Адам әлейһисаламнан бері қарайғы ұрпақ, руларға дейінгі шежіре

Адам әлейһисаламнан бері қарайғы ұрпақ, руларға дейінгі шежіре

Жырда Адам атадан бастап кейінгі руларға дейінгі шежіре жырланады. Басқа шежірелерден айырмашылығы—адам, кісі есімдері мен ру атауларында біраз өзгешеліктер бар.

Бұл шежіре қолжазба қорына соңғы уақытта қосылған шежіре десек те болады. Шежірені жырлаушы орынбекұлы Бектұрсын 1941 жылы Қытай Халық республикасында Күнес облысы, Қарабура ауданы, Қызылтал ауылында дүниеге келген. Атасы Жолбарыс Самарқан қаласында діни мектепте оқыған. Және «Қиямет», «Кербаланың шөлі», «Салсал» т.б. дастандарды жатқа айтқан. Қазірде Қытай Халық республи касында тұрады.

осы кісінің Қазақстанға келген сапарында, атап айтқанда 2011 жылдың көктемінде жырды, жыршының өз аузынан тыңдап, жазып алу мүмкіндігі туды. Жыршы о.Бектұрсынұлы  М.о.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба бөлімінде болып, шежірені өз аузымен жырлап берді.

Қазірде жырлаушының өз қолтаңбасымен араб әрпімен жазылған жыр қорда сақтаулы [Әөи:Қ.1213].

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *