Шежіре
Жараттың жанның бәрін Жаппар Халық, Жеткерсең, рахметің көп қазыналық. Адамға ажал мирас болғаннан соң, Бара жатыр: біреу—кетіп, біреу—қалып.
Білгенге баяны жоқ бұл дүниенің, Әркімге-ақ еткен жоқ па би-опалық.
Алланың сүйген досты—Ақ Сәруары Көркейткен ислам жолын шамдай жарық.
Шаһариар Әбубәкір, омар, оспан, 10 Күш берген Әлі шерге қаншамалық. Іскендір Зұлқарнайын, рүстем Дастан, Сүлеймен сүрген дәурен падишалық.
Жалғанның опасызы ойлағанға: Дегізген соқтырып сан, оһы дарық. өлшеулі өмірің бітіп, таусылса дем, Болмақшы бір күн набыт, кемең ғарық.
Құрулы жүретұғын жолда тұрған, Ажал—ау, мысалында, адам—балық.
Артында өзге қалмайды, сөз қалады,
20 Тыңдарлық болса, нұсқа, тек жаңалық.
Алпыстан асқан соң жас айналдырды, Шырмалтып отбасында шаруашылық. Құнанбай, Мырқы, Шабдан, Досжан хазірет Меккеден келген екен бір шежіре алып.
Сарапқа салыстырып қарағанда, осыны өзгесінен көрдім анық. Бастадым Ансариден бермен қарай, Аңлатып ата жолын ескі тарих.
Атамыз Ансариден туған Мәлік, 30 Кісі екен тура жолмен еткен талап. Толығып жасы ортаға жеткен кезде, Аннасты берген екен, Құдай қалап.
Аннастан Жабал туып, одан—Мағаз, Кезінде қадірлепті халық бағалап. Мағаздан ер Сүһайыл туған жалғыз, Алты ата Ансаридан, көрсең санап.
Құрай, Ақшолпан мен Сүһайылдан, ұрпақтап осы арадан өскен тарап. Туыпты Атар, Татар бәйбішеден, 40 Бағдарын олардың да, біл шамалап.
Екінші анамыздан Қырым туып, Батыр боп қол бастапты, күнге жарап. Атардан Естек, Башқұрт туған егіз, Татардан Ноғай жалғыз, туған дарақ.
Қурайдан туды Аламан, бәйбішеден, Тоқалдан туған Тете, Серкеш, Жанап. үшінші әйелінен шешен, үңгіш, Сол жерден ажырапты бермен қарап.
Сейілхан баласы екен Аламанның
50 Жүретін жалғыз өзін, көпке балап. Түрікпен сегіз жүйе Сейілханнан, Жауынгер алған атақ, жұртты қанап.
Жайылхан Ақшолпаннан туған екен, Данышпан болып артық, ақылы сарап. Болыпты Жайылханның екі әйелі, Таңдаулы қалап алған халықты аралап.
Майқы би, Мүйтен туып бәйбішеден, Көрмеген кемітіп дос, жат табалап.
Майқыдан Түмен дара туған екен, 60 Секілді көлеңкелі гүжім дарақ.
Туыпты тоқалынан Жайылханның, Әлеуке, Шақшақпенен іле-шала-ақ. Түменнен өзбек пенен Жаһан туып, Кіргізген шежіреге үлкен санақ.
Түменнен өзбек, Жаһан екі бала, Айрықша Жаһан бопты, ақыл-дана. Тәжіктен бір сұлу қыз алып өзбек, Бөлініп өз алдына шыққан дара.
Бұхара, Самарқан мен Тәшкен, Қоқан 70 өзбектер еткен мекен қоныстана. Жаһаннан Келмек пенен Айырқалпақ, Екеуі бір анадан, туған жана.
Келмектен қырғыз жалғыз туған екен, ыңғайлап Алатауды жадына ала. Қырғыздар екі арысқа бөлінеді, Атанып бірі—сары, бірі—қара.
Туыпты Қазақ пенен Созақ бірге,
Әкесі Айырқалпақ, бір дейді—ана.
Созақтан Толағай мен Сүйір туып, 80 Мекені атанады деп «Бес қала». үргеніш, Төрткөл, Шымбай, Тақтакөпір, Қонысы Толағайдың тап сол ара.
Толағай әуелде аты болғанменен, Атанған «қарақалпақ» бара-бара.
Ескеріп, есіткенде білетіндер, Түзетер кем-кетігін, болса шала. Тоқтатып осыменен өзгелерін, Қазақтан бастайын сөз, келсе шама.
Қазақтың алдым қолға өз баласын, 90 Айтпаққа ажыратып шекарасын. Айырып аталарын айтып өтем, Тыңдаушым, көрсе қолай сөз саласын.
Қазақтан Наурыз, Алаш—екеу туған Наурыздың деп атайды, үлкен жасын. ұрпақсыз өлген Наурыз жазғытұры, Келер жыл көктемде беріпті асын.
Қазақтың балалары содан бері,
«Наурыз» деп қойыпты атап, жылдың басын.
Кезінде Алаш батыр болған екен, 100 Ерлікпен жайған жұртқа ауазасын.
Жапырып жеңіп жауын талай жерде Таңданған көрген халқы тамашасын.
ұранға аты шығып заманында, Жаңғыртқан жазираның ен даласын. Тәшкеннің дариясының жағасында, Қазақтың қалды дейді қанағасын.
Айырып ата жолын аша алмасаң, Сөзіңнен сыбағалы құр қаласың.
Аларлық ажыратып болса, шамаң, 110 өзіңді үш арыстан тез табасың.
Ақарыс, Жанарыс пен Бекарыс деп, Алаштан айтад бастап шекарасын. Ақарыс ең әуелі, бұрын туған, үлкен дейді екеуінен жас шамасын.
Жанарыс ортаншысы деп айтады, Жорықта жаудан алған сыбағасын.
Алаштың Бекарыс би кенжесі екен, Ауқымға тартқан топтап айналасын.
Бақ қонып, қыдыр дарып әулетіне,
120 ұлғайтып өсірген тең мал мен басын. үшеуі енші алыспақ бопты бір күн, Ата жолы әдет солай, не қыласың.
Енші алған Таңбалытау деген жерде, Көніспей туғызыпты сөз таласын. «өздерің оңысып, енші алыңдар» деп, Әкесі берген екен патихасын.
Енді олар тура тұрсын сол бетінше, Аяқсыз қалдырмалық сөз жалғасын.
Балаларын шақырды Алаш «мұнда кел» деп, 130 Мақсаты—болды еншісін өзі бермек. иіртіп бір шұңқырға барлық малды, Айтыпты «бірдей қылып, төртке бөл» деп.
Бөліпті біршілікпен қой, түйені, Бірінің айтқан сөзін бірі жөндеп.
Жылқыны бөліскенде келіспепті, Таласып кешке дейін, бекер шөлдеп. Келіспей келді үшеуі әкесіне,
Қарияның айтқанына, болып көнбек.
Алаштың өзі шықты ертеңіне, 140 Мінді де дайын тұрған, атын ерлеп.
Жүз жылқы айдап салып күншығысқа, Айтыпты Ақарысқа: «алшы сен» деп. Шығарып арқа бетке жүз жылқыны, Беріпті Жанарысқа «егелен» деп.
Кенжесі Бекарысты қасына алып,
Жүз жылқыны беріпті ал деп «сен түгендеп». Балаларға бөліп жүзден бергеннен соң, Айтыпты «қалғанына еге мен» деп.
Ас-атау, кемпір-шалдың кәдесі үшін, 150 Кім айтар, сыбағасы жоқ екен деп.
Қолында қалды кіші баласының,
«Кенжесі—үлкен шаңырақ болған жөн» деп.
—Әрқайсысың беттеріңмен қоныстан,—дейді, ырза боп, ренжіспей артық-кем деп. Батасын беріпті Алаш балларына, «Көбейіп ұрпақтарың өсіп-өн» деп.
үш бала өскен ұрпақ Ақарыстан, Бетіне келе алмаған қарсы дұшпан.
Албан мен Суан, Дулат деп айтады, 160 Білетін айтушылар әрбір тұстан.
«Бақтияр» босағасы ұлы жүздің Іргелі ел өзгесінен, бір туысқан. орындап өсиетін атасының, Мекендеп қоныс алған күншығыстан.
Әзіреті Түркістаннан өрге қарай,
Қашқармен қатар жатқан тұспа-тұстан.
Жаз—салқын, қысы—жылы, жері—көркем, ыссыға шөлдеп, халқы тоңбайды қыстан.
Балғын шөп, мөлдір бұлақ, жарастықты, 170 Бір-бірін сұлу жардай сүйіп-құшқан. Қарағай, қайың менен арша ағаштар, Түр беріп, тау бетіне құлпырысқан.
ұлы жүз атамыздың орталығы— Бұл кезде болды ордасы Қазақстан. Суреттеп көргенімді қойса зейін, Жастарға жаңа талап, берген нұсқам.
Баласы алтау дейді Жанарыстың, үлкенін Момынқожа қояды есімін.
Момыннан Ақжол менен Алатау деп, 180 Айтады білгендері әрбір тұстың.
Ақжолдан Арғын туып, іргелі ел боп, Атағы орта жүздің болған өстіп.
Қоңырат Алатаудың баласы екен, Кем демейді, қатарынан оны да ешкім.
Ақтамыр—екіншісі, одан—ойбас, Бір туған баласындай алғыр құстың. ойбастан Қыпшақ туып, өсіп-өнген, Бауыр боп, ол да ішінде бір туыстың.
Сымайыл—үшіншісі деп айтады, 190 Төртінші—Қосымқожа жалғасы үштің. Қосымнан Жаубас, одан Керей, уақ, Бір туған қаласындай қатар тістің.
Бесінші—Қарақожа одан соңғы,
Кенжесі—Дарақожа дейді атамыздың.
Қаптағай Дарақожадан туған екен, Жайылып, жұртқа даңқы қайрат-күштің.
Атамыз Қаптағайдан Найман туып, Би бопты, ашқан кілтін мүшкіл істің.
Керейден орта жүзде Марал шықты, 200 Әруағы айбатындай жолбарыстың.
Арғыннан қаз дауысты Қазыбек би, Атақты егесі еді зор дабыстың. Ерлер көп айта берсек аталықта, осымен келді реті доғарыстың.
Бастауға Бекарысты жаңа келдік, Аталық асулардан өтіп белдік.
Мөңке би туып жалғыз Бекарыстан, Көп нұсқа кеткен тастап байтақ елдік.
Мөңкеден—Арғымақ пен Алау батыр, 210 Туыпты ол дұшпанынан алып теңдік. ұрпағы Арғымақтың—Нәдірқожа, өскен ел, ол да ешкімнен көрмей кемдік.
Керейт пен Қарақатыс, Жауырыншы, Көрсеткен кереметін жұртқа жөндік.
одан соң бір баласы рамадан, рулы ел Жетіруда, бір көлемдік.
Кенжесі Арғымақтың Телеу-Мырза Атаның қара орнында қалған кеңдік.
Нәдірден Тама, Табын, Кердерімен 220 ұрпақтап байтақ ел боп, өсіп-өндік.
Алаудан Құдуар тентек атаныпты
Мінезі болып шалкез солай дерлік.
Құдуардан Алшын жалғыз туған екен, Дәріпті данышпан боп кемеңгерлік.
Алшыннан Сәдір менен Қадырқожа
Бірі—бай, алған атақ, біреуі—ерлік. Атамыз—Қадырқожа заманында
Дәулетпен бай атанып, еткен серілік.
Сәдірден Қаракесек туып жалғыз, 230 Белгілі би болыпты, басы—төрлік. Байсары, Әлім, Шөмен туып одан, өскен ел, ұлан-байтақ ескерерлік.
Кете боп атанады Байсарыдан, Қонысы болғанменен қайбір жерлік. Алты Әлім, бес Шекті, төрт Төртқара Бөлінеді әр атаға дәріп етерлік.
Шөменнен Дөйт, Шөмекей туған екен, Секілді бірі Сүтін, біреуі өрлік. өскен ел—Дөйт ұранды, төрт Шөмекей, 240 Алшында терезесі тең келерлік. Атанып Тоқа, Көнек, Аспан, Бозғұл, Болмаған бір-бірінен кем көрерлік.
Ер шықты осы елдерден мақтағандай, Айтуға адам ебін таппағандай. Әлімнен атақты би, шықты Әйтеке, Ел арын, ер намысын сатпағандай.
Көтібар, Жанқожа мен Есет батыр Дабысы жердің жүзін қаптағандай.
Кем емес, Құлбарақтың Сердәлісі, 250 Айлықты алты басып аттағандай.
Шөменнен Қыстаубай мен Бәйтік шыққан, Қан алмай қасарысса, қайтпағандай. Шобдарда Алмат, Досек, Жанай батыр, Ерлер еді, бетіне ешкім қақпағандай.
Алматты тентек кісі деп айтады, Талайдың үстіне аунап таптағандай. Қашқымбай, Сарман менен батыр Қалдан Қорғалап қысылғандар жақтағандай.
Талқамбай, Сарыбай, Сәдір, би Төребай, 260 Қарсы сөз айтып адам батпағандай. Жабағы жиырма-отыз жыл болыс, би боп, Ер еді елдің тұзын ақтағандай.
Бекмырза, Дәуімшар мен Бегім де өтті, Айнытпай ата жолын сақтағандай. Қабылан батыр менен Зарқұм, Қара, олар да ерлер емес, айтпағандай.
Аттарын әруақты ердің тебіренттім, Талапкер болса жастар жаттағандай.
Алшында Қадырқожа атанған бай, 270 Болыпты дәрежелі дәулетке сай.
Деп айтады он екі ата Байдың ұлы Серкеш пен Алтын, Жаппас, Беріш, Адай. Алаша, Байбақты, ысты, Тана, Таздар, Қызылқұрт, Есентемір, Масқар, Жанай. Түгелдеп осыменен Бай баласын Қысқартып түсіндірдім көп ұзатпай.
Есеке—Алашаның әулиесі, Табылған Тұрғанбайдан сөз жүйесі.
Сырбойлық Алашадан Шайман шықты, 280 Бергенсін бақ пен дәулет ақ иесі.
Тараған әулетіне үлгі болып, олардың қалған нұсқа, өнегесі.
Алтыннан Науша, Қалша, батыр Барақ, Ерлердің сыртқа мәлім шама-шарқы. Алтынның болып белді босағасы, Жалғасып, жеті атаға жеткен арты.
Кішкембай белді кісі батыр өткен,
Жайылған атырапқа шығып даңқы.
Әлібай болыс, Тобжан би атанып, 290 Артылған абыройы, сыйлап халқы.
Жаппаста жүзге мәлім Мәмбет, Мырқы, өткелбай, Аппаз, Қозақ, Қымбат нарқы. Мұңайтпас, Жүсіпбек пен Басығара олардан сескен үш рет сайлап сарты.
итқара, Жамантайдай жүйрік өтті, Тік тұрған, тізгін беріп Серкеш жұрты. Адай да айбатты ел деп айтады, Секілді, жауатұғын қардың бұлты.
ысықта орман өткен—атақты адам, 300 Елінің егес жерде болған құлпы.
Таздарда Сауытбайдың Тоқтамысы, Неше жыл болыс болған сыйлап ұлты.
Тәуірін таба алмадым төрт атаның, Қонысы басқалықтан, болып «мүлті». Аз емес, Жетірудың жақсы адамы, ойға алдым, оларды атап, бастағалы.
Батыр мен билері көп үздік шыққан,
Деместей ешкім, қалай—мақтағаны.
Төлеуден Есенгелді, Әймен шықты, 310 Айырған алжастырмай ақ-қараны. Аққошқар-Жағалбайлы, Дербісәлі— Дәреже, дәулетке сай, бақ қарады.
Кердері Әбубәкір көпке мәлім, Сарқылмас сөздің кені қаптамалы. Басылған қисса қылып өлеңдері Жыраудың толып жатыр, жаттағаны.
рамадан Жиренше мен Алдаркөсе, Талайдың сөзбен сұлқын басқан неше.
Айрықша үздік шыққан заманында 320 Ділмарлық ерлер екен, еткен неше.
Хабардар қариялардан сұрай берсін, Шоңбайдың бұл айтқанын бекер десе.
Тамадан ерте шыққан Есет батыр, Кісі екен қысылғанда мыңға татыр. Қалмақ пен қарақалпақты жер аударып, Салыпты бастарына заманақыр.
өмірбай, Боранбай мен Борбастардың Аттары әлі ескірмей бара жатыр.
Сейітін Қоңырбайдың кім білмейді, 330 Талайдың болып кетті орны тақыр.
Арқада Қаражүсіп қандай еді, ұрпақсыз ол да жөнеп кетті пақыр. Тамамдап Таманы әзір осыменен, Керейтке Шоңбай жаңа келе жатыр.
Керейттен қожа шықты Қосым атты, Кісі екен әруағы мол, кәрі қатты. «Қарадан қалай қожа шығады» деп, Есіткен елдің бәрі таңырқапты.
9-83
Жан берген жеті өлікке Мүсірәлі, 340 Көрсетіп көп ішінде кереметті. үш жүздің кеңесінде Күлтөбеде, Пірлікке бір ауыздан халық ұнатты.
ортадан Әйтеке алып кеткеннен соң Пір болып Қаракесектің дәмін татты. Керейттен шыққан пірдің күмәні жоқ, Нандырған намі қазақ уәлаятты.
Керейтте би боп өткен батыр Манақ, Қуантай жастай кеткен жауға жарап.
Аманжол, Дәулет, Мәмбет, Бедер, 350 Қасым мен алты атаға келді тарап. Жартайдың болды бұлар босағасы, Секілді бірі—қару, бірі—жарақ.
Бегалы, Тынымбай мен Әбет болыс, Шаған мен Аламесекті еткен қоныс. Ел еді жатқан жалпақ жерге сыймай, Бір шеті—Самырат пен Қарақуыс.
Кішкембай, Сегізбайдай өтті ақсақал, Қайырлы ерлер еді, елге ырыс.
Дөңмұрын, Қосназар мен Келдібай би, 360 Солар ед сөз егесі сахып құрыш. Атсейіс, әруағы мол адам еді, Қалғаны Қоқыбайдың болмас дұрыс.
Аманбай бай өлмесе, неге өледі, өлгенсін жарлыға бай теңеледі.
Сұлтанға осы тұрған апармас па, Бозай мен Қасаболаттан не көреді.
Қолы оның көкке қарап жатқанында, Бір шайқы үйге кірген неден еді.
Қайтерін біле алмай жұрт тұрған шақта, 370 Әлгіні айта салып жөнеп еді.
Сол кезде қолы орнына түскен екен, Құдірет қандай күшті шебер еді. Кетіпті халық ішінен ғайып болып, Жай адам болса, қайтып келер еді.
Ғайып ерен, қырық шілтеннің біреуі деп, Кең ойлы кемеңгерлер межеледі. Атасын алып барып Түркістанға Әруағын адал бала елеп еді.
Бозайдан Айқара мен Сасық туды, 380 үш ата Амандыққа шөбере еді. Майлыбай итқарадан Әбет болыс Жеті ата Қожахметке келер еді. Бұл дағы болған аға бес Бексанға, Ерлерді еттім баян өнегелі.
Мырзабай Арбалыдан ақын шықты, Әрі емес, күні кеше—жақын шықты. Әбжәли әулиенің ақыры еді
Тақырда жазылған дем ғапыл шықты.
Табынды әр атаға айыруға,
390 өзімше ойластырсам, мақұл шықты. үш бала: Ағым, Бозым, Шаңқан туып, Ішінен небір қазел, батыр шықты.
Ағымнан туған екен алты бала үлкені Айдар, Таушан, Теке жана. Қожантай, Қаракөңке, Дандаменен Алтауы түгел шығар, аңлап қара.
Таушанның тауып айтар тұқымы жоқ, Қатардан қалғанменен тап осы ара.
Айдардан Дүзей, Дербіс, Бегалімен 400 Тоқберлі деп айтады туған дара.
Аралбай, Тоқберліде батыр Қабан, Тұрғанбай, Досым, Топан сөзге маман. Қуанбай, Досымбет пен Нүрке, Досжан Кем болмай, қатарынан өткен адам.
Елеусіз үш атаға келіп еді,
Қалайша Адамбайды айтпай қалам. Біреу кеш, біреу ерте жөнеп жатыр, өлшеулі өмір беріп Ақ Тағалам.
Би Мысық Тартулыда ел ағасы, 410 Ас тойда бұрын келген сыбағасы. Текеден Күскен мен Тоқай туған, Ешкімнің бұл сөзіме жоқ таласы.
Төрт бала туды дейді Күйекеннен:
Бердіғұл, Шал, Сасай мен Қалдау жасы.
Сасайдың бес баласы бірі—Сары, Текенің тұқымынан болды жары. Атанша, Ақыл, Төлек, Тоқтамыс деп, Айтады білетұғын қариялары.
Бұқарбай батыр шықты Атаншадан, 420 үш арыс біледі оны, жүздің бәрі. Барғанда Баһауадинге берген екен, ықыласпен қабыл болып қылған зары.
өлгенше бетіне жан келмей қарсы, Болды ердің өз еркінде ықтияры. Балалары Көтібар мен Алданазар Ем болды ел қысылса, сөзі дәрі.
Әулеті атақты ердің сондай болсын, Кеткен жоқ ешбір жанға намыс-ары.
Аннастан бермен қарай отыз екі, 430 Атаға келді олардың ұрпақтары.
Сенбесе, санап көрер, білетіндер, Әрине, білмеске айтып, жоқ дәркары.
Текеде Жүзжасар би, Тұржан ақын, Ерлердің атамайын қалайша атын. Жолдыбай, Тоқай, Досбол, би опабек— Заманы ұзақ та емес, өткен жақын.
Қараман қатарынан сопы болды, Кеуліне беріп Егем қанағатын.
Кіребай, иман менен илияс өтті, 440 Асырып әркімдерден салтанатын.
Қатардан қайтып атын қалдырайын, Белгілі, аты шыққан азаматын. Мұқаметқали өтті Көтібардың өткерді ердің ғапыл дем сағатын. «өзгеше,—деген нақыл,—олар бала» Көзімен көрді халқы күш қайратын.
Мөңкеде Достанбай мен Сарбай болды, Атағы ел атына дардай болды.
Қалымбет, одан кейін Есжан шығып, 450 Жарқырап атқан бейне таңдай болды.
Ішінде Тартулының берекелі, Кемімес, қыдыр қонған бардай болды. Мөңкенің қыр жайлаған қырық аулынан Тойынған аш-арығы қандай болды. Ағымды алты аталық ажыратып,
Бозымға жаңа келген жағдай болды.
Бозымнан екі бала туған тең боп, өскен жоқ, біреуінен бірі кем боп.
Асаннан Әжім, Боқай туып бала
460 Боқайдан Бозжан шыққан, айтқаны ем боп.
Елімбай, жастайынан Әлжан, Дәрмен Жалғаннан жайып құлаш, кеткен сермеп. Әжімнен Боқтыбай мен Төлеу шығып, өлгенше, мал мен басы өскен өрлеп.
Жанбайды жамандауға жұрт қия ма,
Тұрушы еді, жайып-құлаш «бермен кел» деп. Бозшадай бүтін туған адам бар ма, Жиында жұрт басқарып, кетті жөндеп.
Тоқтамай Тоқсиыққа келдім жаңа, 470 Басқаның басты ерлерін мен түгендеп.
Барлыбай Есембаймен туған бірге, Бөлейін, қолдан келсе, неше түрге. Тұқымы Тоқсиықтың өсіп-өніп, Көптіктен енші алысып, айрылды ірге.
Батыр, би екеуінен тең боп шықты, Бөлгендей таразыға, тартып кірге. Бұқар би Андағұлдан бастай шығып, Жайылып кетті даңқы талай жерге.
Ел арын, ер намысын жібермеген, 480 Жарасады не деп айтса да ондай ерге. Күдері, Барақат пен би Елубай, Әркімнен ақылы артық, кәрі шөңге.
Әулеті азбай келді алты атаға, Жарасып би тұқымы іргелі елге. Қалыспай оған жалғас Қасым шықты, Кіргенше билік айтып басы көрге.
Байтоғай Қиықбаймен өтті дейді, Ешкімнің қақпайына жүрмей жөнге.
Пайдасы басым еді Жүнісқұлдың 490 Сасқанмен сиыспайтын шалғай жеңге.
Бөлеттен бала батыр Дүйсен шығып, Ерлігі мәлім болды ой мен өрге. Сыйлы ауыл, сыбағасы болып артық, өлгенше отырумен кетті, төрге.
ырсымбек, Қарсақбай мен қабат шығып, Еркінше еге болды, келген мөрге. Құтым да Қойшымбай мен Пірмағамбет Сарапта саналмаған, сөзі кемге.
Қойшымбай Түркістанда сиез болып, 500 Таңдатқан сап-сары ала, таққан шенге. Тұяқсыз Пірмағамбет жастай кетті, Кездесіп тағдыр жазған тапшы өмірге.
Құрманнан Құлшық, Бидас үздік шықты, Бола ма басып озса, пәлен дерге. Келгенде Есембайға еріктімін Түйткілдеп тоқталмай-ақ түсіп терге. Назарын салмай қыдыр құралғанды рет жоқ, қисынсыз құр көтерерге.
Баласы Есембайдың бесеу еді, 510 Бірі—ұзын, бірі—қысқа мешеу еді. Тоқалдың бес баласы тұра тұрсын, үлкені—бәйбішенің Көшей еді.
Көшейден Құланбай мен Сатым шықты, Ілікбай сөйлер сөзге көсем еді. Мінер ат, киер киім кем болғансын, Кедейлік ердің алдын кеселеді.
Екінші—Жақап дейді бір тарауын, Би шыққан бітіретін елдің дауын.
Бәйтенді батыр болды деп айтады, 520 Ақ боз ат, көк найзамен жеңген жауын.
Қырғиды—дуалы адам,—дейді халық, Қасына қара айналып жиған қауым. Ақжігіт, Бақытбай мен би Шортанбай Патшадай болған әділ Қысырауын.
Жақыптан небір жақсы шықты жігіт, Жейтұғын көп ішінде көздің жауын. Артында Ахметтің қалмады ұрпақ, Тұйғындай қашқан қиып аяқ бауын.
Сол үшін шежіреге қосып атын, 530 Қалдырмай қақтым ердің қоңырауын. Жақыптан сырт дұшпаны сескенеді, Қаншама көтергенмен омырауын.
Төлейден Қырық туып таралады, Шежіре ата жолын саралады. Құнанбай, Дөненбайдай батыр шығып, Әркімдер көріп күшін шамалады.
Байкел мен өтепберген оза туып, Жасқанып жауды есептеп санамады.
Баһадүр басы туған сол ерлердің 540 Тауысып тағдыр демін қазалады. «Атадан сондай сендер, кем тудың» деп, Көп айтып, Бекжан аға мазалады.
үркімбай, Дуанадан оңғар, Пірім, Пірімнің қатарынан сөзі шырын. Қызмет етті дейді Көшербайға, оңғармен жүргенінде келіп қырын.
Аяғын әркімдер де аңдап басты, Көпшілік көргеннен соң ердің түрін.
Кейбіреу үйде отырып еліреді,
550 Кетірмей жағасының жұққан кірін. өмірқұл шаңырақ түйе секілді еді, Басқасын айтып өттім бұдан бұрын.
Қаражан, Жамантықтан Маман шықты, Белгілі халық білерлік адам шықты. Аттарын термешілеп көп айтпадым, өз атам болғандықтан Жамантықты. Алтыншы—өмірқұлға келіп кезек, Былайғы бес Есембай тамам шықты.
өтейден туған екен өмірқұл бай
560 Асулы ет қазанында, қайнаулы шай. Қареке, Қараман мен Құлшық туып, Сәркені үшеуінен көріпті жай.
Былайғы үш баласы момын болып, Әркімдер бір билепті олжасындай. осыны өмірқұл бай азар көріп, Сопының тынышын алған барып қоймай.
Келеден бура, айғыр, қойдан қошқар, Тірілей тізіп барған бірін соймай.
«Тілегің осы болса,—депті пірі,—
570 Қыз бердім, көш бастайтын қарқарадай. ұл бердім, қол бастайтын Сәрке деген, Кідірмей қайт,—депті,—енді мазамды алмай».
ол Сәрке батыр болған халыққа мәлім. Талайдың таңырқатып төккен қанын. Қалмақтың, Қоқан менен Қарақалпақ Күйзелткен қайырлатып суға салын.
Қалмақпен қарсыласып неше жылдай, Аударып алған екен жер мен малын.
Сопы өзі берген соң кем болсын ба,
580 Дұшпанға тарттырыпты қайғы-зарын.
Ақайдар, Бекайдармен туып одан Аузына қаратыпты халықтың бәрін. Байқадам, Ақайдардан туып Татан, Ерліктің еркінше алған ықтиярын.
Ақсақал, Байсақал мен Сейіл туып, Бұлардың біледі үш жүз сырт хабарын. Бекқұлы Кіші жүзге мәлім болды, Бұрынғы батырларға тартып сарын.
Бекеңнен Әбіләкім туып еді,
590 Жас қыршын, жанып тұрып, сөнді жалын.
ұранға аты шыққан атақты ердің Аяғын Жанұлымен тамамдадым.
Аннастан отыз екі ата боп тұр, Шежірені шамалайтын ерге мәлім.
Саркеден сегіз ата жерге келді, Батырдың білгің келсе, бергі жағын.
Жанкісі, Қарекеден өтеулі, ұзақ, Жетіп тұр, жеті атаға олар да ұзап.
Жанкісі әулие боп кереметті 600 Көргендер қойыпты ден күмәнсіз-ақ.
Жайнамаз берген екен Қосымқожа Наза боп, алдына әуел барған жолы-ақ. ұзақтан қайқы туып, қандай болды,
Қалған жоқ, кімнен шіркін, дүние шолақ.
Артық боп абыройы әркімдерден, Пәниге келіп қайтты, болып қонақ.
Қайтпайтын Қараболат, қайран ерім, Жай бергей, жаннатыңнан Зұлжалал Хақ.
Батырдың Бекжан, Нарша орнын басты, 610 ұстаған ата жолын белгілі әруақ. Наршаны кім кемітед қатарынан Маңызды білімге сай мінез салмақ.
Ескеріп екі адамды айрықша айттым, Қалдырмай білгенімше әбден талдап. Мақамбетқали менен Нарша жолдас, Бір жылғы төл ішінде туған саңлақ.
Жалғанда жан сенерлік опа бар ма,
Аңдулы адам—балық, ажал—қармақ.
Аннастың әкесінен санағанда, 620 отыз үш келді атаға осылар нақ.
Жан барда, қызыл тілім, қарыштап қал, Тапжылтпай тағдыр бір күн алатыны хақ. Алқымнан аңсызда ажал алған кезде, Сан соғып дегізбеген кімдерге қап.
Бейне бір адам—жалын, ажал—нөсер, Сөндіріп сағатында ететін сап.
Халайық, қате жерін айып етпе, Қисындап құрастырдым әлімше шақ.
Домбыра жастан қолға алып едім, 630 Көз көрген көп жерлерге мәлім едім.
Қарайтын облысым—Қызылорда,
Жалағаш ауданының Табыны едім.
Есембай тайпасынан, атым—Шоңбай Жиналған жиын-тойдың сауығы едім. Бұл жазған шежіренің әнжамына, Қайқының Бекжанынан қанып едім.
Кейінгі жастар оқып үйренсін деп, оралтып өлең сөзге жазып едім.
Жүйрігі Жетірудың кетті небір, 640 Мен текке, шайырсымақ қалып едім.
Қатарға қосылмасам сөзімменен, Қайрат кем, бір аяқтан жарым едім. Жата алмай, жайға қарап, жас жетсе де, Бәйгіге баса көктеп шауып едім.
Күнбе-күн көркейді елім, гүлдей жайнап, Күйзелген кемдік көріп, халық едім. лениннің бастап салған жұртқа жолы— Шамындай электрдің жарық едің.
Ерікті ел, байлығы мол—Қазақстан, 650 Білім мен кеннің көзін тауып едің. Аттанып, отан қорғау ұраныңмен, Жан қиып, жауға ерлерім шауып едің.
ұшырып дұшпаныңның күлін көкке, Сүйегін сырқыратып шағып едің. Қорғаған халқын жаудан гөзелдерім, Ерліктің төске орденін тағып едің.
Жас жайнап, қарт жасарып, халқы өркендеп, Қайта өскен Қазақстан ауылы едім.
Тілектес жаңа талап достарыма,
660 Туысқан, түбім бірге—бауыр едім.
Артымнан алдым жақын секілденіп, Жүрер жол ортасынан ауып едім. Алдымда аға-жеңгем көп кезінде именбей еркін сөйлеп, тәуір едім.
Бір үйге бара қалсам, бәрі кіші, өткен күн, жеткен жедел дәуір едің.
Ерлерім есіткенде ескерсін деп,
668 Сөз соңын соза бермей, жауып едім.