Қазақ шежіресі
Шежіре-аңызда қазақ халқының тарихы, оның ХV ғасырға дейінгі тұрмыс-тіршілігі, моңғол, қалмақ, өзбек халықтарының ұлт болып қалыптасу тарихы жырланады. Мәтінде жеке бір жүзді, не руды ғана таратпай, тек қазақ халқының ұлт болып қалыптасқанға дейінгі кезеңі сөз болады.
Шежірені жырлаушы Төлепұлы Жақсылық Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында дүниеге келген. Жастайынан қис са-дастандарды, жырларды өздігінен үйреніп, ел арасында нақышына келтіріп орындаған. Қойын кітапшаға араб әрпімен жазылған мәтінді қорға 1946 жылы Ж.Аралбаев тапсырған.
Томға мәтін қолжазба негізінде [оҒК:Қ.560] алғаш рет дайындалып отыр.