Шежіре-өлең
Жырда қазақтың түп атасын Әнес сахабадан өрбіте отырып, жыршы өзінің атасы орта жүз, оның ішінде уақ руының ұрпақтарын таратады. Арғы атасы Жаубасардың қалмақтар мен болған соғыстардағы ерліктерін дәріптейді. Мәтіннің соңын да жырға енбей қалған руларды қарасөзбен атап өтеді. оның себебі туралы былай дейді:
өлеңмен жаза берсек көпке жетер, Жазбадан көрген сөзім болмас бекер. Ендігісін қарасөзбен жазып таста, Шірітпей кәрі миды босқа бекер.
Шежірені халық мұраларын жинаушы Қарамендин Сейітқали Семей облысы, Бесқарағай ауданы, бұрынғы Семеновка совхозының тұрғыны, 93 жастағы қарт Заһидолла Қауменұлынан жазып алған. 1991 жылы осы қолжазбаны көшіріп жазып алған—белгілі жазушы-ғалым Ақселеу Сейдімбеков. Мәтіннің араб әрпінен кирилл әрпіне түсірілген осы көшірмесі қолжазба қорында сақтаулы [Әөи.Қ.1213].
Мәтін А.Сейдімбековтың жеке мұрағатынан дайындалды. Алғаш рет жарияланып отыр.