Қайролланың туыс шежіресі

Қайролланың туыс шежіресі
Ау, жиылып келген, жастарым-ау,
Құлақ салып тыңдасаң, Біз қазақ деген ел едік.
Қариясынан бата алған, Асыл туған қарт едім, өсіп-өнген қатардан. үйсін, Арғын, Алшын боп,
Ессіз боп, ісқой атанған,
Әзіреттің ойына
10 Ағын су бойына.
«Қазақ» деген ана ауыл,
Қытайменен жау болып,
Көтеріліп, көшкен іргесін, Жинаған ноқта, сіргесін.
Қыранға салып көшіпті-ау, Қытай деген залымның Жау екенін білгенсін. Жауларының төбесі
Төмен қарай ығысып,
20 Келіп жеткен секілді Алатауға жылысып. үйсін, Дулат—ұлы жүз Алатаудың төсіне,
Ағын судың шетіне,
Қаптата барып салған жер. Бізде бөліс болған дер, өздері қалап алған жер. Арғын болсаң орта жүз, орта жүз де қыр болып,
30 Бізге қоныс болар деп, өздері қалап қалған жер. Сырдан бері кең қоныс
Арқаның кең даласын,
Еділ, Жайық, Жем, Сағыз,
Елек, Қобда жанасып
Қалмақтың қуып бастырып, Мекен етіп қалыпты-ау, Кіші жүздің баласы.
Шежіреден қарасам, 40 осылай екен-ау шамасы.
Әуелі, сұра, тілім, медет Ақтан, Неше жан медет тілеп, жәрдем тапқан. Қарасам, шежіреге көзім салып, Халық еткен бұ ғаламды барлық жоқтан. Неше жыл Адам ата сурет болып, Бейіштің есігіне бейнет тартқан. иесі бұл жалғанның Пәруардигар, Жаратты азаматты топырақтан.
Кәнеки, сөйле тілім, ікаяттан
50 Тыңдаушы айтушыға құмартқан.
Адамзат жалғандағы бөлім-бөлім, Көбейген әрбір түрлі мемлекеттен. үстінде жеті ықылымның талай патша, Жүргізіп, әмірімен тақ орнатқан. Жазуы бір Алланың түрлі-түрлі, Қарасаң, бөлек-бөлек—дін мазһабтан.
одан соң өз өмірін баян қылып, Сөйлесін білімпазың ғибраттан.
Ау, тілім, өнеріңді ашып сөйле,
60 Кейінгі жасқа қалсын нақыл сөзің,
Алтындай ел сүйсініп жерден тапқан.
Бір күні ажал келіп, сапарлансаң, Тілей гөр «сақтай гөр» деп тозақ оттан. өнермен өз жұртына аты шыққан, Көтеріп өз жұртымның дабылды ерін Сөйлесін, білімпазың ішкі азаптан. Ау, көңілім, сен бір сандық алтындатқан, Кім білед қандай алтын затың шыққан.
ойласаң, тілің сүйер сөз табылар,
70 Нақыл сөз—осы кеңес дабыл қаққан. Тыңдаушы құмартып отырғанда,
Айтушы, неге керек, сөзін сатқан.
Кәнеки, сөйле тілім, судай тасып, Аяма, өнеріңді азаматтан. Мен жүйрік, тілге шешен ақынымын Алқалы жиын, дауда жорғалатқан. үлкенге шын қызмет зияпаттан
Әлеумет, бұл сөзімді қабыл алсаң, Бұйырғын жұмысыңды, тілді тартпан!
80 Сөйледік бисмилла деп әуел бастан, Асыл-дүр, дүрі жауһар, бөтен тастан. он сегіз мың әлемнің пайдасы үшін, Жаратқан ең әуелі жер мен аспан. Дүниеден талай кісі өтіп жатыр, расулының құрметіне жұмлә ғалам, Жаралған ғарсы-гүрсі, лауқы-қалам! Жұмақтан дүниеге келіп енген, Атасы бұл халықтың сопы Адам.
Пайғамбар, жүз жиырма төрт мың сахабалар,
90 Айтуға бірталай сөз—бәрін тамам, Сахаба отыз үш мың, он екі имам.
олардың мал-мүлікпен талабы жоқ, уақытша омар патша дүние жиған. Алаңсыз, дүниеге көңлін бұрмай, он екі жар өтіпті күтіп иман.
Құдайға «тәуекел» деп белді буған, Мен жүйрік ақыныңмын сөзді қуған. Нұхтың япыс деген баласынан
Әнес, Қытай, Түрік, Моңғол содан туған.
100 Түріктің Силан деген туған жері, Қан тамып, кіндік кесіп, кірін жуған. Мұхаммед халифаның заманында ұрысып түрік халқы үш жыл жүрген. Жеңіліп түрік халқы халифадан, Бағынып, мұсылман боп дінге кірген. Араптан Әнес келіп, имам болып, Түрікке ислам дінін—сол үйреткен.
Түріктен үш бала:
Ең үлкені—ұрым-ды,
110 ортаншысы—Қырым-ды.
Жазып кеткен секілді, Мүсәнаптан бұрынғы.
Ең кішісі—Алаулы,
Байқасаңыз, әлеумет, Біз—Алаудан тараулы.
Алаудың екі ұлы: Алаш, Наурыз, Алаштың Мағаз деген бір баласы, Қазақтың содан туған—Алты Алашы.
Қалдырмай жоғарыдан айта келсек, 120 Табылар білгендерге сөз шамасы. Айырып Алты Алашты көрсетейік, Ақылды сұрай қалса ел данасы.
Алты Алаш бірі—Түрікмен, бірі—өзбек, үшінші Қазақ, Естек, Қырғыз, Қалпақ, осымен алты болады жатқан жалпақ. Сөйлейін, білгенімше бергі жағын, Халыққа мына сөзім болса ортақ:
Милатты жетпіс екі халайық бар,
Айтуға баршасын да емен шорқақ.
130 Бәрінен қазақ халқы өскен бөлек, Алмаған ешбір жұрттан бөтен көмек. Падиша Абат, Алмұрт заманында, Жүріпті Хорезмге бажын төлеп.
Бір туған қырғыз, қалпақ қазақпенен, Атадан енші алған соң азат деген. Жұртында Хорезмнің халқым қалды, Жер қазып, егін егіп азаппенен.
Нанамын ту арыдан келген тілге, Жетеді кімнің көзі озған күнге.
140 Жүріпті қазақ халқы ең әуелі Хиуалы Әлібимен қосып ірге. Жүріпті Хорезмнің қарауында, Аралас қонбаса да көшіп бірге.
олардан пайда таппай қосылғаннан, Әлібидің тұхметінен қысылғаннан. отырмай Әлібимен көшіп шыққан, Әр түрлі істерінен шошынғаннан. Түркістан қарауына келіп қонған, өкшесін көшіп қазақ ысырғаннан.
150 Түркістан көп қазақтың алған жері, үркіп Әлібиден барған жері. Сол күнде ақсақ Темір патша болып, Қазаққа келіп ойран салған жері. Екі жау екі жақтан қамағасын, Айналып, әуел Сауранның болған жері. Сол күнде ұрыс болған шаң айналып, Әр жұртқа араласқан дәм айдалып.
Қазақтың содан бері өскен жері
Сахара мал айдалып, бала сүйіп.
160 ұрысып патшаменен он жыл көшіп, Келіпті Түркістанға тағы айналып.
Сол күнде ел бар екен «Алаң» деген, Адалды қосып жеген арамменен.
Қалмақтың Мұғы деген бір атасы Көшірді Алаш жұртын амалменен.
Алаш да есітемін батыр деген,
Бір жер бар Жем басында Шыған деген.
Жандырған Ноғай халқы қайрат шамын, ойлаған батырлары бастың қамын.
170 Еділдің екі жағынан қоныс алып, отырды ортасынан сайлап ханын. ол жерді Ноғай көшіп, алған Қалмақ, отырды оған кезеп, жағын сайлап. Ноғайлы—Қыпшақ Қобылан, орақ, Мамай, Қалмақтың ортасынан салған шаңдақ. Қазтуған, Асан Қайғы, Абат, Ноғай Бас болып, сапар еткен өңкей саңлақ.
ол жерден Ноғай көшті ауаланып, Кеткен жоқ еш адамнан жараланып.
180 Бұқардан көше-көше арман кеткен, Қаңбақтай жер айналып, домаланып.
Жеріне Елібайдың көшіп барып,
Мекендеп отырыпты орын алып.
Сол күнде Ноғайлыда үш хан екен, Шеркубті* Қазтуғанмен дұшпан екен. Қалмаңыз Шеркубті кім, кетелік деп, Бастарын жиып алып қосқан екен. ол жерден Татар халқы көшпей қалып, Бастарын басқа жұртқа қосқан екен.

∗ Шеркуб—Черков болуы керек
190 Жиылып келген, жастарым,
Құлақ салып тыңдасаң,
Қазақ деген ел едік
Қариясынан бата алған, Артық туған халық едік, өсіп-өнген қатардан. үйсін, Арғын, Алшын боп,
«үш жүз» болып атанған, Әзіреттің ойына, Ағын судың бойына.
200 Қазақ деген аз ауыл
Қытайменен жау болып,
Көтеріліп, көшкен іргесін, Жинаған ноқта, сіргесін. Қарауыл салып көшіпті, Қытай деген залымның Жау екенін білгенсін.
Жауларымен соғысып,
Төмен қарай ағысып,
Келіп, кеткен секілді,
210 Алатауға жылысып, үйсін, Дулат—ұлы жүз Алатаудың бетіне, Ағын судың шетіне, Қаптата малын салған жер. Бізге қоныс болар деп, өздері қалап қалған жер. Сырдан бері кең қоныс,
Арқаның кең даласы,
Еділ, Жайық, Жем, Сағыз,
220 Елек, Қобда саласынан— Қалмақты қуып, бастырып, Мекен етіп қалыпты
Кіші жүздің баласы.
Шежіреден қарасам, осылай екен, шамасы.
Әуелі осы жұрттан Ноғай кетті, Баласы дін мұсылман Ноғай кетті. Қазтуған қарғабойлы Асан Қайғы, Тесіктен бұлар өтіп, солай кетті.
230 Жер қарап желмаямен он екі жыл, Асан би жердің бәрін танып кетті. Артынан қазақ халқы кетем депті, Соңынан Асан бидің жетем депті.
Айтса да, кетемін деп, кете алмай, Саласын Сарыарқаның мекен етті. Қазақтың Сарыарқаға келгеніне Бес жүзден астамырақ жылдар өтті.
Айналып Алатаудан Адай келген, Маңғыстау, үштүбекті мекен еткен.
240 Адайдың Алатаудан шыққанына үш жүзден астамырақ жылың өткен.
Ел келді балдарына өкпе қылып, Баласы Тәжікенің Нарынға өткен. Қарасам шежіреге көзім салып, Мәмбетбай ол заманда жазып кеткен.
Қазақтың бір баласы—Алау жеке, Ер болып, тұлпар мінген құлан шеке. «Құдуар» деген одан туған жалғыз бала Зор тентек атаныпты, болып ерке.
250 Баласы Құдуардың Алшын деген, Бай болып, заманында тұлпар мінген. өнерпаз домбырашы, ақын болып,
Сол күнде сайқылықпен дәурен сүрген.
Алшын деген атаңның Туған жерін айтайын:
Мәдина мен Мекке екеуінің арасы,
«Салқын су» деген бұлақта Төрт жүз үйге толғанша, отырған екен шамасы.
260 Мұсылманның ұлынан
Кәпірді жақын көрдің деп,
Бір шапқанда үш шауып, Көшіргенге ұқсайды, Халипа шаһар данасы.
Сол көшкеннен кідірмей,
Қырық жыл көшіп тынбастан,
Келіп қонған жерлері Ноғайлыға қосылып, Қалмақтың салған обасы.
270 Алты Алашқа мағлұм, үш жүз болып атанып, Ноғайлыдан айрылып, Енші алысқан жері еді Қорғантөбе қаласы. Ең үлкені—Ақарыс, ортаншысы—Жанарыс, Ең кішісі—Бекарыс, осы болады, халайық, Алшынның үш баласы.
280 Шежіреге қарасам, Моңғол қызы Мәриям Алшынның туған анасы. Алшын деген атаңыз өзі ақын, шер болған. Алашұбар ту байлап, Атағы шығып ер болған. Қыдырдан туған он екі ұл— Байұлы болып ел болған.
Нәдірдің жеті баласы—
290 Жетіру болып кең қонған.
Садырқожа баласы— Қаракесек жеке еді.
Бұлардан саны кем болып, Немереден демесең, Тұқымы өсіп тең болған. Кіші жүз болып көбейіп, Атанып тұр—ел мұнан.
Сөйлесем, сөзім жақсы қиылысқан, Табылар білімпаздар жиылысқан.
300 Баласы үш қазақтың басын қосып, Бұл күнде атанып тұр—Қазақстан. «Қалайша жүз дегеннің мәнісі көп», Бұл сөзге ақындарым көп таласқан. Ақарыс, Жанарысты былай қойып, Азырақ сөз бастайық, Бекарыстан.
үлкені Бекарыстың—Сәдірқожа, Жетісіп немеремен көп болыпты.
Бұлардың ең кішісі—Қыдырқожа
Бай болған төрт түлікке жеткілікті.
310 Қыдырдың балдарының саны он екі,
Кішісі он екінің Сұлтансиық, Қалыпты үлкен үйде түпкілікті. Біреуі он екінің—Есентемір, Қыз алып Байұлыға қосылыпты.
Аттарын теріп айтып, не қылайын, Беріштен аты шыққан ер шығыпты.
Сөйлесем тілім сүйер, еркім епті, Сәдірдің бір баласы Қаракесек, Айтайын осы арадан біраз кепті.
320 Қаракесек баласы—Байсары, Әлім, Шөмен-ді, осы әлеумет біледі Қаракесек дегенді.
Байсары—үлкен баласы, бір анадан жеке еді, Әлім мен Шөмен анасы—екеуінің бір еді.
Байсарыдан туған Кете еді,
Кетенің екі баласы—Бозанша мен Майлыбай, Кетеңнің өскен жері еді.
Қаракесек баласы Байсарыдан өрбіген, Тойқожадан Дүреген.
үш таңбалы Майлыбай, 330 Кете атанған ел едік. Жетіру, Әлім, Байұлы— үшеуіне де тең едік.
Қонысым жақын болған соң он екі ата Байұлы Бізбен он үш деп едік. Нағашым Беріш, Бәйсейіт Адайменен бөле едік.
Ар жағым бөле болған соң, Қонысым жақын қонған соң, 340 Жақыным Адай деп едік. Есет пен Есен Алтайға
Ажыбай атам бас болып, Қалмақпенен қас болып, ойыл, Қиыл,Жем, Сағыз, Елек пенен Қобдадан
Қалмақты қуып, бастырып, Сол қонысты алған соң Мекен етіп келеміз.
Көк орайлы, көк шалғын, 350 өзен-судың саласын.
Сөйледім осылай деп сөз шамасын, Қазақтың айтып жүрмін үш баласын. Жоғары шеті—Бұқар, бұл жағы—Еділ, Мекендеп отырыпты су саласын.
Дәулетін ерлігімен мақтасам да, Қайтейін қарғадай-ақ аузы аласын.
Таңбалы қазақ халқы сексен екі, Қырғыз бар күн шығыста қазақ шеті.
Шаһары дін Хорезм, Хиуаның 360 Пір тұтқан әулие бар жетпіс жеті. Керемет көшпегей деп қауіп айтамын, Жүйткітіп қарағалы дұшпан беті. Бұқарада Әзіреті Баһауаддин Бар дейді сол шәріптің кереметі.
Әзіреті Түркістан Атаңның өскен жері екен, Қозғала көшкен бір істен. Жау жағадан алған соң олар қандай арыстан,
370 Әрмән де бермен үркектеп. Сол заманда атанған, Еңіреп жүрген ер екен. Жау бар десе, қуанған, Жау жоқ десе, суалған. үйді көрмей жау жақта, Найзаның сабы қуарған. Қиын-қыстау іс болып,
Сарыарқадай төс көріп,
Әзіреті Түркістаннан
380 Ел бастап келген көп кісі,
Бәрі бірдей мәрт кісі, Сол кісінің біреуі
Ар жақта өткен Саңқыбай. Саңқыбайдың жүр ме едің, Әлі естімей даңқын-ай.
Қарақұстай Қалқыбай. Мен сөйлейін, құрбылар, Ақ теңіздей шалқып-ай.
Бойым отыр балқымай,
390 Даусым отыр аңқымай,
Мерекеге келген соң, Мен салайын талқыға-ай. Сол батырдың біреуі— Кетеден шыққан Әжібай
Әлі күнге келеді,
Әруағы қажымай.
Қажымаған себебі— Біздің сөздің орнағы-ай,
Майлыбайдың қазығы-ай.
400 Мұны тыңда, әлеумет, Бар ма сөздің жазығы-ай. Кесіп таста тілімді
Сөзімнің шықса жазымы-ай.
Сол батырдың біреуі—
Тама Есет, Бөкенбай,
Асау, Барақ, Бұқарбай
Жауды көрсе ақырған, Азуын көпке теңеген, Аламанға дем берген.
410 Асан ердің ақтығы, Төлей батыр тағы бар. исатай батыр өлгенде Көзінен төгіп жас алған.
Тайсойғаннан өткенде Көзінен төгіп жас алған.
Тайсойғаннан өткенде
Қуып жетіп соңынан,
Құлын-тай, жылқы айырып, Ақсақалдан бата алған.
420 Сүйкімді болып халқыма,
Ерлігі шығып атанған, Алаша, Сатай тағы бар.
Шежіреден алып сөйлесем, Керегің бізден табылар. Байбақтыдан Әділбай,
Байұлыдан Шағыр-ай,
Беріштен шыққан Ағатай,
Таздан шыққан ер Бақай,
Адайдан шыққан ер Шабай,
430 Атын атап бер десең, осылар екен көшкен ел.
Арқаның саласына Түйенің қомын шешкен жер. Мырза мен жайсаңдар Манаурай басып жүрген жер. Сапырулы қымыз, салқын үй, Сәске түсте тұрған жер. ұрандап, бедеу ат мініп, Той, мереке қылған жер.
440 Бәйшешектей шоқ болып, ұлы жиын көп болып, Қыз-келіншек күлген жер. Шаруалар мал бағып, Саяға шығып тұрған жер.
Қарасай, Қази, Қанды орақ
Қабырғадан қан кешіп, Толарсақтан саз кешіп, Қалмаққа ойран салған жер. Асан Қайғы, Мырза Абат Қазасынан өлген жер.
Байтақ атын қалдырып, 452 Шора шұбап өткен жер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *