Домалақ ана, Нұрила (1378-1456)—қазақ халқының әулие аналарының бірі. ұлы жүздегі көптеген ру-тайпалардың түпкі анасы. Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі, әкесінің аты—Әли Сылан, анасының есімі—Нұрбике. На ғаша атасы уәйіс хан Моғолстанның ханы болған. Атасы Мақтым Ағзамның қолында тәрбиеленген Нұрила 19 жасында Бәйдібек биге тұрмысқа шығады. өзінің ақылдылығы мен парасаттылығы арқасында елге сыйлы болған. Түрікпен Қара Хайдар даналығына тәнті болып «Диһнат мама» деп атаған. Парсыша «Әулие ана» деген мағына беретін бұл сөз бертін келе «Домалақ анаға» айналған. Десе де, «Домалақ ана» атының шы ғуы туралы басқа да аңыз-нұсқалар бар. Балабөген өзенінің жағасында намаз оқып тұрып қайтыс болғандықтан, сол жерге жерленеді.