Қазақ шежіресі (қысқаша)
Аталуында көрсетілгендей, жырда қазақ шежіресіне қысқаша шолу жасалған. Жыршы қазақ халқын арабтардан, Аннас сахабадан таратудың бұрыс екенін, оның себебін айта келіп, арғы тегіміз түрік, Алаша ханның үш баласынан тараған ұр пақ екенімізді дәлелдеуге тырысады. Сонымен қатар «Ақтабан-шұбырынды» оқиғасы, ресейге бодан болу сияқты тарихи оқиғаларды да қамтыған.
Дәптердің мұқабасында «оспанов Әлмағамбеттің шығармалары. Ақтөбе облысы, Торғай ауданының азаматы Әлмағамбет оспанұлы мен Нұрхан Ахметбекұлының өлеңдерінің көшірмелері. Жинаушы—Мұқанұлы Смағұл» [оҒК:Қ.569.] де ген жазу бар. 1932 жылы латын әрпінде жазылған қолжазба әб ден ескірген. Мәтінді көшіру барысында біраз қателіктерге жол берілген. Бірнеше өлең жолдары мен шумақтары түсіп қалған. Жырда араб-парсы сөздері көптеп кездеседі және жер-су атаулары түпнұсқадан өзгеріссіз берілді. Мысалы: Әзиа, Керманиа, Әрмене, Әприқа, Әміриқа.
ұсынылып отырған жыр-шежіренің бір нұсқасы «Шежіре
жайынан қысқаша мағлұмат» деп аталады [Әөи:Қ.1129.181дәп.]. Бұл нұсқаны 1989 жылы Ә.оспановтың баласы Сұлташ оспановтың аузынан жазып алған—Еркін Құлпейісов. Аталған нұсқа аяқталмаған.
Мәтін қозжазбадан [оҒК:Қ.569.] өзгертусіз дайындалып, алғаш рет жарияланып отыр