Кіші жүз шежіресі
Шежіре тікелей Кіші жүз руларына арналған. Кіші жүздің арғы атасы Жанарыстан бастап, бергі ұсақ руларға дейін таратады. Жыр арасында ру атауларын қарасөзбен тізбектеп те тарататын тұстары бар. Сонымен қатар жыршы тарихи деректерге сүйене отырып, үш жүздің басы қосылып хан, би сайлаған оқиғаларды да сөз етеді. Шығармада ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы тарихи кезеңдер көркем суреттеліп, қазақтың Төле, Қазыбек, Әйтеке төбе билерінің халық алдындағы беделі мен көрегендік әрекеттері жан-жақты жырланады. Әйтеке бидің әділдігі мен шешендігі, данышпандығы айырықша дәріптеледі. Кейбір оқиғалар бөлімдерге бөлінген. ру атауларының әр түрлі, жаңсақ аталатын тұстары да жиі ұшырасады.
Мәтін қалың оқушы дәптеріне араб әрпімен жазылған қолжазбадан [оҒК:Қ.1118] өзгертусіз дайындалды. Алғаш рет жарияланып отыр.