Оспан—араб-мұсылман тарихындағы үшінші «әділетті халиф». ол—Мұхаммед пайғамбардың жолын ұстаған алғашқы сахаба-серіктерінің бірі, расул Аллаға шын берілген үмийа әулетінен шыққан бай саудагер. Хазірет оспан әуелі Пайғамбардың қызы рұқияға, ол қайтыс болған соң, расулдың екінші қызы—үммү-л-гүлсімге үйленді. Сол себепті мұсылмандар оспанға Зу-н-Нурайн (екі шамшырақтың иесі) деген құрметті атақ берген.