Бағдат—1921 жылдан бері ирак мемлекетінің астанасы болып табылатын көне қала. ол Тигр өзенінің екі жағалауын бойлай салынған. Қаланы 762 жылы Халифа Мансұр салдырып, «Мадинат ас-Салам» («Бейбітшілік қаласы») деп атаған. Бағдат—орта ғасырларда араб әдебиеті мен мәдениетінің орталығы болған қалалардың бірі.