Нұржанның шежіресі

Нұржанның шежіресі
Қаламды еріккенде қолға ұстарсың, Жалығып бір күн әлі-ақ сен тастарсың. Хал-қадір білгеніңше баян ойла, Ғибрат кейінгіге сөз боп қалсын.
Жақсымен сен бір кеще жанаспаған, Біліміңді салып топқа сынаспаған. Дәптерге бастан-аяқ таста жазып, ойласаң, қалды ғой деп мирас маған.
Жүйрік пе, мыңнан озып қыр аспаған, 10 Жігітке хал білдіріп, сыр ашпаған. Ертерек белгілеп қой әрбір жөнді, Жөн табар қараңғыда адаспаған.
өзіңді күйлеп, Нұржан, бағып қара, Бір үкі қырық та, басқа тағып қара. Жоқ па екен қалған жұрнақ ақырындап, Бұрышын қапшығының қағып қара.
Әуелі Алла, Адам сопы, Нұх нәби, Баяндап жад етемін білсем оны.
Неше түрлі қаншама халық болып, 20 Неше абзал нәрселердің өтті бәрі.
Пенденің Хақ жазғанға жөн шамасы, Келеді тамамдауға кім шамасы. Қырық тоғыз ата «Қисса әл-әнбие», Адам мен расулының екі арасы.
Хаққа құл, расулға үмбет әзалдан біз, Бір пазыл жаратылдық тозаңнан біз. Болмаса сахарада жүргеніміз, Арғы зат нәсіліміз—ғажамнанбыз.
Табылар оңай жерден талас деген, 30 өтірікті жарамайды рас деген. Пайғамбар расулымнан патиха алған, Нәсіліміз сахабадан Әнес деген.
Әнестен Жабыл туды, онан Мағыз, Мүсәніп болды халыққа айтып уағыз. Мағаздан Сәхил, Сәхилден туды Ақшолпан, Шежіре бірден-бірге қалған қағаз.
Алтыншы атаң Аққурай, туды Аламан, Мекен-жай отан етті сахарадан.
онан Алаш, Алаштан екі ұл туып,
40 Сегіз арыс түрікпен айрылды осы арадан.
Сейілхан Жайылханмен туды Алаштан, Түсірмес, келтірмесек сөзді алыстан. Сейілханның сегіз арыс түрікпен болып, Шаһар боп жата берді қозғалмастан.
Ал енді Жайылханнан Майқы туды, Біледі өзбек Сапиан неше суды. Біздің халық Сапианнан Сахара ұлы өзбек сарттан қазап шаһар болды.
196 шежірелік жыр-аңыздар

Айтпаспын түсінбестей сөзімді ұзақ, 50 Нәсіліміз келе жатыр болып таза-ақ. Сапианнан Айырқалпақ жалғыз туып, Мұнан туды екі бала—Қазақ, Созақ.
Созақтан Қарақалпақ бөлінеді, осылай шежіреден көрінеді. Ақарыс, Жанарыс пен Бекарыс деп, үш жүз деп бірге есім беріледі.
ұлы жүз Ақарыстан—Дулат, үйсін, Қанша жұрт ендігісін өзі білсін.
Кіші жүз Бекарыстан ең кенжесі, 60 Бөлініп өз жөнімен бұ да тұрсын.
Айрылды ұлы жүз бен Кіші жүз боп, осылай шежіреден қалды сөз боп.
Арғын, Қыпшақ, Керей, уақ, Найман, Қоңырат— Бөлініп кеттік, енді орта жүз боп.
Келтірдім ретіменен сөзді таза, Білген—білімінен қалмас қаза. орнына таратайын жөн-жөнімен, Туыпты Жанарыстан алты қожа.
үлкені Қарақожа, екіншісі—Ақтан, 70 Қаншама гүлдер өсті бұл дарақтан. Дәрмомын, Смағұл, Қасымқожа— Керей мен айрылмаймыз—біз уақтан.
Дәрмомын қожадан Қоңырат, Найман Ешкімнен өз жөнімді сұрамаймын. Смағұл, Қасымқожадан Керей, уақ, Бұл сөзде қате бар деп ойламаймын.
Қате болып білмесек, көп дүр қатер, Кез болды көңілден бір сөз қозғатар.
Ахтамұлы Қыпшақтан кеттім бастап, 80 Әркім өз атасын біле жатар.
Қыпшақтан туған бала Сүлім, Әліп,
Дабысы шықты ердің жерді жарып. Қырық шауып қысқа күнде қалмақ елін, Қатардан жолды алмаған кейін қалып.
Ақкөбік—мұнан соңғы бір атамыз, Шежіреден көргендерді таратамыз. Неше тайпа, неше ру ел боп кетті, Ендігі сөздің артын ұзатамыз.
Мұнан туған мүйізді—Абыз Сары, 90 Патихалы ер болған, Алла жары. Құлаң қытай Қара, Сары сопы туып, Түсіпті шілтендердің оң назары.
Қарадан Есім, Сейіт, туды Қобылан Жалғыз жүріп, кек алды сансыз қолдан. Сәруары сайыпқыран ер боп өтті, Құтылар уақыт жетсе, кім ажалдан.
Бұл Қобыланды дұшпандарын іліп өткен, Тірлігінде әрбір жөнді біліп өткен.
Бір өзінен он екі бала туып, 100 Тоқтар деген баласы ер боп өткен.
Бұлтың торы—көлденең, ұзын балық, өсіп-өніп келеді содан халық.
олжалаған ұл еншіліктері ел боп кетті, осы жерден былайғысы әркімге анық.
198 шежірелік жыр-аңыздар

Кім көппін дегендермен даулы Қыпшақ, Қоймаған бетіндегі жауды Қыпшақ.
Бір Тоқтардың баласы—бес таңбалы, Демей ме: «тоқсан екі баулы Қыпшақ».
Жігітке ата білген парыз деген,
110 Мойныңда жүрмесін қарыз деген.
Мекке мүкарамма, Шам жұртында, Бір шаһар әмма қыпшақ қарыз деген.
Жаңалық, сөз қоспаймын арасына, ығтиһад әркім қылар ағасына.
Қал-қадір білгенімше баян әйлап, Арғынның жаңа келдім баласына.
Қарадан Ақжол, Арғыннан жеті бала, Кәміл боп, әрқайсы да болған дана.
Ақарық, Сары, Қара, Момын, иман, Мейрам— 120 Көбейіп ел боп кеткен, неше сала.
Баласы Ақсопының Қанжығалы,
Арғынға түскен шілтен оң назары.
Арықтан—Бәсентиін, Сарыдан—Тобықты, Арғын, Келеді тізіп айтсақ, сөз ажары.
Балық та келе жатқан мақтаулы боп, Бақ кетпей, мал-бас, әслі мықты ауыл боп.
осы жерден неше тайпа ел боп кетті,
Қарадан—Қарауыл, Момыннан—Тоқтауыл боп.
иманнан—Тарақты еді алтын атаң, 130 Сөйлесем, емес едім сөзге татаң. Кенжесі Мейрам еді үлкен орын, осылай бөлінеді—бұл екі ортаң.
Бақ, дәулет басы өскен әрбір талай, Артықша сәулет берген, Жаппар Құдай. Мейрамның төрт баласы—төрт рулы ел, Кетеді бәйбіше боп мұнан былай.
Бикендік, Жикендікке жаңа келдік, Қуандық, Мырза, төртінші—би Сүйіндік.
үш жүздің баласы боп бас қосқанда:
140 Байлық, бақыт—осыларда һәм үлкендік.
Бос жүрмей білген жақсы ата-текті,
Дос көңіл, нар көтерер артқан жүкті. Мейрамның кіші қатыны Айнакөзден: осы жердегі қалың Арғын, екі Шекті.
Баяндап бергі жерін әркім білер, Елінде болса, қария белгілікті. Найман, Қоңырат, Керей, уақ қалдыменен Жазарлық бір сөз еді, бір керек-ті.
Мұны да сұрап-біліп, ескерермін,
150 Денсаулық, Алла берсе, тіршілікті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *