Шыңғыс хан, Тэмуджин, Тэмужин, Темучин (1155/62— 1227)—қазіргі ҚХр, гансу өлкесіндегі Ся елді мекенінде туылған. Шыңғыс хан империясының (1206 жылдан бастап) негізін салушы ұлы хан, қолбасшы, саясаткер. Шыңғыс хан Азия мен Шығыс Еуропа халықтарына қарсы жаулап алушылық жорықтар ұйымдастырды. оның арғы тегін Шығыстық мұсылман және түркі шежірешілері оғыздың қият руынан, ал қытай мен моңғол тарихшылары Ди-Шивэй тегінен таратады.