Арқа—Қазақстандағы аса ірі географиялық нысан. Бұл Сарыарқа деп те аталып, тұтас алғанда орталық Қазақтанды білдіреді. Шындығында, Арқа—орталық, Шығыс, Солтүстік Қазақстанды қамтитын үлкен аймақ. Арқа туралы тарихшы Құрбанғали Халидтің «Таварих-и Хамса-йи шархи» атты еңбегінде көп деректер бар. Әбілғазы Бахадүр «Түрікмен шежіресі» атты еңбегінде Арқа-Дешті-Қыпшақ деген үш сөзді бір топонимдік атау ретінде пайдаланған.