Сатыпалдин Файзолла қаридың өлең-шежіресі

Сатыпалдин Файзолла қаридың өлең-шежіресі

Жыр-аңызда дүниежүзі халықтарының түп төркіні Нұх пайғамбардың үш ұлынан таратады. Аннас сахабаның тегі түрік екенін, Мәдина қаласына көшіп барғанын, сол Аннастың үшінші әйелінен Азия халықтарының өсіп-өнгенін айтады. Алаштан үш жүзді өрбіте келіп, осы үш жүздің руларына жекежеке тоқталады.

Шежіре-аңызды жырлаушы Сатыпалдин Файзолла—ел есінде 1931-1932 жылдардағы аштықта құрбан болғандардың әр жерде шашылып жатқан сүйектерін ең алғаш жинатып, жерлеуді ұйымдастырушы, қыр қазақтарын шағын өнеркәсіпке үйретуші ретінде сақталып қалған тарихи тұлға. Сонымен қатар «Тоқымбет—гүлайым» дастаны мен өзі шығарған өлеңдері, жинаған ауыз әдебиеті үлгілері қолжазба қорында сақтаулы. Қолжазбаны жазып алған—бұрынғы Торғай об лысы, Амангелді ауданы, А.иманов атындағы совхоздың тұрғыны  Әмірхамзин Ғазиз. Қорға 1983 жылы түскен.

Мәтін алғаш рет 2001 жылы «Қазақ» газетінде «Адам ата шежіресі» деген атпен жарияланған. Томға ұсынылып отырған мәтін қолжазбадан [Әөи:Қ.1113.13-дәп.] еш түзетусіз дайындалды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *