әбілқайыр орыс билеушілеріне арқа сүйеуді ойлап, 1731 жылы қазан айын да ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант береді. 1748 жылы ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайыр ханды орта жүздің сұлтаны Барақ өлтіреді. Сүйегі Қабырға өзенінің ұлқұяққа құятын тұсында жерленген.