Адам ата

Адам ата—діни аңыздар бойынша, Алла Тағала топырақтан жасаған алғашқы адам. Балшық-мүсін ұзақ жылдар жан сыз тұрады. Ақырында Алла Тағала оған жан кіргізеді. Сонан соң Адамның қабырғасынан Хауаны жасайды. Алғашында екеуі періштелер қатарында болып, олардың арасында «беделді», «құрметті» орынды иемденеді. Періштелер Алланың жарлығы бойынша Адам мен Хауаға бас иіп, ғибадат етеді. Бірақ Ібіліс атты періште бұл жарлықты орындаудан бас тартады. Сол үшін Алла Тағала Ібілісті жұмақтан қуып жібереді.
осыған өкпелеген Ібіліс Адам ата мен Хауа анадан өш алудың жолын іздейді. Ақырында Ібіліс шайтанның сөзіне иланған олар алдауға түсіп, тыйым салынған жемісті жейді. осы күнәлары үшін Адам мен Хауа бейіштен аласталып, Көктен Жерге түсіріледі. олардан бүкіл адамзат тарайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *