Қазақ шежіресі

Қазақ шежіресі
ұлы жүз аймағында Алатаудың, оңтүстіктен ырғалған бақша-баудың. Жетісу мен Түркістан, Сырдария, Мекендеген арасын Қаратаудың.
ұлы жүздің Кейкі би бел баласы, Жалқы боп туса керек ол шамасы. Кейкіден Төбей туған төрт ұлы бар, осылай шежіренің бастамасы.
Тұқымы өсіп-өнген Төбей екен, 10 Жалқы боп аталары көбеймеген. Қойылдыр, Мекірейіл, Майқы, Қоғам, Төбейден осылайша төрт ұл өнген.
Мекірейіл, Қойылдыр ерте кеткен, Ауған, түркі жерлерін мекен еткен. Жерлеген жерлерінің жырын жырлап, Сол елдердің салтына түсіп кеткен.
Екі ата бұл арада Майқы, Қоғам, Қоғамнан Сіргелі атты ру қалған.
Қоңырат пен Сіргелі көршілес боп, 20 Қаратауды жайлаған атам заман.
Майқыдан кеп туады ойсыл, үйсін, Ата-жөнін кейінгі жастар білсін. ойсылдан Қаңлы менен Шанышқылы, Бақтияр сол үйсіннен жалқы ұлысың.
Бақтиярдан тарайды Абақ, Тарақ, Жетісу атрабына жатқан тарап. Жансақалдан Жалайыр он екі ата, Ақсақалға келейін енді жанап.
Ақсақалдан Байдың ұлы Бәйдібек-ті 30 Шаруаға Бәйдібек жайлы кепті. Байұлыдан Шақшам деген ел тарайды, Бәйдібектің тұқымы тіптен көп-ті.
Бәйбішеден Сарыүйсін таралады, Аз ел болған, көп емес қаралары. Шапырашты, ошақты, ысты—үшеуі
Зеріп деген әйелдің балалары.
Бәйдібектің тоқалы—Домалақ-ты, Туған екен Домалақ Жарықшақты. ол кісінің аты екен Бибісара,
40 Ешкім оның шын атын атамапты.
Жарықшақтан Албан мен Дулат, Суан, үшеуінің тұқымы талай дуан. өсіп-өнген халықта кім болмайды, Талай-талай зорлықшыл шыққан жуан.
Дулаттан Ботпай, Шымыр, Сиқым, Жаныс, Жаныстан Жанту, Жантан, Жарылқамыс. Тәшкеннен бері қарай алып жатыр, Көбейген соң арасы кеткен алыс.
Әз Төле де Дулатқа ұран болған,
50 Ақылды екен атағы жерді жарған. Даналығы Төленің аңыз болып, Соңғы ұрпақтың аузында аты қалған.
Дейді екен: «Шымыр көп пе, шыбын көп пе», Айтады: «Сиқым көп пе, қиқым көп пе?». Жанысты теңгереді қамыспенен, Ботпай неге аз болған, батыр көп пе?
Сиқымның жолы үлкен той бастаған, Ботпай батыр туғаннан қол бастаған.
Қарақойлы, Аққойлы, Қусирақтар, 60 Сиқымның ұрпақтары тұқым шашқан.
Егіз туған тетелес Ботпай, Шымыр, Кенже боп үлкен үйді басқан тұғыр. Құлманбет, Шылманбет, Күнту, Сәмбет— Бәрі дағы Шымырдан өскен шүбір.
Ботпайдан—Асан, Тайлақ, Ақша, Қожай, Есенбай мен Жанқойлық жатыр былай. Бидас, Қоралас, Сиыршы, Додаменен, Тағы-тағы елі бар талай-талай.
Жаныстың балалары екен қанша, 70 уа, жұртым, мұрша бергін ойланғанша. Көп әйелден өрбіген ұрпақтары—
Жанын қиған ерлер-ақ шын-ақ батыр.
Дәулеткерей, Мұхит пен Құрманғазы,
Бәрін айтып бере алман көптік сонша. Жанту, Жантан, үлкені Жарылқамыс, Жамбай, Шәкір, Қалпелер елге таныс. Қыбырайменен болады жеті ағайын, Құлақ салып сөзіме тыңдасаңыз.
Жантудан туған екен Байыс, Жайылмас, 80 Әулиеата жағында дейді өтеміс.
Жанту да өскен тұқым болып жатыр, Бай мен бегі көп болған көрсеткен күш.
Жантудан туған дейді Ерубайды, Жолы үлкен деп оларды ел сыйлайды. Бір атадан жалқы екен, тұқымы аз, Ата-баба айтуы осылай-ды.
Баласы Жарылқамыс—Бейімбет-ті, «Қасқарау» деп ел оны атап кетті.
Қараулық қып бір тойда, теңдік бермей, 90 Күш көрсеткен сияқты бұзып сертті.
Бейімбеттен—Елтүзер, ораз, Бұқар, үш ұл туған әкеден сондай қиқар. Елтүзер үлкені екен үшеуінің руы үш Қасқарау жатыр қатар.
Баласы Елтүзердің—Төке, Туыс, Ел болған екі старшын бір-ақ уыс. ораздан—Бөкен менен Солтангелді, Екі ата біріккенде бір-ақ болыс.
Аз болса да ешкімнен зорлық көрмей, 100 Қордай мен Аңырақайдан алған қоныс. Терезесі тең өскен ағайынмен, өзінен туғаннан соң нән жолбарыс.
Бергі атамыз Сәти мен Боти екен, Кебекбай содан туған Тоти екен. Қазақ пенен қырғызға ақыл айтқан, оның сөзін нақыл деп тоқыр екен.
8-83
Бай мен болыс болғанда не қылайын, Сарыбас атам шын жүйрік ақын екен.
Мен өзім Кебекбайдың туажаты, 110 оразға ұран болған қайран көкем.
Бұқардан—Құлболды мен Тілеуімбет, Ақыл анам айтыпты аз болар деп.
Сырымбет, Баба екеуі алты болыс, Қасқараудың ішінде мал басы көп.
Құлболды екі старшын ел болыпты, Бай болмаған ел екен кедейі көп. Ішінен Құлболдының пысық шыққан Естуші ек ыстыбайды шешені деп.
Жүз шамалы ел болған Тілеуімбет 120 Ел айтады қалыпты тілеусіз деп. «Аз болсам да терезем тең» дейді екен, Аз ауылдың адамы—Есмағамбет.
өтеғұл, өткен туған Сырымбеттен, Байы көп, батыры көп дүрілдеткен. өтегендей аңызды батыр туған, Ел қамын жеп деседі, жаһан кезген.
Әділ екен деседі ел аңызы,
Сырымбет, Малдыбай би ертеде өткен.
Ноғайбайдай ақылды кісі болған, 130 өз елін орыспенен жақын еткен.
Бабада да көп болған батыр мен бай, Ел билеген жуандар ығай-сығай.
Жалшы, қоңсы, кедейі онан да көп,
Бай болған жерде болған ба, кедейі жай.
Кедей сорлы тырбаңдап еңбек еткен, Байысам деп ол дағы арман еткен. «Бабаның батасын ал» деген аңыз, ойласақ, туса керек сол ниеттен.
Албаннан батырлар шыққан ерек, 140 Жан сауға, ел қорғаған өңкей серек. Хангелдіден—қаһарлы райымбек, ұран болған жұртына бір бәйтерек. Ерлерін аңыз қылған өрдегі Албан:
Дәу Қараш, Малай батыр, Қатпа, Төлек.
Суаннан—Сатай, Бөлек, Аралбайлар, Қабандай күркіреген талайлар бар. Тұс-тұстан қас саңлақтар атой салса, Жау жаны кеудесінде қалай қалар.
Шапырашты шабады «Қарасайлап», 150 Жасыл туы желбіреп, бөрілі байрақ. Шамалған мен Қаскелең батырларын, Наурызбай бір өзі кеткен жайлап.
Сұраншыдай батырдың туын байлап, Кейін де шыққан талай небір саңлақ. Екей, Сыйқым, Есқожа, Асыл, Шыбыл, Ақындары шығады «Сүйінбайлап».
Төке, Төлеміс, Әжіке, орынбет, Кеней, Асылдың бес баласы туған саңлақ.
ұлы жүзге белгілі Артық батыр, 160 Төке де туған екен одағайлап.
Келейін енді ысты мен ошақтыға өмір қусаң, жеткізбес қос аттыға. Есім, Малай, Таз бенен Құланшы боп, «Жауатарлап» шабады атқа шапса.
Бөлтірікті білмейтін адам бар ма, Сөйлесе, жол бермеген тіл-жақтыға. Қуандық ақын болған заманында Белгілі ойда жатқан төрт ыстыға.
ошақтыдан атақты Майкөт ақын,
170 Елі шалғай жатқанмен, сөзі жақын. Ертеде Жетісуға келіп қайтқан, Танысып көрмек үшін елі-жұртын.
орта жүздің баласы—Арғын, Найман, Қыпшақ пенен Қоңырат ұрпақ жайған.
уақ, Керей алты ата деп атайды, Мекен алған Арқада сай-саладан.
Қанжығалы Бөгенбай батыр болған, Қаракерей Қабанбай ел қорғаған.
Қаз дауысты Қазыбек Қаракесек 180 Заманында еліне ақыл болған.
орта жүзде ән-күйдің ордасы бар:
Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Әсеттей той басшылар. Батырлары Қажымұқан, Амангелді, Еңбекте де лайық баға берді. Абай менен ыбырай, Шоқан ғалым, Елі үшін еңіреген—данам еді.
Батыстағы бастайын Кіші жүзден, Арал, Жайық, Каспийде ерте жүзген.
190 Мекендеп Еділ, Жайық жағаларын, орыспенен көрші боп тілін білген.
Елге даңқы тараған Сырым батыр, Бағынбаған өзгеге қыңыр батыр. исатай мен Махамбет халқы үшін— Жанын қиған ерлер-ақ, шыны батыр.
Дәулеткерей, Мұхит пен Құрманғазы, Ән мен күйін естиміз қысы-жазы. Қазанғап пен ықылас, Қашағандай, Айта берсе, таусылмас өнерпазы.
осындай ел аңызын өлең еткен, Сексенді алқымдаған Кенен екен.
ұсынған ел мұрасын ұрпақтарға,
203 Қордайды бұл ақының мекен еткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *