Кіші жүздің саласы
үш жүзде кімдер өтті өнегелі, өнер мен өрнектеген дөдегені. Еншіні үш жүз болып үлескенде, ұлы жүз алған шаңырақ-керегені. Кіші жүз батырлыққа ие болып, Ақ алмас, өткір найза—егегені.
Ағаны—жал, ініні—құйрық қылып, орта жүз айтқан екен ережені.
Шақшақ Жәнібек, Тоқсан би—сөз иесі, 750 Қызыл тіл, қаусырма жақ—жебегені. Қаз дауысты Қазыбек өткен екен, Төле би бір ауыз сөз—демегені. Кіші жүзде Әйтекеге кім таласар, Түсінбеген айтты деп неменені. Әбілмансұр қазаққа хан болғанда, үш жүзді бақ-дәулетке бөлегені. Батыр десең Қабанбай, өтеген, Бекет, Сілтеген жауға қарсы селебені.
Саңқайбай, ер Құнанбай Мекке барып, 760 орнатқан мешіт салып терезені.
Ақын десең Абай мен Жамбыл, міні, Болжаған болашақтың көрегені. Құнанбайдың баласы Абай, міні, Білімнен бұлақ ағып шенегені. Ақындар айтылмаған толып жатыр, Қозының қойға ереді емегені. Тұрпаты тұлпар қандай білген жанға, Жабының жақындатпас тебегені.
Абай, Жамбыл қазаққа азық болып, 770 Алтынға таусылмайтын бөлегені. Қол артқан партияға бақытты өмір, өлімді тіріменен теңегені.
Бекарыс деп айтады Кіші жүзді, Ер тағы айтпай болмас және сізді. Арғымақтан Алау батыр, одан Алшын, Бір барып, татқан едім нан мен тұзды.
Алшынның үш баласы—бәрі қожа, Ақын деп халық баға берді бізді. Қыдырқожа болады үштің бірі, 780 Ерімбет жазған екен, салып ізді.
Қыдырқожаның үш Сиық балалары, ой атайын, тербетіп ұл мен қызды. үшеуінің үлкені—Сұлтансиық, Таймай басқан тұлпардай жалтыр мұзды.
Серкеш, Масқар әкесі Сұлтансиық, Кім екенін айтуға келді қиық. Алаша, Қызылқұрт пен Байбақты бар, Бұлардың біреуінен бірі биік.
Бұл бесеуі болады ағайынды, 790 Ел қорғап, ер атанған сауыт киіп. Қыдырсиықтан ысық пен Мысық екеу, үшсиық беті ашылмай қалмас тұйық.
Бақтысиық болады Алтын, Жаппас, Тоғызы тарап жатыр судан тұнық. Адай қыздан Таз, Беріш дейді, күңнен, Байұлы он екі ата, соған жуық.
Айтуы шежіренің дәл осылай, Әртүрлі болады екен мінез-құлық.
Қадірқожадан туады Қаракесек, 800 Бұл кісіге ұнайды, қалай десек?
Қаракесектің баласы—Әлім, Шөмен, Бар екен Байсарыда аздап өсек. Шөменнен Аспан, Бозғұл, Тоқа, Көнек, Жазылмас ақ қағазға жалған жетек.
Аққожа Байсарыдан жалғыз екен, өсекке ұшыраған ашық етек.
Әлімнен Жаманақ пен Қарамашақ, Ақманақ, Тоғалаққа жетпейді есеп.
Айнық пенен Ақкете—бәрі алтау, 810 Алты Әлім көрінеді кесек-кесек.
Сәдірқожа Тама мен дейді Табын, Кердері, Телеу, Керейт айтсам бәрін.
Жағалбайлы, тағы да рамадан, Сөйлейін Жетірудың барлық жағын. Тамадан Есенгелді, Шотқара—екеу, өмірдің кім байқайды өткен шағын.
Табыннан—Ағым, Тоғым, Шаңқан, Бозым, осылардан табасың елдің бағын.
Кердеріден—Жабағы, Жамбас, Құлтай, 820 Басқасының таппадым ешбір бабын.
Тәуке хан «Жетіру» деп ат қойыпты, ол кезде жаугершілік көп боп, шабын. Серкештен—Байбөрі мен Жаубөрілер, Айтайын Жолберліні, ұлықсат бер.
Жаубөрі Жолберлінің әкесі екен, Жолберліден Қалыбек, көзіңмен көр. Қалыбектен—Тоғантай, Құрман, Сейіт, Кішісі батыр екен Жансейіт ер.
Тоғантайдан өтеулі, Жәдігер бар, 830 Қойке менен Тыныман егізбен тел.
Құрмансейіттен Бәйсейіт, Жаманақ, Қойкелді мен Байтайлақ—бірталай ел.
Кенжесі Наурызбай—бәрі бесеу, Дулатқа батыр өткен, көңіліңді бөл. Ер Бөрібайдан Жансейіт бата алыпты, Берсе де қарамапты, алтын мен зер.
Қырық жігітпен Жансейіт кеткен ауып, Батырға мақсат емес, туылған жер.
Келейін Кіші жүздің хандарына, 840 Ел тоқтаған ереже шалдарына. Батыр, ақын—халықтың найза-айнасы, Дұшпанын келтірмесе маңдарына. Әбілқайыр орысқа құшақ жайып, Ел бөлінді осының салдарына.
Батыр Бекет таңылып көк арбаға, Патшалық құлақ салмай зарларына. Босанып көк арбадан Бекет батыр
Табағын тартпап па еді алдарына.
Нияздың ту сыртынан өтін жарып, 850 Кек алып жетпеп пе еді арманына.
Ал енді Жәңгір менен Тәуке хан Қараған бұларға да бірталай жан. он екі ата Байұлы, Әлім—алтау, Табын мен Танаға беріпті мән.
Қаратай да хан бопты өз тұсында, Басқасынан бұл кісі Адайға тән. Аяғы осылардың Баймұхамбет, өш болған исатайға атырмай таң.
Сол елде Сырым, Бекет, Ерназарға, 860 Батырлар ие болған намыс, арға. Көтібар, Есет пенен Атағазы орнатқан заманақыр пейлі тарға. Жанқожа сарт, патшаға қазық қақты, Қанағат етпеген соң қолда барға. Махамбет пен тағы да ер исатай Көнбеген, талқан қылып темір торға.
Шөмекей Шоқай менен Нұрбөбекке, Халық—дария, қалқыған—бұлар кеме.
Есбол, Сапақ, Досыке ел келесі, 870 Ақылды көпті көрген бопты көне. Маман мен Тілеуқабақ шабын көріп, Тап-тақыр ел жайлаған бопты төбе. иесі жоқ байлықтың керегі не, олжа ғып үлесіпті батыр, төре. Күндік жерден Бұқарбай көреді екен, Қырағылық, батырлық—өткір жебе. Байұлы, Әлім, Табын, Шоқтықтары, ойламаңдар, жазды деп мұны неге.
Шернияз, Әубәкір мен Балқы Базар, 880 Тыңлағын жырларына салған назар. Қарасақал Ерімбет, әнші Мұхит,
Молдалық, әншілікпен қолын созар.
Шораяқтың омары, Тұрмағамбет, Ақындары болды ма бұдан озар.
Балқы Базар бәрінен өктем екен Әубәкір де нұсқалы көп сөз жазар. Көп жасасаң, жасайсың бір-ақ ғасыр, Көгеріп көркейерсің, өмір тозар.
Шамамның келгенінше шолып өттім, 890 Көлемі Кіші жүздің осы болар.