Түрік тайпалары және қазақ үйсіндер
Жыршы шежіреде адамзаттың тарихын Адам атадан бастап түгел қамтып, қазақтың үш жүзге бөлінетін құрылымына дейін таратып жырлаған. Асан ата шежіресіне сүйене отырып ежелгі тайпа, ру, жер атауларын көптеп пайдаланған. Соның ішінде ұлы жүз руларына кең шолу жасаған. Шежіре аңыздың тағы бір ерекшелігі—жырлаушының тарихи деректер мен оқиғалардан жан-жақты хабардар болуы. өйткені мұнда тек қазақ рулары туралы ғана емес, өзге де халықтардың шығу төркіні жан-жақты сөз болады. Сондай-ақ жыршының грек (мәтінде иунан), қытай ғалымдары мен М.Қашқаридың еңбектерімен таныс болғанын:
«Жайларды бұл айтылған дәлелдейді Шежіре Қашқаридың намасында»
деген жолдардан айқын аңғаруға болады.
Шежіренің «Түрік тұқымдары және қазақ үйсіндер» аталатын қарасөзбен жазылған нұсқасын Есенғараев Батылхан 1980 жылы қорға тапсырған [Әөи:Қ.869.12-дәп.].
Томға ұсынылып отырған жыр-аңызды ақын Төлтай Меңлібайұлы ел аузынан жазып алып, 1960 жылы Әөи-дің қолжазба қорына өткізген [Қ.1076.1-дәп.]. Жыршысы белгі сіз. осы буманың 5-дәптерінде мәтіннің кирилл әрпімен жазылған көшірмесі сақтаулы. Аталған бумадағы екі мәтінді салыстыру нәтижесінде байқағанымыз: жырдың бастапқы кіріспесі (22 өлең жолы) түсіп қалған, оның орнына көшіруші өз жанынан төмендегідей 14 өлең жолын қосқан.
Аспаннан жауын құйып бет қаратпай, Көл болып көтерілді таудан асып.
Тауларды кесек мысал домалатып, Қиратты кездескенін қаһар шашып. Су тездеп жоғарылап кете барды, Бір адам құтылмады одан қашып.
Қырылды адам, хайуан суға кетіп, Бір ауыз сөз қата алмай жақындасып. Апаттан үш баламен Нұх қалды, Бар елден қалғандай-ақ жол адасып. Қалыпты неше хайуан және аңдар, Себеппен бұл кемеге ұшырасып. Бұларды екінші ата адамзатқа, Деседі сол кісіге еткен нәсіп.
Жырда араб-парсы сөздерімен қатар, орыс сөздері де кезде седі: паходы креставай, порма т.б.
Томға ұсынылған мәтін бұрын-соңды жарияланбаған, түпнұсқа негізінде [Әөи:Қ.1076.1-дәп.] дайындалды.