Орта жүздің саласы
Жанарыс орта жүздің аймақтары, 500 Ел билеп, ереже айтқан саңлақтары. Қыпшақ, Қоңырат болғанда, Керей, уақ, Арғын, Найман—осы алтау тармақтары.
Ақын, әнші, балуан, батыр, шешен, үлгі алған көрші қонған жан-жақтары. Ту ұстап, тұлға болған сан ғасырға
Қор құйған сом алтындай салмақтары.
Ақ тулы Қабанбай мен ер Бөгенбай, үріккен Құбажонның қалмақтары.
Алшынбай, Сәдірменен билік айтып, 510 Қалыпты Құбажонда ойнақтары.
Жамантай, Құсбек, Сарытай, Көкжал Барақ, Тимеген еш дұшпанның саңлақтары. Ақтайлақ би, Құнанбай, Тәнеке, Маман, Көп елге азық болған әруақтары.
Дулат, Сабыр, Тәттімбет, ақын Түбек, Балқыған күй айналып бармақтары.
орынбай мен Кеншімбай, Кемпірбай, Шөже, өтіпті елдің ерке ардақтары.
Әріп, Абай, сал Біржан, ақын Сара, 520 Елімнің айна болған қаймақтары. Қуандық, ырысжан мен Әсет анау, Асыл сөз, сұлу әннің ырғақтары. Жанарыстан Ақтамқожа тыңла бір-ақ, Баласы—Ақжол сопы қойсаң құлақ. Ақжол сопының болыпты төрт баласы, Тарақты, Арғын менен Керей, уақ. Арғыннан ақын Қадан шежіреде Баласы—Дайырқожа бұған сұрақ.
Дайырқожадан Сүйіндік, Қарақожа, 530 Жүргіздім бұл туралы талай сынақ. Қарақожадан Мейрам сопы, Бәсентиін, Қара сопы, Кенже сопы дәлел шын-ақ.
Сүйіндіктен Шәржетім, Шақшақ дейді, Бәсентиіннен Әйтімбет, Бәйімбет емес жырақ. Мейрам сопының тағы бір бес баласы, Сарыарқа, Көкшетауды еткен тұрақ.
Қуандық, Сүйіндік пен Болатқожа,
Ерлері салдықпенен мінген тұрақ.
Бегендік, Шегендіктер енді екеуін, 540 Ағызған Есіл, Нұра балдан бұлақ. Атығай, Қарауыл мен Қанжығалы, Айтуға Тобықтыны қиынырақ.
Болатқожаның баласы Ақшатүйте, «Қаракесек» атанған неғып, шұнақ?
Майқы, Бошан, Бесқозы, үшәйбике, Қаз дауысты Қазыбек жанған шырақ.
Тағы да Жанарыстан Момынқожа, өнерге талаптандым қолды соза.
Момынқожадан Ақсопы саспа, тілім, 550 Шын айтпасаң, саған да үлкен жаза. Ақсопыдан туыпты өкіреш, Найман, Атағанға әруақ та болмас наза. Сармырза жалғыз екен Найман шалдан, Дәмі бітіп, ертерек болды қаза.
Жезетек жесір қалып желек асты, Найман шал балалардан болды жаза. Арғын өсіп, алты ауыл атаныпты, Найманнан көппіз дейді, содан оза.
Сексеннің сегізіне Найман келді, 560 Аңлып жүрді атасы сиген жерді.
«Әлде болса, бір бала береді» деп, Малын матап, бір қызды алып берді. Найман шал қалған күшін қызға жұмсап, Даусы шығып, сондықтан өкіреш дер-ді. Содан соң сол анамыз жүкті болып, Жезетек атасынан бір ұл көрді.
Есмырза ол балаға ат қойғызып, Ержеткен соң «ерім» деп берді төрді.
Сүгірші, Шуақ туып Жезетектен, 570 Есмырзаның екеуі соңына ерді.
Сүгіршіден Құрманай, Қытай ғана, Ерге шықты Есмырзаны тапқан ана. Қытайдың бел баласы Төлегетай, Шындығын көрсетейін жаппай жала. Қызананы әперді Есмырзаға, Келбұғы, Кетбұғымен туды жана. Жезетек Қызананы әперген соң, Қартайдым деп үлкендік етті пана.
Алатау асқан биік, бұл бір жота-ай,
580 Ар жағы Қалмақ, Қызай, қалың Қытай. Сарыжомарт, Ергенекті, Көкжарлы мен, Мекені Жайсаң, Сауыр, Тарбағатай. Төлегетайдың болыпты төрт баласы— Төртуыл, Қаракерей, Садыр, Матай. Найманның он екі ата саласы бар, Қарадым шежіреден, емес қата-ай.
Төртуыл ең үлкені—Қаракерей, Тараған ол кісіден ер мен егей.
Қаракерейден Ерторы, Байторы екен, 590 Сабыр қып, тыңдап отыр, пәлен демей. Ерторыдан туады Мұрын, Сыбан, Неше руға бөлінер содан бері-ей. Байторының баласы Байыс, Байсиық, Байжігіт пен Жанжігіт елдің көбі-ей. Барлығы қырық төрт болыс ел болыпты, Басқасына барады шама келмей.
Ер Қабанбай, Арқалық, Жәнібектер, Халық үшін құрбан болған алтын кен-ей.
Нарымбай Сыбандағы болған бұрын, 600 Сұрдай жылтыр айырмай өтті жұбын. Жанұзақ, Түбек пенен Ақтайлақ би, Айтамын көп әруақтың қайсыбірін. яһуда қатарынан озған екен,
6-83
Мұрынға құйған екен Құдай нұрын. Аяғы Сабырай мен ақын Әріп, Абайға Көкбайменен келген қырын.
Садырдан үш руға бөлінеді, Шаржетім, Тоң мен Шүйке көрінеді.
Шүйке менен Шаржетім тұра тұрсын, 610 Көңілім Тоңды айтуға желігеді.
Тоңнан туған Түгелбай шежіреде, Сөйлеуге ақын неге ерінеді. Жанатай—Түгелбайдың бел баласы, Жанатайға Бәйгеліс еріп еді.
Бәйгелістен Алдияр, Құдияр дер, Бұлардан Бұлан өсіп-өніп еді. Баласы Қанқожаға мұра қалды, Атасы ажал жетіп, өліп еді.
Бек келді дүниеге Қанқожадан, 620 Айнымас айтқанына берік еді. Бектің ұлы Бөлдекке жаңа келдім, Қай Садырдан мал басы кеміп еді. Жақанбай сол Бөлдектің баласы екен, Бар Садыр айтқанына көніп еді. Қалған Садыр ас беріп Жақамбайға, үш жүздің азаматы келіп еді. Шал мен Бармақ тағы да иманды екен, Айтқанына айнымай сеніп еді.
Араб пенен Сыйқымбай көл орнатып, 630 Талайлар ордасына еніп еді. Кім асты өз тұсында Базарбайдан, Тай сойып танымасқа беріп еді. Қашаған Құл ақынмен айтысқанда, Құлды не деп Қашаған жеңіп еді.
Матай деп аталады төрттің бірі, Батыр, шешен бәрі бар ірі-ірі.
Аталық ер Қаптағай және Кенже, Ашылсын жабық жатқан елдің сыры.
үш Матай деп айтады осы үшеуін, 640 Жөн сілтейін көрінсін елдің түрі. Аталықтан туады үш болат боп, Айтуға атын атап келді қыры. Кенжеден үмбет, Мәмбет—екеу екен, Көрерсің ел саласын жүрсең тірі. Қаптағайдың баласы—Жолдас, Қияс, Қаптағай ұран болған тудың нұры.
Аталықтан Құттыболат, Сүттіболат, Торқалы сауыт киген тоғыз қабат.
Құттыболаттың баласы—Көлбай, Тымбай 650 орнатқан аталыққа сән-салтанат. Қасаболат, Мұңайтпас, Ершиірбай, Ермеген тірлігінде еш жаманат. Бақ қонған шыр айналып Қанабекке, Бұларға паналаған көп азамат.
Біреуі—үш Матайдың Кенже болар, Баласы үмбет, Мәмбет қайда барар. Ақсудай арналы өзен, мекені бар, Айдынға қаз қаңқылдап, үйрек қонар.
үмбеттен ындыш пенен Тыбыш екен, 660 Ішінде Жалауқарт бар іске жарар. Мәмбеттен Шөпшіме мен Жәнебақы, үшінші—Темірболат, алсаң хабар. Темірболаттан Кеңқара, Тұрсын, Сақай, Байтілеу батыр өткен жанған панар. Басына Жиренқасқа ат шаптырып, Дұшпанынан досына олжа салар.
Ақ патшаның солдатын қойдай қырып,
Мүсәпір салған екен бір қансонар.
Кешегі Қашаған мен үпі қайда,
670 Бүгінде жан бар ма екен аузына алар.
ыбырайым, Қапланбек, шықты Шәріп, Арнайы көзге түсті топты жарып.
Асында Мырзақұлдың алдына алды, Тұлпардай Сарқызылды алып барып.
Тұрбай батыр атанған бір ағасы, Көрмеген құрбысының көңлі қалып. Жарады үш Матайдың ортасына, Жаралған жігіт еді қызыр шалып.
Қаптағайдың баласы—Жолдас, Қияс, 680 Тоқжайлау, Қарауыл, Жасық туғаны рас. Жолдастан Есенгелді, Теке—екеу, Текеден Көлдей, Жұмай атам, рас.
Жұмайдан Нартайлақ пен Назар екен, Сенбесең, білгендерден барып сұрашы. Көлдейден Құлжаман мен Есіркемес, Құттымбет пен Қытайға создым құлаш.
Жолдастың бір баласы Есенгелді, өзіңнен таратайын біраз елді.
Есенгелдіден—Жалаң мен Жарылқамыс, 690 Таппадым, іздестіріп сізге теңді. Жарылқамыстан—өрікбай, Сүйінбөлек, Жәдігер сізге ақын көңіл бөлді. Мұның бәрі Төртқара атанады, Ақтолыс анамыздың сүтін емді.
Жалаңға да қарайын көзді салып, Жалаңнан—Алакүшік, Асан, енді. Батыр, шешен, саңлақтың бәрі осында, Сауыт киіп, иығына таққан шенді.
Алакүшіктен Ақшора және Шаппа, 700 Сұрай келе бөлінер әрбір тапқа.
Асаннан алтау болып алшаңдаған, Белсеніп, сөз сөйлеген талай топқа. үш Жақсылық—Төртсары, Ақтілес, Тасыбай, Сарыдан Бөрібай шыққан атқан оққа. Бөрібайдан—Қыдырәлі, Құлшан, Елшен, Мініпті Қыдырәлі алтын таққа. үш қатын алған екен Қыдырәлі, осылардан табылар елдің нәні.
Таңсықтан Дөсет, Қосет, Ерқожа екен, 710 Бұларды айтпай тағы да болмас мәні. Дөсеттен Қалқабай мен және Бартай, Тәнеке Маманменен елдің сәні. үш Матайдың өркеші осы екеуі, Қараны қақ жаратын бопты ханы.
Келейін Қалқабайдың алты ұлына, Ту тіккен Баянжүрек алқымына.
Төріне үш Матайдың түрлі-түр боп, Күреңбел жұпар шашқан салқынына.
Маманның құт орнаған сабасының, 720 рулы ел қанбап па еді сарқынына.
Тәнеке он бес жаста билік айтып, Қарашы, бақытының артуына.
Есімбек пен Тұрысбек балалары, Дұшпанның жол бермеді тамтығына. Жаяуға ат, жалаңашқа киім болып, Қыдырдың қолы жеткен алтынына.
онан соң болған екен батыр Сыртан, Сауыт киіп, қолына найза тұтқан.
Алысып он бір болыс Матайменен 730 Түсіріп орнынан мысын құртқан.
Сексенбай, Дүбек, Артық, Шымыр, Дулат— Бәрі де батыр бопты жүрек жұтқан. Байкісі, Аязбай мен итжеместер Дұшпанын, ерегессе, жерге тыққан.
Қапсалаң, Жаманбала, Саршуаш би, өз тұсында тістескен жауын жыққан. Нұрламбітім, Әлімбай, Қозайыр, Былшық, Ішінде үш Матайдың ереже ұққан.
Қаптағай батыр, Шоңай бабам, Бөрібай— 740 осылардың атасы, даңқы шыққан.