Шежіре өлең
Қолыма сөз жазуға қалам алдым, Ескірген, көне сөзге құлақ салдым. Біреуден пұлға сатып алғаным жоқ, Несіне бөгелемін қолда бардың.
Қағазға білгенімді жастайымда, Артыма сөз ғып оны тастайын да. Кейінгі ұрпағыма мирас болсын, Қалды сөз, шежіреден бастайын да.
Жазайық ұрпақ үшін білгенімді,
10 Шамамша тіршілікте көргенімді. осыдан керек болар деген оймен, Жинақтап аз да болса, тергенімді.
оқысын, білген адам жазған хаттан, Екі сөз бірден-бірге келе жатқан. Жастарға талабы бар ескерілсін, ойласа, үлес қалған үлкен қарттан.
Дүниеге келген адам бірі—ілгері, бірі—арттан, Талапкер жастар болмақ білімі артқан.
Қалсын деп, кейінгіге жазған сөзім— 20 Бетіне ақ қағаздың қалам тартқан.
Жазайын, атам қазақ шежіресін, Бұл туралы жұрт айтады, сен білесің. Қатесін білген адам түзей жатар, Несіне білген сөзден кідіресің.
Атам—Әнес, түріктің ұрпағынан, Барғаны Мединеге емес жалған. Малменен Мединеге орныға алмай, Басра шаһарына көшіп барған.
Батыр боп, Мұқаметтің туын ұстап, 30 Ғакаша деген атты содан алған. Пайғамбар дүниеден көшкеннен соң, Тұра алмай Басраға, кейін барған.
ұрпақ үшін үш әйел бір өзі алған. Бұлармен жүріп, таныс болғаным жоқ, Деп айтады «жүз жасаған».
Еншіні көзі барда бермек болып, Шақырып қатын-баласын, жиып алған.
Бірдей етіп бөліпті дүние-малды, Жансыз малды бір есеге бөлген екен, 40 Кіші әйелге бірыңғай берді малды.
Ғакаша Мәдинеде кедей болған, Кіші әйел төркініне бір күн барған. Сүтін ішіп, күн көріп тұрам ба деп, Екі ешкі апасынан сұрап алған. осы ешкіден мал өсіп, айырбастап, Ғакаша көп ұзамай бай боп қалған. осы күні әйелдің төркіндеуі— Мінекей, мирас болып содан қалған.
Кіші әйелге жанды мал бергендігін, 50 Атамыз осы арасын көңілге алған.
Кіші әйелдің баласы Қабыл, Жабіл, Бәйбішенің ұрпағына ұнамаған. Балалар бұл қорлыққа шыдай алмай, Туыстап, Түркістанға көшіп барған. Көп малмен шаһарға кіре алмай, Ен жайлап, сахараны мекен қылған. Қабылдан өсіп-өнген дейді қалмақ, Тау-тасты мекен қылып, онан арман.
Шаһар жоқ ел, ен далада оқу көрмей, 60 Надан болып өсуіне себеп болған. Жабілден Ақмар, Мағаз екі ұл туды, Ақмардан моңғол халқы өсіп-өнді. Мағаздан Ақшолпан жалғыз туып, Ақырында бірталай адам болды.
Ақшолпаннан—Аққурай, дейді—Аламан Бұлардан өткен дәуір, талай заман. Аламаннан Ноғайлы, көп ел болып, Хандық дәуір ұстапты талай заман.
Аққурайдан туған бала—Асан, Алаш, 70 осы жерге бірталай кірген талас. Асаннан өскен жанды—Естек дейміз, Бізбенен бір тұқымдас—дегені рас.
Алаштан туған екен екі бала:
Бірі—Сейілхан, бірі—Жайылхан,—депті жана.
Сейілханнан Түрікпен сегіз арыс,
Жайылханнан Майқы би—жеке дара. «Түркі тілдің түп атасы—Майқы биден» Деген сөз тағы бар ғой, бұрын жана.
Майқы биден Супиан, туған өзбек, 80 Бұл жерде айта берсек, тіпті сөз көп. Естектен өзбек сонда бір қыз алып,
Шаһарда тұрып қапты «бұ да жөн» деп.
өзбек жас та болса, ақыл тапты, Көңілмен оқу-білім бек ұнатты. Супиян малыменен әуре болып, Жүргенін сахарада мақұлдапты.
Супианнан Аққалпақ, Айырқалпақ—екі ұл туған, Бұлар да атасының жолын қуған.
Аққалпақпен он екі қырғыз өсіп, 90 Қазақпен соғыс қылған неше думан.
Айырқалпақ баласы—Қазақ, Созақ, Созақтан өсіп-өнген Қарақалпақ. Шаһар да жоқ, оқу да жоқ ен далада, рахатсыз, қазақ сорлы, тартқан азап.
Қазақтан Ақарыс, Бекарыс әм Жанарыс, Бұлармен болғаным жоқ бұрын таныс. өсіп-өніп бірталай ел болғаннан соң, Болыпты бір-бірімен шалғай, шалыс.
Ақарыстан—ұлы жүз деп атайды, 100 Білмесе, бұрынғылар неге айтады.
Бекарыстан орта жүз тарап жатыр, Жанарыстан—Кіші жүз деп айтады.
Алты Алашпыз деген сөз—бос сөз болар, ойласақ, осы арасы миға қонар. Естекті қосып айтқан «алтаумыз» деп, Естектің бөлінуі—бұрын болар.
Алаштан өскен жанды санап алсақ, Түрікпен, өзбек, қырғыз, қарақалпақ.
Бесеу болып санаққа қосыламыз, 110 Ен дала еркін өскен—сорлы қазақ.
Естектің қосылмауына мынау дәлел:
10-83
«Сарт—садағам, өзбек—өз ағам»— Деген сөзі қазақтың анықталмақ.
Бекарыстан туған бала алтау екен, Жағасын Каспий теңіз қылған мекен. Алтауы—үш әйелден,—деп айтады, Бұрынғылар осылай айтқан екен.
Бәйбішеден Қарақожа, Ақтамқожа, Екіншіден—Нәдір мен Момынқожа.
120 Атасы бір болғанмен ана бөлек:
Кіші әйелден Смағұл мен Қасымқожа.
Арғын атасы болады—Қарақожа, Қыпшақ атасы болады—Ақтамқожа.
Надырқожа баласы—Қармыс, Қоңырат, Найман атасы,—деп айтыпты,—Момынқожа.
Тарақты,—деп Смағұлдан ошыбай жеке, дара, ошыбайдан Керей туды жалғыз ғана. Керейден—Абақ пенен Ашамайлы, Ашамайлыдан—Танаш би жалғыз ғана.
130 Танаштан Сибан, Балта, Көшебе туған, Бұлар да атасының жолын қуған. Тоқалдан Тарыша жалғыз туып, Бөлініп төрт атаға бұлар тұрған.
Арғыннан алты бала,—деп айтады, Білмесе, бұрынғылар неге айтады. Ақсопыдан Қанжығалы—ол бір ата, Арықсопыдан Тобықты деп айтады.
Қарасопыдан Қарауыл—ол бір ата, Сарсопыдан Тарақты деп айтады. 140 Баласопыдан Тоқтауыл мен Бектауыл, Момыннан Мейрамсопы деп айтады.
Мейрамның үш әйелі болған екен, Көңілі мал мен басқа толған екен. Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік— Бұл төртеуі бәйбішеден туған екен. Елемес—тоқал шеше Айнакөзден, өсіп-өніп, Торғай жақты қылды мекен.
Елеместен өсімбай туған бала, өсімбайдан Шағыр батыр болған жана.
150 Шағыр баласы Аманжол деп айтады, Аманжолдан Шақшақ батыр—туған дана.
Бұл Шақшақ өз тұсында болған батыр, Шақшақтан Қошқар туып келе жатыр. Соғыста Шақшақ батыр «Аманжолдап», ұран боп, сонан бері келе жатыр.
Мейрамның үш әйелінен Болатқожа, өсіп-өніп, көп ауыл болды бұ да. Кім көп болса, сол мықты болған кезде, иығын көтерді ғой бұрын бұ да.
160 Қаракесек—деп атапты мұның атын, Қалмақ қызы—деп айтады шеше затын. өзге Арғыннан өздерін артық атап, Көтеріп сөз сөйлейді, ата даңқын.
ұзатып не қылайын, сөзді көпке, Сөздер көп айта берсе, бұл ретте. Сүрініп, бір көдеге жығылса да, «Сақтай гөр» деп, сиынар Қазыбекке.
Артық болып жаралған бір жыныс қой,
Әулие деп мақтасақ Қазыбек деп, 170 ойлап тұрсақ, өрескел бір жұмыс қой.
Ақтамқожа баласы—Қыпшақ батыр,
Жаза берсем, бірталай сөз боп жатыр.
Қыпшақтан ойбас туып аты шықты: Дұшпанға орнаттым,—деп,—заманақыр.
ойбастан Сүйін туып, болды мықты, Дұшпанын ерегескен жерге тықты. Сүйін батыр «ойбас» деп ұран салып, Әркімге ойбас батыр ұғынықты.
Ақкөбік сол Сүйімнен туған екен, 180 Атасының бұ да жолын қуған екен. Ақкөбіктен Мейірмалы деген туып, Жау қайда, деп байлаған белді бекем.
Мейірмалыдан туыпты Абыз сары, Абыздан төрт бала туған жана.
Құлан, Қыптай, Сары—бұл үшеуі, Төртіншінің аты,—дейді,—батыр Қара.
Қарадан туған бала Ісләм деген, Қамқор болып бұқараның қамын жеген.
осылай шежіреде жазылыпты,
190 Ісләмнан туған бала Сейіт деген.
Сейіттен туған бала—бай Тоқтарбай, Малы көп, көңілі жарым, бала болмай. Сексен жасқа келгенде бала көріп, Той қылып, ел жиналды бірі қалмай.
Шақырған соң жиналады адамдар көп, Ақсарбас айтып, сойған етінен жеп.
Жиылған қарт, қария, ақсақалдар, Баланың атын қойды «Қобыланды» деп.
Қобыландыдан он екі ұл туған екен, 200 Ту тігіп, ен далада қылған мекен. Шежіреге осылай жазылыпты ырым қылып, кенжесін «Тоқтар» деген. Қобыланды көп дұшпанды сыйлап өтті, Күшімен көп елдерді билеп өтті.
Тоқтардан туған бала—бесеу болар, Аттарын айтып жазсақ. миға қонар. Торы, ұзын, Қарабалық, Бұлтың, Көлденең— осылай деп жазыпты бұрынғылар.
Мен көппін,—дегенменен,—даулы Қыпшақ, 210 Ерегессе, қоймаған жауды Қыпшақ. Баласы бір Тоқтарбайдың бес таңбалы, Демей ме «тоқсан екі баулы қыпшақ».
Бұл Қыпшақ—ел іргесі деп айтады, Сары мен Құлан, Қытай өзі бөлек.
Бұларды Қарақыпшақ деп атайды, Бұл Қыпшақ төрт атаға бөлінеді, Жазбадан бұлар солай көрінеді. Сары мен Құлан, Қытай былай қалып, Баршасы «Қарақыпшақ» делінеді.
220 Бұдан былай өз атамды жазайын, Керей, уақ—екі тайпа ел бірге.
Туған Қасымқожа, Смайылқожа,
Қасымқожа баласы—ер Жаубасар, Жақсы сөз айта берсең, көңіл ашар.
ол кезде ұрлық, зорлық, ел тонаушы өнер болып, ұл болып туса, мойнына қару асар.
Жаубасар атам—батыр жауда өліпті, Солай,—деп айтылады,—кім көріпті.
Панасыз жесір қалған жесір анам, 230 Қорлықпен жылап-сықтап күн көріпті.
Бір соғыста Жаубасарға ажал жетті, Дүниеден теріп жейтін дәмі бітті. Панасыз жастай қалған сорлы жетім, Ерінен қалған екен жүкті.
Атам—уақ Жаубасардан іште қалған, Кімге тұрақ болады мына жалған. Туғанда атам уақ, нашар туып, Атанып «уақ ата» содан қалған.
ошыбай жүреді екен, болып нала,
240 Қалдым деп Жаубасардан жеке, дара.
«Жеңгем менің жүкті болып қалған»,— Дейді екен «ұл берсін,—деп,—Хақ Тағала».
Толғатып, анам сорлы қырда тұрған, Сорлы жетім көз жасымен бетін жуған. Шуылдап, көп әйелдер отырғанда, Барылдап, анамыздан бір ұл туған.
Бір әйел жүгіріп келіп, есік ашып, ошыбайды қуантпаққа асып-сасып.
«Сүйінші, жеңгең ұл тапты» дегеннен соң, 250 ошыбай жүгіреді аттай басып.
Баланы әкеп берді «мінекей» деп, ошыбай қолына алды жас иіс деп. «уақ болып туған екен» деп,
Әйтеуір қуанады ұл екен деп.
Жаубасар атам—батыр жауда өліпті, Солай,—деп жазылыпты,—кім көріпті. Панасыз, жесір қалған анам сорлы, Аздан соң ерленуді жөн көріпті.
«уақ» деп ат қойылған соныменен, 260 Басқаның ісі бар ма мұныменен. Жеңгесін ошыбайға тигізеді, Атаның бұрын салған жолыменен.
уақ өсіп, ержетіп жүре берді, үйреніп жас болса да әр өнерді. «Әкең сенің жауда өлген» деп айтуды, Шешесі баласына мін көреді.
өседі күннен-күнге тұлғасы асып, Жүргенде жерді ойғандай қадам басып.
Бір күні қарт-қария, шал мен кемпір, 270 Сөйлейді қуанышпен көңілі тасып.
—Мына бала батырдың нағыз өзі, оттай лаулап, жанып тұр екі көзі. Бұрынғының айтқаны келді, міне, «орында бар оңалар» деген сөзі.
Жас бала мұны сезіп тұра қалды, Жүрегіне бір түйсік кіре қалды.
Түнеріп, түсі қашып, үйге келіп, Мәнісін шешесінен сұрай қалды.
уақ бұрын әкесін білмейтұғын,
280 Әкем деп ошыбайды жүретұғын. Керей мен уақты бірдей көріп, ошыбай да көңілін бөлмейтұғын.
Анасы айтты: «Кімді алмас мына жалған, Әкең өлгенде бала едің іште қалған.
Әкең аты, шырағым, ер Жаубасар,— Төменшік болмасын деп айтпадым бұрын саған».
уақ өсіп, ержетіп болды мықты, «Ақбалтыр палуан» деген аты шықты.
«Әкем атын қалайша атаймын» деп 290 Бір түйін жүрегінде болды күпті.
Бір соғыс қалмақпенен бола қапты, «Аттан» деп жас жігітке дабыл қақты. Асынып қару-жарақ жас жігіттер Жол түзеп, жауға қарай шеру тартты.
Көрінді жау қарасы қомағырақ, Тайсалып, жас жігіттер тұрды жырақ. Не болса да, әкем аты аталсын деп, Ту көтеріп ұмтылды «Жаубасарлап».
уақ кетті «Жаубасарлап» салып айғай, 300 Жас жігіттер жөнелді бірі қалмай. Жастардың қол қайраты асып кетіп, ығысты қалмақ сонда шыдай алмай.
Қалмақты бұл соғыста қырып салды, олжа қылып ат-тонын қазақ алды. Баласының ерлік қылған ісіменен Жаубасар ұран болып сонан қалды.
уақтан жалғыз туған,—дейді,—Әлімбай, Мұны мен жазғаным жоқ сөз таба алмай.
Әлімбайдан ер Қамбар жалғыз туған,
310 Қара қасқа аттан тоқым кетпей, ері алынбай.
Қамбардан Ермен, Жусан—екі бала, Ерменнен ер Көкше, туған жана.
Ер Көкшеден ер Қосай батыр туып, Қалмаққа дабыл қаққан жеке, дара.
Ер Қосайдан Алшағыр деген батыр, Алшағырдан Қызылшар, Қылды батыр. «Қылдының қырық қасқасы» деген мақал Сөз болып бұрынғыдан келе жатыр.
Қылдыдан—Қарамұрын, Жандалы, Жантелі,
320 Шөкше, Жантелі,—деп жазыпты
менің атам Жақан.
Сыбанғазы, Тоқтамыс—Жантеліден
Түзетер, білген кісі, болса қатам.
Мен жаздым өлең қылып қолда барды, Жоғалып бір шежіре ерте қалды.
ұмыттым, жас кезімде ерте айырылдым, Еренше, Шұға мен Сарман бар-ды.
Тоқтамыстан Қойғабыс, Байсиық, атам Байыс, Бұлармен болғанмын жүріп таныс.
Байсиықтан Солақай мен Қалыбай батыр, 330 Қалмақпен өз тұсында қылған шабыс.
Байыстан менің атам: аты—Жаркел, осыдан тарап кеткен бейуақ ел.
Бейуақ—атамыздың аты емес, Байлығына ат қойған көршілес ел.
Жаркелдің үлкен ұлы ораз болған, Сырымнан Есенгелді бірге туған.
Ағасын мал мен жанға ие қылып,
Ту ұстап, өз тұсында бұлар тұрған.
Бұлантай сол ораздан жалғыз туып, 340 Қосылып ағасына белін буған.
Есенгелді, Бұлантай аты шығып, Қалмақты осы жерден солар қуған.
Құдайкөл, Көлбай батыр, Есенгелді, Қалмақтан тартып алған осы жерді. оң қолын Құдайкелдінің оқ үзгенде, Ту жықпай, сол қолымен жүре берді. Ерлікпен сол қолымен туды ұстап, Аталды «Солақай» деп содан бері.
Шайкөзден—Шотқара мен Қосай батыр, 350 Қол жинап бұлар дағы келе жатыр. өрдегі Найман, Терістаңбалы бір ауылдан Қосылды Бөкембай мен Қара батыр. осылар басын қосып біріккен соң, Түсіпті қалмақтарға заманақыр. Шолпанқұл, Бекембай мен ер Балқыбек, Мінеки, арттағыға сөз боп жатыр.
Қалмақты жерден қуған, міне, осылар, Шындықты жаза берсек, сөз қосылар.
Бұл сөздің шындығына куә болып, 360 Қалмақтар жұртын тастап қашып кеткен. Қалмақтан Мөңке деген садақ тартып, Қарынын Бөкембайдың тіліп өткен.
Бөкенбай кейін қарай қайтып кетті, Алдына Шолпанқұлдың жүгініпті. Ішек-қарын оқ тигеннен аман екен, Жібекпен екі жерден ілік тікті.
Бөзбенен неше қабат орап байлап,
«Бөгелмей, алға қарай ұмтыл» депті.
Шығысқа көп қалмақты қуып барған, 370 Көбейіп қалмақ сонда соғыс салған. Төлеке—Бұлантайдың үлкен ұлы,
Тұтқын боп, қолға түсіп сонда қалған. Төрт ұлы Төлекенің жетім қалып, Әйелі—жас келіншек жесір қалған.
Көккөз, Қарасай, Қазанғап, Қожаберген— Тұқымы бар елімізде онан өрген. Бір мың тоғыз жүз екінші жыл, Қалмақтағы Төлекеден хабар келген.
Әділхан «іздейміз» деп жүрген кезде, 380 Қажыға барып, Меккеде о дағы өлген.
Төлеке тұтқын болып, болған ғаріп, Жамағат, өтірік емес, сөзім анық. Сол жерде қазақтар бар араласқан— Төлеке үй болыпты қатын алып.
Әйелінен Төлекенің төрт ұл туған, өзгертпей атасының жолын қуған. Мұндағы төрт баласы естен кетпей, өзгертпей, төртеуінің атын қойған.
Мың сегіз жүз тоқсан сегізінші жыл,
390 Сол жерден біреу келген, өз әкем сол қазақты көзбен көрген. ондағы Төлекенің ұрпағынан, Әділханға хабарды осы берген: «Жеріміз бай, еліміз бай, тыныш тұрамыз Елу үйміз Төлекеден өсіп-өнген».
Солай деп туыстар хатқа жазған, Әділхан іздемек боп ойына алған. Түс көріп, қажыға оқыс кетіп,
Сүйегі қажы атайдың сонда қалған.
өлеңмен жаза берсек, көпке жетер, Жазбадан көрген сөзім болмас бекер.
Ендігісін қарасөзбен жазып таста, 403 Шірітпей кәрі миды босқа, бекер.