Түрік тайпалары және қазақ үйсіндері


Түрік тайпалары және қазақ үйсіндері
Жазуға түрік нәсілі алдым қолға, Жәрдем ет, Жаратушы, өзің оңла. Патшасы патшалардың бір өзіңсің Сала гөр, қате кетсем, тура жолға. Барша әлем қолыңызда жанды-жансыз, Күнбатыс әм күншығыс, оң мен сол да.
Бір зат жоқ әміріңе бағынбайтын Хан менен ханзадалар, алтын орда.
Жараттың жоқтан жасап барша әлемді, 10 Адамзат хайуан, малды баққан қолда. Әр заттың өзіне лайық нәсіп бердің Мақұлық әм жәндік, тірі жанға. Шашылған несібесін теріп жеп жүр, Бірі ойдан, сахарадан, бірі қырда. лайық бағзыларын жазалайсың, Батырып құтылмастай қалың сорға. Келмейтін сенің күшің ешбір зат жоқ, Жоқ болар, қаһарлансаң, одан зор да.
Нұхтан басталады тарих басы, 20 Адам мен алшақ жатыр екі арасы. Мұрсалдан үш пайғамбар өтсе керек, Төртінші пайғамбар дүр айналасы.
Нұхтың заманында тасқын болып,
Адамның ғарық болды әм баршасы.
Белгілі бір жағдайда себеп болып, Жасаған жаратқанның бәһанасы. Хам мен Сам және бірі япыс атты Болыпты бұл кісінің үш баласы.
Нәсілі Хам мен Самның толығымен 30 Мен жазған шежіреде бар сарасы.
Бұлардың қай елдер деп нәсілдері, Біле алмай, боп жүрмесін ел таласы. Жазылған қарасөзбен шежіренің Сен соның бетін ашып, бір қарашы.
япыстан екі тайпа болса керек, Азия, Тұрания болса расы.
Кезінде иран, Тұран деп атаған, Жазылған кейбір елдің тәржімасы.
Алайда ғұламалар сұхбатында 40 Ашылған Азия, Тұран шекарасы.
Айтылған шежіреде бұлар да бар Халқымен мекендеген жазирасы. Қытайлар, жапон, түрік, корей мен үнділер, тунғұс, якут құбыласы. Фин, аннам, ұғры, малай, камшадалы, Төлеңгіт, бурят, намлус, ескумасы. Ақыры Ғінібурі он жеті ата— осындай тарихшылар көзқарасы.
Әулеті Тұранзаман деп жазады
50 иунанның саяхатшы ғұламасы.
Түріктен екі тайпа—скиф, түрік Солай деп жазған екен ел данасы. Түріктен татар, моңғол болса керек, Деп жазған ағайынды бір тумасы. Туыстық, туысқандық себебінен Көп заман жақын болды екі арасы. Жәнасы тарихшылар деп жазады Түріктің финмен болған араласы.
Скифтен мешшар тарап шықса керек, 60 Келеді осылай боп сөз шамасы. Әулеті испан, финнің самоедтен осылай Асан ата тәржімасы.
Бұларды түркі-фин деп атағаны Бір жайдан болса керек қатынасы.
Айтылған бұл жайлардың растығын Бекіткен тарихшылар һәм баршасы. Білгенге осылайша болса керек, Адамның не білмекші бейшарасы.
Түріктен тарағанның бұл бірісі, 70 Скиф деп аталады екіншісі. Массагет, сармат атты екі тайпа иунанның деп жазады тарихшысы. Сарматы Кавказ тауын мекендеген Деседі жын мен пері жиындысы. Дейді екен жын мен адам араласқан, ұқсаса әм адамзатқа реңі, түсі.
Жартысы адамзаттан деген халық Жаһанкез саудагермен көрген кісі.
Жын, адам бір тұруы мүмкін емес, 80 Ғалымдар күмән еткен базбірісі. иунанның Нардут атты ғұламасы Шығыпты саяхатқа боп жұмысы.
Кавказ бен Қара теңізді аралаған, Бұл жайды келгендіктен тексергісі. Сол сапар ғалым мұны ашқан екен Сармат—массагеттің бір тумасы. Дағыстан һәм Қасулан—екі тайпа Ел болған деп жазады құрылысы.
Афинде көргендерін баян еткен,
90 Халқының болған кезде жиылысы. Ел екен бөтендермен қатысы жоқ, Жындарға ұқсас әм әр пормысы.
Сыйлапты үш мың алтын падишасы Ғалымның ұнаған соң бұл жұмысы. Ақыры рұм патшасы Маркиянмен Сарматтың кескілескен бопты ұрысы. Қиямет, бітпес соғыс салдарынан Болыпты сарматтардың жеңілісі.
100 рұмға мал, адамын айдап кетіп, Жоқ етті бір тайпа елді келіп қуушы. Сәнаның төрт жүз сексен жылдарында Қалмады шежіреде бір белгісі.
Массагет екі ел бопты—Арсу, Сирақ, Бір ел кеп және бірі жатса қирап. үшінші—Алаң атты бір ел бопты, Бірі өрлеп, бірі және кетсе ылдилап. Арсудан әсету, нуер, папуа болып, Бұлар да жауынгер ел болған ширақ.
110 Тарихи мағлұматқа қарағанда, Сирақтан шеркес елі дейді, шырақ. ұраны—заманында болған екен, Елі үшін малы түгіл, жанын қимақ. Қор болып соғыстарда не батырлар Қан жұтып намысы үшін жанын қинап. Жазуы Асан ата осылайша, Ешкімді мақтамадым өзім сыйлап.
Алаңнан алты тайпа шыққан тарап, Бір қызық, шежіреге тұрсаң қарап.
120 Кей жері түсініксіз боп шығады, Бір елді қайталаса неше қабат.
Мешшарды фин әулеті деген едік, Екінші қайталаймыз мұны ғажап. Біле алмай не жазуды бұл жайында Ақыл-ой ортаға алып отыр қамап. Жазуға бұдан да ары бел байладым, Болған соң өз әлімді мен шамалап.
Былай деп жазған екен Намлус Алы Тарихшы болса керек, нәсілі—араб.
130 Түркі-финге жататын тайпаларды Жазғанбыз жоғарыда әм саралап. Айтылаған мешшар халқы екі елге де, Бірдей деп ғұламалар берген жауап. Сондықтан түрік нәсілі деп те айтамыз Мекендеп туған жерін қалған жанап. Алаңнан оғыз, хазар, османғазы, осылай үш тайпа елді қойсақ санап. Балғар мен башқұр халқы әм мешшар-ды Финдерден алған болсақ арашалап.
140 Айтылған алты тайпа боп шығады, Бұлар да дүниені бір жаңалап.
Тұқымы османғазы Түркияда Әр жерде дұшпанына қылған ғазап.
Батырлық, мансабында теңдесі жоқ, Көп жерде күш көрсеткен бек қабағат.
Тарапты осылайша бұрын халық, Тыңлаңыз, бұдан да ары құлақ салып. Бұл сөздер түсінікті болса керек, Білетін даналарға сөзді аңғарып.
150 осы елге Томирис ханым патша бопты, Бақ қонып, болса да әйел қыдыр дарып. Ақылды, кемеңгерлік турасында Тұрарлық болған екен ел таңғалып. Патшасы парсы елінің Кейқысрау осы елді талқандауға соғыс салып. Әртүрлі өнерменен айла жасап, Амудың дариясын өткен жарып.
Бұл елге күшін жинап қарсы барды, Жеткенде жаудың қолы ашып-арып.
160 Жеңіліп Кейқысрау қолға түскен, Кеулі алаулаған сияқты жалын. өшірді тірікліктің есебінен
Кәлласын қылышпенен кесіп алып.
Бұл бастан бір ибарат жасау үшін Қан толған бір ыдысқа салды апарып. «Жасыңнан қанға құмар болып едің, Іше бер, тойғаныңша, мейірің қанып!».
осындай дәлелдері болған үшін Шежіре деп айтамыз негізі анық.
170 Түрікпенмен және өзбек тайпалары, Екеуі осылайша кетті аталып.
Құмық пен хайе елі екі тайпа,
Қыпшақты осыларға қосса апарып,
Бес тайпа оғыз ханнан шықты тарап, Жазыпты осылай деп ескі тарих. Не болды бұдан кейін ақыр халі, Мұны да шежіреден айқындадық.
Ғасырда он екінші хайе елі
Жоқ болды шежіреден шығып қалып.
180 Бұл елдер «ақаслар» деп атаныпты, Деген сөз қазаққа әм жақындадық. Жасаған бұдан соңғы қазақ халқы, Бірі—өлсе, бірі—туып, көріп жарық.
Тарихта осылай ел туыстары, Талай ер батырлықпен ту ұстады. уақтында жаудан қайтпас ерлер өтті, Тас кескен сілтегенде қылыштары. Бітпейтін, таусылмайтын арасында Әрдайым болып тұрған ұрыстары.
190 Атадан балаға әм мирас қалып, Қырқысып жоқ болғанша тыныспады. Қырылып екі жағы жатса-дағы, рақым бір-біріне қылыспады. Әлсізін күшті жағы жеді талап, Әзалда бір болса да, туыстары. Адамы, малы—олжа, құл ғып сатты, Болса да қандай түрде жыныстары.
Жеңілген мал-мүліктен түгел безіп,
Тау-тасқа бой тасалап жылыстады.
200 Тыныстап аз ғана күн ес жинаса, Бас қосып аға-іні туысқаны. Қол жинап, бөтен елден көмек алып, Қайталап жанжалдасу жұмыстары.
Басына қауіп төнсе, кетер тастап
Болмайды шын кеуілмен шығысқаны.
ол кезде бейбіт дәуір өмір сүрмей Бірінің-бірі сөзін ұғыспады.
Бір мысал келтірейік дәлел үшін Бір кезде болған екен бұл іс-тағы.
210 Әуелі сөз бастайын ескі жайдан Табылды деп ойлама бұл сөз қайдан.
Мүпсілде осылай деп жазған екен
Тарихшы болса керек «Шын»—Қытайдан. Бір тайпа Қыпшақ атты ел болыпты Әулеті оғыз ханның кішкентайдан. Дон менен Волга өзені арасында Саратов сахарасында малын жайған. Бұларды түрік әулеті—Хорезм шаһ Қыпшаққа жорық жасап ашқан майдан.
220 Жеңіліп қыпшақ халқы зор майданда Біле алмай не істерін болған қайран. Арасы Хазар, Көк хан төрт ата екен, Ағайын ажырасқан осындайдан.
Ауыпты молдаван мен бес арабқа Кезінде соғыс қаупі зор ұлғайған.
Біразы бой тасалап Кавказ кеткен, Тозыпты жақынынан болмай қайран. Аттары шежіреден біржола өшті, Ел еді бір кездері салған сайран.
230 Құралды босқындардан селжүк түркі Ел болып екі тайпа Керей, Найман. Кезінде уақ хандық құрған екен, Бұлар да талай жерге салған ойран.
Хандығын орта Азия талқан етіп,
2-83
Парсы мен шауып алды иранды әм. Жаулап ап герман, грек және рұмды осылай күштілігін елге жайған.
Кезінде ел болмаған бұдан асқан, Жыр қалды соңғыларға болып дастан.
240 Әуелі екі тайпа бір ел еді Жерінде орта Азия орналасқан. Көп жерді күштілікпен алды жаулап, Жерінен қан ағызып қадам басқан. Еліне Кіші Азия басып кірді, Бір қандай қарсылыққа қарамастан. Жаулап ап Бағдат, Мысыр және Шамды Байытып Мұқадысқа бір жол ашқан.
Көбейіп қолдың саны өсе берді, Босқын ел жеңілістен, жолдан қашқан. 250 Дұшпаннан Байтулланы азат етті, Жауынан болғаны үшін күштері астам. «Паходы креставай» деп жазылған, орыстың тарихының бетін ашсаң. Деседі аһл ислам мұсылманша Жазылған осылай деп әуел бастан.
Көп жерде бағынған ел бас көтерді,
Топ болып, жанжал жасап, жүрсе де аштан. Арабта Аббас сақи әулетінен Патша боп Алалетрин бала жастан.
260 Бір күшті арабтардан әскер құрып, Селжукпен соғыс жасап қарсыласқан. Татар мен бір жағынан моңғол шықты, Қан шыққан, қаһарланса, қара тастан.
Хандығын селжук-түркі талқан етті,
Тоздырып адамдай-ақ жол адасқан
Әр елге бет-бетімен кетті тарап, Мал-мүлкін тастап қашып, етіп босқын.
оныншы, он бірінші ғасырларда
Елдей боп бір-бірінен ажырасқан.
270 Тарихта бұлардан із қалмады, Ел еді арыстандай қаһар шашқан. Болмады нелер сұмдық дүниеде, Адам мен жаралғалы жер мен аспан.
Сөз болған уақ, Керей, Қыпшақ, Найман, Қазаққа қосылады келіп қайдан.
Тараған орта жүзден деседі жұрт, Әркімің болса керек бұл жайға қайран. Көнеден хандық құрған ел болған соң, өскен ел болу керек бір талайдан.
280 Қыпшақ әм тоқсан баулы атануы Жай бір сөз болмау керек шыққан ойдан. Құралып тоқсан екі рулы елден, Көп жерге Қыпшақ атпен салған ойран. Бұнақ хан, Жұлдыз хандар заманында, Көп елге күш көрсетіп ашқан майдан. Ақыры татар-моңғол хандықтары Қыпшақты бір соғыста қырып жойған.
Жеңіліп бөтен елге кетті тарап, Ел еді көп жерлерге қанат жайған.
290 Ғасырдың он бірінші аяғында Тарихтан біржолата шығып қалған.
Тарихтың бір мың бір жүз сәнасында
Жетісу, Алтай тауы арасында
Бір тайпа Хайе деген ел болыпты, Сол жердің көшіп-қонып даласында. Жайларды бұл айтылған дәлелдейді Шежіре Қашқаридың намасында. Сүлеймен бұл елдерге хан болыпты, Көшпенді даласы мен қаласына.
300 үндіден Атила хан соғыс ашып,
Бір шетін шауып алған, аясын ба!
Екінші бір жағынан бас салыпты,
Жақыны моңғол-татар баласы да. Хайе елі екі жақтан қысым көріп, Қалмаған паналайтын саясы да. Бере алмай бұған төтеп көше қашқан, Ем іздеп, қансыраған жарасына. Жол жүріп, неше уақыт арып-ашып, Жетіпті Пират суы жағасына.
310 ықтылат [қаласында] хан Сүлеймен Тағдырдың ұшыраған қазасына.
Байтоқтың елі-жұртын өсиетпен Тапсырған Таһир атты баласына. Бұлар әм османлыға барып жетті Ғасырдың он екінші шамасында. Бұрынғы Хайе елі жоқ болыпты, Сол елдің айналыпты баласына. Бұл ел де шежіреден біржола өшіп, Хайе елі қалмай кетті қарасы да.
320 Бұл жақта қалғандары қашып жүріп, Күн көрген тау мен тастың арасында. Құралып кейінірек бір ел бопты, Топталып Алаша хан саясына. Алаштан Қарақалпақ, Қазақ туған, Халықтың солай дейді данасы да.
Азырақ сөз етейін Алаш жайын, Түсінер сөз мәнісін еткен пайым. Әртүрлі шежіреде мағлұмат бар, Келеді сәйкесі жоқ боп әрдайым.
330 Бірінде Хайеден соң Ақас десе, Бірінде Алаша хан тұрар дайын.
Халықтың айтуында «Аннас» дейді, Тамызған шешендер әм тілдің майын.
Махмұд Қашқаридың жазғандарын, Мұны әм осы жерде сөз қылайын.
Ғасырдың он бірінде Хайе елі бар, Білмеді деуге болмас ол мұндайын. Аттары Алаш, Ақас аталмайды, Тіліменен сөз етеді жарлы-байын.
340 Дүниеге бұл кездері келмегені, Жоғарғы мағлұм болды айтқандайын. Алаштан Әмет, Сәмет екі ұл болған, Шоқанның байқасаңыз сөз ыңғайын. өзбектің жазуынша Қазақ, Созақ, Әр жерде аты өзгеріп жазған сайын. Жазайық пактілерді мағынасы зор, Қазақтың жаза бермей құр айқайын.
Арқада, қалың тоғай бие бауда, Ел еді малын баққан тартпай қауға.
350 Жол жүріп, тау, сахара, шөлді кезіп, Кейбірі көшіп жүріп еткен сауда. Кейбірі хандық жасап дәуір сүрген, Баста тәж, алтын шені омырауда.
Кезі еді жаугершілік алыс-жұлыс, Найза ұстап, не батырлар шапқан жауға. Ғасырда он екінші босқын елге, Алаша хан болыпты ұлытауда. оң-солда қазылары, билері бар, үлгілі билік айтқан үлкен дауға.
360 Айтайық және бір сөз Алаш жайлы, Боларлық түсінікті дені сауға. Шыдатпас қандай ноқта тақсаң-дағы ұрда-жық түзелмейтін басы асауға. Қаншалық сипап-сылап бақсаң-дағы Шарт үзер бір-ақ салып омырауға.
өзені Майлықия арқадағы Көп өзен сол жақта ағып, тарқалады. Кең дала, ойын салған тай мен құлын
Көк майса, түрлі өсімдік жайқалады.
370 Алаштың хандық құрған жер шамасы, осы деп кім де болса айта алады. Ақыры сол жерлерде қаза тауып, Күмбезі тұрғандағы байқалады. Қазақтың түп атасы осы кісі, Демеңіз, неше мәрте қайталады.
Бағзылар Ақас, Аннас десе-дағы, Бұларға талдау жасап, шаршамалы. Алаштан екі бала дүниеге кеп, Бұлар да талай жүкті арқалады.
380 Айтылмыш Қазақ, Созақ, Әмет, Сәмет өскен соң ата жолын қайталады.
үш жүзге бөлінеді қазақ халқы, Жері кең—ұшан-теңіз, жатыр жайлы.
оңтүстік өзбекпен араласып, Белгісіз кейбір елдің қазақ-сарты. Қырық жүзбен және мың жүз өзбекте Тұқымы Төбей бидің туған жалқы. Бір жағы қырғыз, қытай көршісі бар, Кетіпті қытайласып жарым-жарты.
390 ол елде Албан, Суан, Қызайлар бар, Белгілі айтпасақ та сөздің арты. Бір тайпа ел саяқ атпен қырғызда жүр, өз ұлты «қазақ» деген шықпай нарқы.
орта жүз—Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ, Естуім уақ, Керей жарым-жарты. Кіші жүз—Әлімұлы, Байұлдары, Жетіру өскен халқы мыңың арты.
Әлімнен Қарасақал, Қытай шықты, Шөмекей, Қаракесек, Төртқара, Алты.
400 Байұлы—Адай, Жаппас, Байбақтылар, Масқар мен Беріш, Таздар емес жалқы. Шеркес пен Тана және Есентемір,
Қызылқұрт, Шыбықтардан өскен халқы.
Бұлар да Алашамен он екі ру, Әм және де ұстағаны қазақ салты. Жетіру: Тама, Табын, Төлеуменен, рамазан, Кердері мен Алшын атты. Жетінші—Жағалбайлы деген ел бар, Деседі осылайша елдің қарты.
410 Алшын мен Жағалбайлы турасында, Десіп жүр, сіңген тайпа боп бұралқы. Беймағлұм болса-дағы біз тараптан, Жазылды келген үшін сөздің шарты. Бір елді екінші жақ кем тұтатын, Қазақтың бұрыннан бар ескі салты. Кейбірі ұры, кәззап болғанменен, Ішінде Атымтайдай бар жомарты.
Кімдер жоқ ел ішінде байқап тұрсаң, Жасайтын досқа қастық, бар нәмарты.
420 Білмейтін сөз қадірін надан да бар, Адаммен бірдей болмас надан парқы.
Жараттың, Пәруарым, барды жоқтан, Бина етіп адамзаты топырақтан. Келтірдің дүниеге нелер батыр, Қашпаған көре тұра ажалды оқтан. Жазалық ұлы жүзден тараған-ды, Тыңлайтын құлақ болса инабаттан. Әуелі ұлы жүзден Кейкі туып, Бек әділ би болыпты асқан топтан.
430 Төбей би бұл кісіден жалқы туып, Жауына тартып садақ зымыратқан. Төбейден Майқы, Қоғам, Қойылдырмен, Төрт бала Мекірейілмен бір қынаптан. Бұрынғы өзбектің жазуында, осылай ата жөнін ажыратқан. Мекірейіл, Қойылдырмен қазақта жоқ, Деседі араласқан тәжік-сартпен.
Қай елге қосылады екі рулы ел Айырылған бөтен ел боп «қазақ» аттан.
440 Қоғамның әйелі әм деседі жұрт:
Қаңлы мен Шанышқылы—екі ұл тапқан. Бағзылар: Шанышқылы, Қаңлы дейді, Ел сөзі, мен емеспін жала жапқан.
Бақтияр Майқы биден жалқы туып, Ақылмен жалпы қазақ туын соққан. Баласы Бақтиярдың ойсыл, үйсін, Бұлар да жүрген жерін ойсыратқан. Бағзылар аз ғана елдер деп те атайды, Бұл сөздер ескіліктен келе жатқан.
450 ойсылдан Сіргелі атты рулы ел бар, Ел дейді батыр болған жастық шақтан. Не батыр болған екен бұл елдерде, Кәлласын талайлардың домалатқан.
үйсіннен болған екен екі бала: Жансақал, Ақсақалмен аты және. Бағзылар Абақ, Тарақ деп те атайды, Бұл жайлы беріледі кейін баға. Жалайыр Жансақалдан бір рулы ел, Қараша Ақсақалдан жалғыз ғана.
460 Бәйдібек Байдолла мен Қарашадан, Бақ, дәулет қабат орнап болған дана. Болған бір оқиғаны сөз етейік,
Құлақ сал, тыңдаушылар, бермен қара. Жасаған Байдолланың бір жұмысын, отырмын жазайын деп, келсе шама. Бәйдібек уақыты жетіп қаза тапты, Ас берді малды қырып, жинап саба. Домалақ бір баламен жесір қалды, Жасынан жүрегіне түсіп жара.
470 Көнбеске болған іске шара бар ма, Тағдыры осылайша етсе, шара.
Қайнысы жеңгесіне некеленбек, Салт солай, қаза тауып кеткенде аға. Бір бала Байдоллада болған кезі, Дүниеге Шақшам келіп жалғыз, дара. Байдолла алмасына көзі жетті, Қашықтап аралары бара-бара. оятты төсегіне түнде барып, Анамыз бұдан басқа таппай шара.
480 «Түн қатып неге жүрсің, күң неме» деп, Кемсітіп, жаман сөзбен еткен таба. —Сен мені алмасыңа көзім жетті, Құлақ сал, көзім жетті, ей, бейшара! Мені алсаң, екі бала көрмекші едің,— осылай деген екен Байдоллаға. Екі есе Жарықшақтан көп болушы ең, Ақыры, мені мұндай еттің нала. Жүз үйден көп болмасын тұқымдарың, Біржола кетпесе де болып ада.
490 Тарады азғантай боп Шақшам елі, Қарғысы Домалақтың боп бәһана. Білсеңдер, осылайша деп айтады, Жас емес, кәрі құлақ бала-шаға. Тараған орта жүзден Керей елі, Жазылған болған үшін бір керегі. Қараби, Сибанменен әм Ашамайлы Керейден дүниеге келген еді.
Абаққа Қараби қызын берген, Қарасаң, осылайша шежірені.
500 Жантеке, Жадық және Жастабанмен, Шеруші, Шұбарайғыр, итемгені. Әйтелі, Молқы, Меркіт, Сарыбаспен, Кеңсадақ, Қарақастар бір кезеңі.
Қызынан Қарабидің өскен елдер,
Деп жазған он екі елдің солай жөні.
Баласы Құдайберді* жазуынша:

∗ Құдайбердиев Шәкәрім
Бұл елдер Қарабидің жиендері.
Бұл елдің жайы қалай болса-дағы Елдің жоқ деген сөз бар елден кемі.
510 Ақсақал болмаса, Абақ—ұлы жүзден, Болып тұр бұ да үйсіннің бір бөлегі. Бұл жақта Қарашаның ұрпағы бар, Деседі жалқы туған бұл жердегі. Шығарып өз жанымнан жазғаным жоқ, Көп сөзді бұрмалаған демес мені. Бізге де хабар берер деп сенемін, Бұл жайдың болған күнде өзгергені.
үлкені Қарашаның Бәйдібек бай, Байлықты аямастан берген Құдай.
520 Болыпты үш зайыбы ақылы асқан, Кездескен бәрі бірдей боп сайма-сай.
Туыпты бәйбішеден тоғыз Сары Баһадүр, батыр болған бәрі де ыңғай.
Бір кезде Бәйдібектің барлық малын, Қалдырмай жау алыпты—бір жетім тай. уақтында аңнан қайтқан Сарылар әм, Көреді ауылы малдан болған жұрдай. Артынан қуып жетіп жау мен малдың, Ат қойған қалың қолға есін жыймай.
530 Көп дұшпан жан-жағынан алған қоршап, Қор болған көздерінің жасын тыймай. Бәрі де сол соғыста қаза тапқан, Әркімдер әм солай болмақ жүрмесе жай. Тарапты жиенінен Сарыүйсіндер, Бұл елдің деп айтады жайы солай. Шынында, бір жағдайлы іс болса керек Қозғалмас жел тұрмаса жусан, қурай. Екінші Зеріп атты зайыбынан, Жалмамбет жалқы туған бұ да бір жай.
540 ошақты, Шапырашты, Жауатар мен Баласы деп айтады Жалмамбет бай. Туыпты Жауатардан ойық, Түлік, ұраны «Жауатарлап» салып айқай.
Жарықшақ Домалақтан жалқы туған, Жалғанда ата жолын бұ да қуған. үш бала бұл кісіден болса керек, Дулатпен деп айтады Албан, Суан. үшеуі бір себептен араздасып, Екеуі Қытай асқан, өтіп Шудан.
550 Көбісі Қытай елін мекендеп жүр, Ел болып, екі тайпа салып думан. Бұлар да осылайша алыстады, Жерінен кіндік кесіп, кірін жуған. Дулаттан Сиқым, Жаныс, Ботпай, Шымыр, Қоралас деген ел бар үшінші ұлдан. Шымырдан Бестерек пен осы екеуі, Білгендер «сіңбелі ел» деп өсек қылған.
Қалай деп айтса дағы заты адамнан, Жаралған жын-пері емес, от пен будан.
560 Жалғанда ешкім тірі қалмақ емес, Бұлар да кезегінде көзін жұмған. Келеді біреуі өлсе, бірі туып,
Белгі алып бірі—дана, бірі—сұмнан.
Айтбозым, Сегізсары, Қызылбөрік, Бұлар да туып келді жарық көріп. Алжан мен Қоңырбөрік, Құрман, Қыстық, Албаннан келген екен дүниеге еніп. Демейміз бел баласы содан туған, уақтында ана сүтін бірден еміп.
570 Кейінгі рулары болса керек, Анығын білмеген соң біз не дейік. Алматы айналасын мекендеп жүр, Ағайын бір-біріне болып серік.
Суанның тұқымынан бейхабармыз, Қытайды мекендейді өсіп-өніп.
Ілгері солар жақтан бір кездерде,
Жылқы айдап тұқымдары қайтты келіп.
Соларды көрген адам әлі де бар, Көбісі бұл кездерде кеткен өліп.
580 Сол сапар келгендердің айтуынша, Суанның болса керек тұқымы анық. Қайтадан сөзімізге оралайық, Қайтеміз білмеген соң айта беріп. Екеуі Жанту, Жантай Жаныстағы, үшінші Жарылғамыс арыстаны. Жанысы Қапал, Шегір екеуі бар, оймауыт, Бөгежілі алыстағы.
Жаныстан жеті бала болған екен, Жығылған белдескенде алысқаны.
590 Кісілік мансабына қарағанда, Талмайтын өрен жүйрік шабыстағы.
Бұл күнде жеті рулы ел болып кетті, Көп болды қыз беріп, қыз алысқалы. Шындықпен жазылған соң сөз турасы, Бұл сөзді бекер демес қалыстағы. Жайылмыс, өтеміспен және Бәйіс— Жантудың үш баласы жарыстағы. Болып жүр осы күні құдандалы Себеп сол қыз-бозбала танысқаны.
600 Бірі алып, бірі тиіп өз еркімен, Қыз-жігіт бір-бірінен қалыспады. Жекжат боп, туысқандық белгі қалмай, осылай бірден біреу қалыспады. Жамбай мен Қожамберді—Жайылмыстан, Деседі шежіремен таныстары.
Қыбырай және бірі болса керек,
Бұлар да ел аузында барыс-тағы.
Бұлардың бір туғандық дара жасы, Бұрында білімпаздар анықтады.
610 Және де бұлар жайлы дәлелдеген, Ілгергі жазған қазақ тарихтары. үш бала үш арыс боп, қыз алысып, Шығып жүр, солай деген дабыстары.
Деп едік Жайылмыстан Қожамберді, үш бала кәмарынан дүниеге енді. Құдайқұл, Ақберді мен Құдайберді үшеуі жер бетіне туып келді. Бұлардан небір жүйрік болған еді, Қаратқан ауызына талай елді.
620 Болыпты Құдайбердіде тоғыз бала, Жазайын аты-жөнін мұның енді. Қолжазба Саурықтан деп айтады Әлібек, Тоқан менен Құдайменді. үшеуі бір анадан болса керек, Бұрынғы айтушылар «солай» дер-ді. Бақыбек, Ақтайменен бір анадан, осылай деп айтады білген жөн-ді. Түгелбай, Манай менен Шәуке, Тілек Бұлар да бір анадан төртеу еді.
630 Бұлардан Тілек атты тұқым қалмай, Деп жазған айтушылар жасында өлді. Дүниеден аз күн жасап бұлар да өтті, Атаның жолын қуып бұ да ежелгі. Қаншалық өнер, айла жасағанмен Ақыры бар адамды ажал жеңді. Бұл сөздер—жинақталған тарих сөзі Біреудің дей көрмеңіз, тіліне ерді. Көбісі шежіреші қарттарда бар, Аңыз боп келе жатқан көптен бергі.
640 Қаншасы келіп-кетіп жатқанменен, ойласақ, кім тойғызған қара жерді.
Дүниеге бала туып, келтірсе ана, уайымсыз ешнәрседен болмақ бала. өзімен бір нәрсе де ала келмес, Ақылсыз, надан болмас туа сала. Кемеңгер, өнері көп ғалым болмас, яғни ақылы асқан, болмас дана. Мансапқа, иә билікке құмарланбас, Айта алмас боламын деп шаһизада.
650 Ғайбат та, өтірік те айта білмес, Біреуге өтіріктен жаппас жала. Ешкімді өзі біліп мақтамайды, яғни жамандамас елден ала. Айтарлық дос-дұшпаны және болмас Мұқатып, ешбіреуді етпес таба. Мұсылман, кәпірменен жұмысы жоқ, Парызды мойнындағы етпейді ада. өзінің ойлағанын айта білмес, Толғанша бәлиғатқа сөйлер шала.
660 өзімен өзі болып жайбарақат, Біреумен тілдесуге келмей шама. Ержетіп қайсыбірін тапса керек, Бір кезде қалыптасып ой мен сана.
ойласақ, дүниеге кім келмеген, Мұқтажсыз дүние жиып күйбеңдеген. Мал үшін жан, иманын бірдей сатып, Жұмыстан арам, пасық жиренбеген. Дүниесі мол адамға қошеметпен, Жалпаңдап, өтірікпен күлмеңдеген.
670 Бағзылар достан досты ажыратып, өсек пен ғайбат айтып сүйреңдеген. Бәзбірі күшті екенін көрсетіп жүр, Жыландай айбат жасап, иреңдеген. Кейбірі туысына қараспай жүр,
Кісідей сыр алысып үйренбеген.
Бақ тайып, бағзылардың досы келсе, Жақтырмай қабақ шытып бұл нем деген. Кей надан білгішсініп шіреніп жүр, Бола алмас жай ит арлан үргенменен.
680 Болмайды есек тұлпар жем-шөп беріп, Құйрығын жылқы мысал түйгенменен.
Қарақұс түлкі, қарсақ ала алмайды, Биіктен бүркіт мысал шүйгенменен. Бөктергі баптасаң да, қаз алмайды, Тырнағын қаршығадай бүргенменен. Адам мен надан нарқы бірдей болмас, Екі аяқ, бір кәлламен жүргенменен. ләззатын дүниенің білмеген көп, Жалғанда аз күн дәурен сүргенменен.
690 Ер, әйел бірін-бірі сыйламай жүр, Басында көңіл қосып сүйгенменен.

уәде сөзге қазық лебізбенен, Бір сөз екі қайта дегізбеген. Сарқылып су жағасы сай болады, Телегей [тең] болады теңізбенен.
Бұлар да ақыры бір күн өтсе керек, Ақ тұйғын алыс жерден жем іздеген. Ақымақ ақыры бір күн опық жейді, Бар ойы арық шығып, семіз деген.
700 Жұт болса, бір-ақ қыста жоқ болады, Мыңдаған малың болса егіздеген. Ажалы қаса батыр бір атқан оқ, Ардагер ана сүтін емізбеген. Көп көрдік ақыл-ойсыз адамдарды, Білместік кеселінен ем іздеген. Қатқан көң қалыбына барса керек, Болса да майға жүзін негіздеген. Ақыры тойған бір күн жарылады, Бақадай ерегіскен өгізбенен.
710 Айырып досты достан, жарды ғашықтан, Сұм дүние, кімдерге боқ жегізбеген!?
осымен шежірені тәмамдадым, осыдан басқа түрін таба алмадым. Біреуде басқа түрі болған күнде, Маған да деп сұраймын хабарлағын. Жазғанын Асан ата тәпсір еттім, өзімше одан ары бара алмадым.
Тарихы қазақ халқы қолжазбамен, Білгеннің және қостым хабарларын.
720 Көнеден келе жатқан мирас қалып, Айтқанын көпті көрген адамдардың. Барлығы білгенімнің хатқа түсті, Тастарсың, тәуірін ап, жаман жағын.
Түсінген білімпаздар деп айта алмас: Наһақтан кейбір елді жамандадың. Жақсыны әділдікпен тура жазып, Дәріптеп, мақтамадым жамандарын. Түсінер мағынасын деп ойлаймын, Аударған шын көңілмен назарларын.
730 Емеспін—өрен жүйрік, бәйге бермес, Демеймін бұдан да ары шаба аламын. Жеткенше барлық күшім толық жаздым, Қолымнан келгенімді аянбадым.
Жазушы, атым—Төлтай Түгелбайдан, Дулаттан—затым Жаныс тарағанмын.
Айтарсыз аз да болса алғысыңды, Түсініп, бұл жазғаннан нәр алғаның.
осымен тоқтатылды аяқталмай, Қолдағы бәрін жаздым аяп қалмай.
740 Алты жыл әурелендім іздеуменен, Ақыры жинақтадым шаршап-талмай.
Көтердім неше түрлі ауырлығын,
Қалған жоқ сақал-шашты бір ақ шалмай.
Тоғызы Құдайберді жазылмады, Адам жоқ бәрін бірдей таратқандай. Мағлұмат қолдағы бар жетімсіз боп, Мұны әм іздеудемін қарап қалмай. Білетін адам болса кәрі құлақ,
Дүниеден сауда жасап бара жатқандай.
Жинақтап осылардан жазбақшымын, 751 лахытқа тұрсам, егер, аяқ салмай.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *