Байбекұлы Әйтеке би (1644-1700)—қазақтың атақты үш биінің бірі. Кіші жүз әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Тәуке хан құрған «Хан кеңесіне» Кіші жүз жұртының атынан мүше болып сайланған. «Жеті жарғының» өмірге келуіне айрықша еңбек сіңірді. Халық биді «айыр тілді Әйтеке» деп те атаған.