Қап тауы—Құран аңыздары бойынша, жер жүзін қоршап тұрған тау тізбегі. Бұл таулар аспан түстес зүбәржаттан құралған, ал ең биік шыңында вулкан орналасқан. Жер бетіндегі барлық таулар Қап тауымен байланысты, Алла Тағала осы таулар тізбегіндегі шыңдардың біріне қолын тигізсе, жер сілкінісі болады. Қап тауының ар жағын йәжуж бен мәжүж деген қорқынышты халықтар мекендейді, олар әр күн сайын тауды егеу сияқты тілдерімен кеседі, бірақ күндіз тау бастапқы қалпына қайта келеді, сөйтіп бұл халықтар жер бетіне шыға алмайды. Шығыс халықтарында Қап тауларымен байланысты көптеген аңыздар бар