Омар

Омар—Әбубәкір өлгеннен кейін (634 ж.) мұсылман қауымына басшылық жасаған екінші әділетті халиф, исламның алғашқы кезеңіндегі ірі дін қайраткерлерінің бірі. омар хазі рет Мұхаммед пен Әбубәкір Сыдықтан соң мұсылмандықты одан әрі насихаттап, оны араб елдерінен тысқары өлкелерде таратуға көп күш жұмсады. ол сондай-ақ мемлекеттегі шариғат жолының үлесін
күшейту мақсатында өзінің халиф лауазымына «Әмір әлмуминин» дәрежесін қосты. 638 жылы хазірет омардың сахабалары иерусалимді тізе бүктіріп, қаладағы қасиетті Сүлеймен храмының орнына намаз оқыды. VІІ ғасырдың аяқ шенінде үмийа халифы Әбд әл-Мәлік хазірет омар намаз оқыған жерге «Куббат ас-сахара» деп аталатын күмбез тұрғызды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *