Қазақ шежіресінен өлеңмен
жазылған қысқаша мазмұндама
Ал ұста, ойды тербеп, қолға қалам, Жалқау боп, жүре бермей, болма сараң. Артыңа аз да болса бір сөз қалдыр, Бар болса, баста пікір, ойда санаң.
Жаз жинап тарихтардан көргеніңді, Естіген қариялардан білгеніңді. Әртүрлі шежіренің нұсқасынан Жинақтап азды-көпті тергеніңді.
Жазып көр, атаң қазақ шежіресін, 10 Сен сұра, ол туралы не білесің. Бастап бер, білімпаздар өзі шешер, Несіне ойға қалып, кідіресің.
Түріктің біздің қазақ бір баласы, Әнестен боламыз деп бар таласы. Қазаққа араб болмақ ол ғажап іс Секілді жер мен көктің шекарасы.
Атамыз Әнес деудің себебі бар, Сенімді шын сөз емес тіреуі бар.
Дей келіп дәлелсіз сөз алынбайды, 20 Әр сөздің айырғандай іреуі бар.
Бағынған ресейге біздің қазақ, Мүсәніптер діні жоқ деп қылған мазақ. Ел болсаң, шын мұсылман дініндегі Көрсет деп шежіреңді берген азап.
Қазақтар «мұсылманбыз шын—біз» деген, Қашаннан ұстап келдік осы жолмен.
Самарқан, Қоқан, Тәшкен, Бұхарадан Жақсылар қазақ тарихын көп іздеген.
Шежіре күншығыстан табылмаған, 30 Архип жоқ қайдан тапсын жазылмаған.
Арабтан дін қарындас талап еткен, Халық едік ислам жолы жабылмаған.
Жақсылар төзе алмас сабыр етіп, Шежіре таппаған соң қолы жетіп. Арабтың сұлтанына арыз жолдап, Жіберген екі қожа уәкіл етіп.
Құнанбай—Тобықты, Арғын орта жүзден, Және де Жаппас Мырқы—Кіші жүзден.
Жаздырып бір шежіре алып қайтқан, 40 Шайхислам Сейітзада қазіреттен.
Құнанбай Мырқыменен—екі қажы Байлықпен бұл екеуі болған қазы. Салдырған Құдай үшін бір тахия Жаздырып жорналына мүфти қазы.
Екеуі Мәдинеге барып жеткен, Мақсатын көңілдегі баян еткен. Шайхислам бір шежіре жазып беріп, Қазақтың қариялары үміт еткен.
Данышпан өзі ғалым, имам ғаріп, 50 Қызғанған дін қарындас тұрған барып. «Сұраушы болса, мұны беріңдер» деп, Әнеске тіркеп берген алып барып.
ол Әнес—пайғамбардың сахабасы, Арабтан шыққан өсіп мал мен басы. Арасы екеуінің қайда жатыр, Түріктің болса қазақ шын баласы.
Қажылар шежірені алып қайтқан, Бұл жолы мұрат хасыл болып қайтқан.
үш жүздің сол кездегі жақсылары
60 Көшірме сол нұсқадан алып қайтқан.
Атамыз Әнес деудің себебі сол, Дәлелі дініміздің көңіл хошы.
Тұтынып өтірікті айтпау үшін, Айт анық қате жері түссін көзге.
Болады шын атамыз біздің түрік, Негізсіз неге керек құр өтірік. Жөнсіз босқа адасудың жолы бар ма, Дәлелді рас сөзді көре тұрып.
Тіліміз—түпкі атамыз түрік тілі, 70 Дініміз—түрік-татар тұтқан діні.
Қазыны жеген қасқыр секілденіп, Қызыққан мүсәніптер сөздің шыны.
Болмаса кемшілік жоқ дінімізде, Шалалық болса болар күнімізде. Көшпелі сахарада салақ елміз,
Мойынға мұны аламыз өзіміз де.
Түрік те Алаша атты хан болыпты, Бек салтанатты, ғаділ жан болыпты.
Бозторғай қой үстінде жұмыртқалап, 80 Халқының көңілі толып жай болыпты.
Болыпты бір бай адам бұл шағында, Болмаған онан озған сол уағында. Бақыты мал мен басы қатар өсіп, Атанған мәшһүр Алаш сол шағында.
Тұсында болған Алаш Алаша хан, Түріктен туған болар тамаша жан. «Таңбасыз тай, енсіз қой» сол шағында, Болыпты деп айтады қаншама жан.
Алаштан туып-өскен екі бала, 90 Қате деп айта қоймас ешкім жала. Қай кезде сөз қалдырған қариялар осылай шежіреге жазған жәна.
Ат қойған үлкеніне Сейілхан деп, Атаған екіншісін Жайылхан деп. Баласын алты Алаштың айрылмастан Білеміз екеуінен өскен жан деп.
Түрікпен сегіз арыс Сейілханнан, Майқы би жеке туды Жайылханнан.
«Түбі бір түгел сөздің түп атасы—
100 Майқы би» деген сөз бар сол заманнан.
Туады Майқы биден өзбек, Сабиан,
Сабианнан Айырқалпақ, Аққалпақ етсем баян. Баласы Айырқалпақ Қазақ, Созақ, Созақтан Қарақалпақ өрбіген жан.
Туады Аққалпақтан және Қырғыз Қырғызды Сабианнан деп біліңіз.
Тілінде аз кемшілік болғандықтан Атанған ақ қалпақты сақау Қырғыз.
Қармалап жаңа жеттім мен Қазаққа, 110 Басымды байлап алып бұл азапқа.
Азабым бойыма құт болар еді, Қалмасам қате болып зор ұятқа.
Қатесіз пенде бар ма Хақтан өзге, Дауа жоқ нақақ жетпей айтқан сөзге. Тұтынып өтірікті айтпау үшін Қайтадан анықталып түссін көзге.
үш арыс ол Қазақтан туған бала, оларда шын туыстық болған сана. Ақарыс, Жанарыспен әм Бекарыс 120 үш жүздің аталары болар жәна.
Сан емес бұл жүздеген жүз деген сөзі, Дарияның арғы жағы бергі жүзі.
Негізін жүз сан деп іздеген сөз Дейтіндей бетін қоныс мезеген сөз.
Түркістан ол кездегі отандары, Болыпты ата қоныс мекендері. үшеуі қазақ елін үшке бөліп, Болыпты бегі, сұлтан әм хандары.
Салтанат құрған болар қатар қонып, 130 Көшпелі бір қатары шаһар болып. «Ақтабан-шұбырынды» дегені анық Қозғалған қонысынан сапар шегіп.
ұлы жүз қараған ел Ақарысқа, орта жүз қараған ел Жанарысқа. Кіші жүз және дағы деп айтылған Бір кезде қараған ел Бекарысқа.
Тарихта қазақ халқы азап көрген, Жеті жыл тұтасынан аштық келген.
Азықсыз осы аштықтың салдарынан 140 Әр жүздің ортасынан адам өлген.
Жауласқан және дағы қазақ, қалмақ, Қалмақты болған қазақ шауып алмақ. Алалық алтыбақан арқасында Қазақты қалмақ шауып болған салмақ.
Қонысынан ауған қазақ кезекпенен, Сергелдең екі түрлі себеппенен. үш жүздің басын қосып жақсылары Қоштасып көшпек болып ретпенен.
үш жүздің хан мен биі, көшбасшылар, 150 Басына Қаратаудың шыққан олар. Қоштасып жер-суымен жыраулары өлең-жыр жүз ауыз айтқан болар.
үш жүздің ортақ өлең баласына, Қараған Қаратаудың қаласына. ол жырдың басы болған айтуына Қазақтың мәлім барлық баласына.
«Басынан Қаратаудың көш келеді, Бір тайлақ көшкен сайын бос келеді.
Айрылған қарындастан жаман екен 160 Мөлдіреп қара көзден жас келеді».
Таралған Қаратаудың даласына, Дегеннің мен қазақтың баласына. өлеңі Қаратаудың жалпы ортақ Қазақтың хан мен билер арасына.
«Матаусыз сөз байлаусыз» дегенді ойлап, Бұл сөзді кірістірдім жақсы жайлап. Мүмкіндік отыруға болмаған соң Кірістіруге ойланып сөзді сайлап.
Ел ауған еркін қоныс ыңғайымен,
170 Жерінің және отырған жағдайымен. ұлы жүз оңтүстікке қарай көшкен, орта жүз солтүстікке маңайымен.
Кіші жүз күнбатысқа қарай көшкен, орал мен Бөкейліктің шалғайымен. Ел болып қоныстанып қона қалған, Тап болып келген таланына маңдайымен.
Мұнан соң қазақ басын қоса алмаған, Қалмаған дос-дұшпаны өш алмаған.
Бас амандап қазақ кеткен азып,
180 Дұшпанын тізе қосып тоса алмаған.
үш жүздің ойран түсіп баласына Бір тасып төгілген соң шарасына. Жауласып және дағы жанталасып, Жел түсіп өзді-өзінің арасына.
Қалған соң енді бұлар ел болудан, Деген сөз ел болайық жем болудан. Әбілқайыр, Абылай хандар заманында ресейдің кірген қазақ панасына.
Бір мың жеті жүз отыз бірінші жыл, 190 Бағынды руссияға дәл осы жыл. Ел қылған бізді басып орыс халқы Қазақтың кәрі-жасы осыны біл.
Кіші жүз Әбілқайыр хан бастаған, орта жүзді Абылай хан әм бастаған. Ант беріп бұл екеуіне бағынған соң Паналап дәуір сүрген екі жүз жыл.
ленен мен Сталиннің дәуірінде Теңдіктің пайдаландық бәрінен де.
Атанып Қазақстан, қатарға еніп, 200 Деп тұрмыз жасаймыз деп мәңгісіне.