Азия—жер шарының ең үлкен бөлігі. Еуропамен қосылып, Еуразия құрлығын құрайды. Еуропамен арадағы шартты шекарасы орал тауының шығыс етегі, Жем өзені, Каспий теңізі, Кума-Маныч ойысы, Азов теңізі, Қара теңіз, Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі арқылы өтеді.