Мұхаммед (с.а.с.)

Мұхаммед—ең соңғы пайғамбар, ислам дінінің негізін салушы. Мұхаммед (с.а.с.) 570 жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Пайғамбардың әкесі Абдулла Мұхаммед өмірге келместен екі ай бұрын қайтыс болған. Ал анасы Әмина расул Алла алты жасқа толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) алғашында сүт анасы Халиманың, онан соң атасы Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс болған соң ағасы Әбутәліптің тәрбиесінде болған.
Алғашқы уахи хазірет Мұхаммед Меккеден үш шақырым жердегі Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні таң алдында рамазан айында түсті. Мұхаммед 610 жылдары 40 жасында Алланы, яғни бір Құдайға табынатын дін—исламды уағыздай бастайды.
Мұхаммед (с.а.с.) ислам дінін жария еткенде арабтардың басым көпшілігі пұтқа табынатын. олар ислам дініне қарсылық білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан б.д. 622 жылы Мұхаммед (с.а.с.) өзінің жақтастарымен бірге Меккеден Мәдина қаласына қоныс аударады. Бұл жыл ислам жыл санауының басы деп есептеледі. оның арабша атауы—«хижра», яғни «қоныс аудару» деген сөз. Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдина қаласында қайтыс болды.
Мұхаммед пайғамбардың «Мұстафа» (таза, нұрлы, сипатты), «расул» (елші), «Хабибулла» (Алланың сүйіктісі), «Сағидулла» (Алланың көмекшісі) т.б. эпитет есімдері бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *