Үш жүздің шежіресі

Үш жүздің шежіресі
Қолға алып домбырамды аттанайын, Көңілде не бар екен ақтарайын.
Жібекке меруертті қолмен тізіп, Нақыштап сөз өрнегін тақталайын. Халықтың қарауына берілейін, Асқақтап артық айтып аттамайын. Ел тыңдап, еңбегімді бағаласын, Несіне күні бұрын мақтанайын.
Қағазға қалдырайын білгенімді, 10 өнерлі ер жігіттен ауытқымайын. Бір кезде біреу оқыр, біреу тоқыр, Қалтама босқа бүктеп сақтамайын.
ой өрбіп, ұшқыр қиял кетті шалқып, Ми тербеп, құлақ тыңдап, бой да балқып. Көз қуанып, қолға алды қағаз, қалам, Білгенін аяр емес тіл де тартып.
Айдынды мекендеген ала үйректей, Көңілім кейде шомып, кейде артып.
Жазуға мойындамай жүруші едім, 20 Көрейін көкіректің көзін аршып. Басымнан көп өмірлер кетті өтіп,
Аз өнер білген өлең қолда барсың, Қартаймайтын өмірді көргенім жоқ, Атыңнан түс дер бір күн жыға шаншып.
Тұра ма ер жігітке кәрілік келмей,
Қалмайды жаратылысқа ешкім көнбей. Ілгері адам бәрі де арман қылды, уа, шіркін, қайда барар бізге келмей. Елуге келгеніңше еліресің, 30 өзім де баламын деп көңіл бөлмей. Алпысқа әркім келіп арандады, Адамзат кеткен емес мұны көрмей.
Жетпіс, сексен, алдыңда тоқсан да тұр, Мазаңды алар мең-зең қып, тербей-тербей. Жүзге шейін көрерсің талай қызық, Жарығың алдыңдағы тұрса сөнбей.
Балалық он бес жасар қызық-тағы, Жігіттің екі талай ұмытпағы.
Қызыл жел жиырма бес соғып өттің, 40 гауһардай жалтыраған тұнықтағы. отыз бес оң мен солға қол создырдың, Батырдай дулығалы жорықтағы. Сақталған қынабында ақ алмастай, Тең басқан үзеңгіні қырықтағы. Ер толар елуінде кемеліне Халыққа әділ, үкім ұлық тағы. Арысқа алпыс жаста түскенменен, Бүркеген күннің көзін бұлт тағы.
Жетпісте жер таянып орныңнан 50 Көзіңе қос көрінер жуықтағы. Сексенде сегіз мүше жігі босап, Торғайдай үрпиесің суықтағы. Тоқсанда барлық денең тобықтай боп,
Құлындай шұрқырайсың құдықтағы.
Жеткенше сонау жүзге кім бар, кім жоқ, Діңкеңді өстіп дүние құрытпағы.
Жігітке қисық қылық мінменен тең, Жараспас жас бойына сынменен тең.
Күлдіргіш ойын құс та тәуір жігіт
60 Көңілдің бақшасында гүлменен тең. Қолы сараң надан бар, көңілі қарау, Қараңғы ақ жүрегі түнменен тең.
Сасқан жерде ойланып тапқан ақыл, Заты жалған болса да, шынменен тең. Әзіліңе жарасқан жақсы жолдас Тараған кіндігіңнен ұлменен тең. Жақсы атадан жарымес бала туса, Қайғылы, қасіретті сұмменен тең.
Қалжың, ойын, сықақты көтерген ер 70 Терісі жуан елі пілменен тең.
Біреуден пайдаланған ақыл-ғылым, Жаңбырмен араласқан нұрменен тең.
Бозбала, құлағың сал, біздің сөзге, Тыңдасаң, аз мәселе айтам сізге. Тіршілік ғұмырыңызға душар болдым, Майдан ғып базар құрған кезіңізге.
Әрқайсың, сөзім тисе, шамданарсыз, Мінезін тау[ып] айтса, таң қаларсыз.
он бес пен он алтыға келген шақта,
80 Баршаңыз жігіттікке сайланарсыз.
Біреуің біреуіңнен үлкен болсаң, Мен де сондай болсам деп ойланарсыз. Көңіліңде таудай талап болса-дағы Ақыл, білім болмаса не қыларсыз. Жігіттің дәл жиырма жасы дейміз, Ақылға, ойға зерек басы дейміз.
Мінез, білім, сабырлық, ұят, әдеп, Табылса бір жігіттен осы дейміз.
Ғақылың бойыңменен өссін бірдей, 90 Ажарың жылы, жұмсақ тисін гүлдей. Жауабын тістеп, шығып тартқаныңда, Жақыннан біреу білсін, басқа білмей.
Жүзіңді төмен үйрет жоғары аспа, Ер жігіт, жамандықтың жолын баспа. Мінезің күнде көрсе көрмегендей, Табылсын әмма құмар құрбыласқа. Есіктен кіріп келсең, әдеппен тұр, өз орның табылғанша төрге аспа.
Бойыңа мін тағылар, абзал құрбым, 100 Жаманмен құрбы ғой деп ақылдаспа. Киім ки, сипаттанып бойға шақтап, Білім ұқ, ақылменен ойға шаптап. Көзіңе көрінгенмен еріп кетсең, ойлаусыз жоғаларсыз қалбалақтап. Елірме елпелектеп, есіңмен бол, Басыңды бұлдандырса, біреу мақтап.
өзімді мынау асып жеңді деме, Бір ақымақ көп ішінде тұрса боқтап.
Халыққа басың бұлды, сыйлы болсаң, 110 Кегіңді жұрт әперер ісіңді ақтап. Ағайын, аймағыңмен әрбір іске, отырсын тез көрмесе орның жоқтап.
Арымақ семіз—сұқтан, ұры—ардан, Жаманның ләззатсыз сөзі дардан.
Ежелден ел аузында аталы сөз:
«Болғанда іні—тастан, аға—бордан». Тең басып үзеңгісін, ту ұстаса, Саналы сабаз осы елге қорған.
5-83
Ел бола емешегі елбіреген, 120 Ел безер тәкапарлы көңлі зордан.
Халық үшін қасқайса атқан оққа, Жау алар ел батыры садақ жонған. Сырты берік, іші кең—адал досың Дұшпанға шалдырмайды сырттан шолған. Ақылдасқан азбайды ауыз бірлік, Құт орнаған кең есік болса ордан. Ел—қазына, кеңпейіл кетпес дәулет Сабасын сапыртады балға толған.
Деуші еді: «ел өсірген ер дарахат» 130 Сайрауға саясына бұлбұл қонған. Айтпай біліп, ауыртпай тілсе, досың онымен өткен өмір емес арман.
Жаманның көңілі аспанда, басы жерде, өзінен басқа жан жоқ барлық елде. Асқақ көңіл сыйымсыз, артық мінез, осындай болады екен қайбір пенде. Сөдегей сопа басы, өнер, ой жоқ, Саңлаусыз өрекпиді кейбір кеуде.
өмірдің өрісіне ілесе алмас,
140 Сыйласқан бір адам жоқ құрбы-теңде. ойда тұрып созады кеңірдегін, Бір құрбысы қуанып тұрса белде. Сөреде тұлпар озып тұлданғанда, Шобыр шауып, қиналар биік өрге. үйрек ұшып, қаз қонса сахараға Шырылдап шақырады бақа көлде. Көк шалған көкірегі жамандарға, Айтқан ақыл кетеді ұшып желге.
Білгенге ақыл, білмеске кетті зая,
150 Ішінде бар шығармыз сіз де, мен де.
Болғанда ауру—албырт, жоқ—далбаса, Ауру қор қылады ем қонбаса. Ер жігіт ешнәрсеге мұқтаж болмас, Сегіз мүше біреуі кем болмаса. Түзі—бай, үйі—кедей кей жігіттің Сүйіп алған қосағы тең болмаса.
Тұғырда қыран түлеп тоят алмас,
Сақтаулы саясында жем болмаса.
Белсеніп белге семсер байлағанмен, 160 Ерге сауыт жараспас жең болмаса. Жалғыз жігіт халыққа қазы болмас, Ердің аты шыға ма ел болмаса. Алатау бойын көкке безегенмен, Баурайы жараса ма бел болмаса. Арнадан түзу аққан мән шыға ма, Толқыған айналасы көл болмаса. Халыққа ақ орданың қайыры не, Кірер есік, тоқтайтын төр болмаса.
Ту желбіреп, тұлдаған тұлпар мініп, 170 Ішінде ел қорғайтын ер болмаса. Туған ел тұлғасына көңілім шат, Берейін біраз сөйлеп ең болмаса.
Ал енді құлағың сал, ел-жұртым, Зор байлық, құт орнаған іші-сыртың. Халықты шағалалы көлдей қылып, Ешкімнің сұрамаймын ру, ұлтын. Ерікті қатардағы елім, міне, өмірі шат, ұстаған бақыт кілтін.
Колхоз, совхоз, қаламда айырма жоқ, 180 Сайрандап аралаймын біртін-біртін.
Балды бармақ бәйбіше, қарт, қария, Жарасқан қыз-бозбала қызыл қыршын.
Достасып, құшақтасып, қол ұстасып,
Түрлі елдің баласымен бірге жүрсін. Қайырлы халқың үшін еңбек істе, Абырой, атағыңды әлем білсін.
Қолға алып домбырасын Жамбыл, Абай, Жыр жырлап, қандырыпты құлақ құрышын.
үш жүздің тірлікпенен дәмін таттым, 190 Аралап қызығына әбден баттым.
Ел дәулеті еріксіз еркелетті, Алдында ел бастаған азаматтың.
Жыр жырлап, әнге салып ел ішінде Алғысын алып едім жақын-жаттың. үш жүздің салаларын бір шолайын Жазылған шежіресін іздеп таптым. Жазылған ақ қағаздың парасынан Көрінер қате болса арасынан.
орта Азия елімнің мекені бар,
200 Тауы көп Жетісудің даласынан. Тауы—жеміс, ойы—егіс, қыры—киік, Бал аққан жеті арнаның сабасынан. Халқымның туын тіккен астанасы— орнаған Алатаудың сағасынан. Еліне сай ері бар, қонысы бар, үш жүздің ал, сөйлейін баласынан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *